Көшені қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 13 тамыздағы N 2005 қаулысы, Зырян ауданы мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы N 21/4-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 қыркүйекте N 3059 болып тіркелді

      Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2013 жылғы 17 маусымдағы шешімін қарай келе, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасына, 31-бабының  2-тармағынасәйкес, Зырян ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТI:
      1. Зырян қаласының Киров көшесi Академик Арықтай Қайыпов көшесi деп қайта аталсын.
      2. «Зырян ауданының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi аудан бюджетiн түзету кезiнде көшенi қайта атауға байланысты жұмыстарды орындауға қаражат қарастырсын.
      3. «Зырян қаласының әкім аппараты» мемлекеттiк мекемесi 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейiн көшенi қайта атау бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулы мен шешiмнің орындалуына бақылау Зырян ауданы әкiмiнiң орынбасары Қ.Ш. Ерембесовке және Зырян ауданы мәслихатының әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына (Р.Р.Карагужина) жүктелсiн.
      5. Осы қаулы мен шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Зырян ауданының әкімі

Сессия төрағасы



Е.Сәлімов


С. Мангулова



Зырян ауданының мәслихат хатшысы




Г.Денисова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады