РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағы 13) тармақшасы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасы, 20-бабы, "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі негізінде, жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп отырған халықтың әртүрлі топтарын қолдау және мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында, Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары және оларды қаржыландыру көздерi қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қатысушыларға еңбек ақы 2013 жылға көрсетілген ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде бекітілсін.
3. Ұйым басшыларына жұмыскерлердің жекелеген санаттарына (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге, 18 жасқа толмаған жұмыскерлерге) жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында жасау мүмкіндігін беру сонымен қатар тиісті санаттың еңбек жағдайы ерекшеліктерін есепке алу арқылы және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді нысандарын қолдану ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Т. Рақышеваға жүктелсін.
5. Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы "2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 648 (2012 жылдың 15 қаңтарында нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5-13-104 болып тіркелген, 2011 жылғы 18 қаңтарда аудандық "Арай-Луч" газетінің № 4 (7504) санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Р. Құрмамбаев |
Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 1208 қаулысымен бекітілген |
2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары
№ р/р | Ұйымдар аты | Қоғамдық жұмыс түрлері | Атқарылатын жұмыстар көлемі | Сұраныс (жарияланған қажеттілік) | Ұсыныс (бекітілген) | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 8 |
1. | "Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу; көркейту және көгалдандыру | Өңдеу, реттеу, тігу – аптасына 5 - 10 құжат; мекеменің аумағын жинастыру – аптасына 400 шаршы метр; гүл отырғызу және гүлзарларды суару - аптасына 200 шаршы метр | 3 | 3 | Жергілікті бюджет |
2. | "Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Тұрғындар санағын жүргізу жұмысына көмектесу; көгалдандыру және көркейту; салық жинауға көмектесу; жалғыз басты қарт адамдарға және мүгедектерге үй шаруашылығына көмектесу | Тұрғындардың 6526 жалпы адам санымен 6 ауыл, 1943 үй; аумақты жинастыру – айына 12 гектар; Сурка, Балғынды, Көктерек өзендерінің жағалауларын тазалау – жылына 2300 метр; арықтарды қардан, лайдан, қоқыстан тазарту – жылына 3000 метр; көшелер мен тратуарды қардан тазарту – 7000 шаршы метр; 5 ескерткіш маңайын тазалау – айына 500 - 800 шаршы метр; көшеттерді отырғызу және суару – 3000 тал; 1943 үйді аралау; 40 үйдің шатырын қардан тазарту; отын жару – бір жанұяға 2 текше метрден | 56 | 56 | Жергілікті бюджет |
3. | "Новохайрузовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Тұрғындар санағын жүргізу жұмысына көмектесу; салық жинауға көмектесу; көгалдандыру және көркейту; пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу | Тұрғындардың 1757 жалпы адам санымен 4 ауыл; 554 үйді аралау; аумақты жинастыру – айына 2400 шаршы метр; көшеттерді отырғызу және суару – 200 тал; 2 ескерткіш маңайын тазалау – айына 500 - 800 шаршы метр; аудандық стелла маңайын жинастыру – аптасына 400 шаршы метр; Васильевский айлағының маңайын тазалау – аптасына 500 шаршы метр; бас арнаны қардан тазарту – айына 400 - 500 шаршы метр; Шірікқайын өзенінің бойын, Березовка өзенінің және арықтардың жағалауын қардан, қоқыстан тазалау – айына 12000 метр; Новохайрузовка ауылы – аптасына 304 дана | 13 | 13 | Жергілікті бюджет |
4. | "Солоновка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Көгалдандыру және көркейту; салық жинауға көмектесу; пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу | Аумақты жинастыру – айына 3000 шаршы метр; 2 ескерткіш маңайын тазалау – аптасына 400 - 600 шаршы метр; көшеттерді отырғызу және суару – 200 тал; гүлзарларды суару – айына 600 шаршы метр; өзен және арықтардың жағалауын қардан, қоқыстан тазалау – айына 2 километр; 559 үйді аралау; Солоновка ауылы – аптасына 300 дана, Малонарымка ауылы – аптасына 250 дана | 12 | 12 | Жергілікті бюджет |
5. | "Новоберезовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Тұрғындар санағын жүргізу жұмысына көмектесу; көгалдандыру және көркейту; пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу | Тұрғындардың 2975 жалпы адам санымен 4 ауыл, 615 үй; аумақты жинастыру – айына 7 гектар; Новоберезовка ауылы – 2,5 километр; Майемер ауылы – 2 километр, Үштөбе ауылы – 1,5 километр Нарын өзенінің жағалауын қардан, лайдан, қоқыстан тазарту; көшеттерді отырғызу және суару – 200 тал; ескерткіш маңайын тазалау – аптасына 400-600 шаршы метр; Яры ауылы – аптасына 85 дана | 15 | 15 | Жергілікті бюджет |
6. | "Новополяковка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Тұрғындар санағын жүргізу жұмысына көмектесу; көгалдандыру және көркейту; жалғыз басты қарт адамдарға және мүгедектерге үй шаруашылығына көмектесу; пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу | Тұрғындардың 1089 жалпы адам санымен 5 ауыл, 328 үйді аралау; аумақты жинастыру – айына 4 гектар; көшеттерді отырғызу және суару – 100 тал; 2 ескерткіш маңайын тазалау – күніне 100-150 шаршы метр; 6 үйдің шатырын қардан тазарту; отын жару – бір жанұяға 2 текше метрден; аптасына Сенное ауылы – 98 дана, Огнева, Ульяновка ауылдары – 84 дана, Бесүй ауылы – 46 дана | 13 | 13 | Жергілікті бюджет |
7. | "Солдатово ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Тұрғындар санағын жүргізу жұмысына көмектесу; көгалдандыру және көркейту | Тұрғындардың 1023 жалпы адам санымен 1 ауыл, 231 үйді аралау; аумақты жинастыру – күніне 150 шаршы метр; көшеттерді отырғызу және суару – 300 тал; Нарын, Таловка өзендерінің бойын және арықтарды қардан, лайдан, қоқыстан тазарту – күніне 25 шаршы метр | 7 | 7 | Жергілікті бюджет |
8. | "Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Тұрғындар санағын жүргізуге көмектесу; көгалдандыру және көркейту; салық жинауға көмектесу; жалғыз басты қарт адамдарға және мүгедектерге үй шаруашылығына көмектесу; пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу | Тұрғындардың 5286 жалпы адам санымен 5 ауыл, 1450 үйді аралау; аумақты жинастыру – айына 15 гектар; көшеттерді отырғызу және суару – 600 тал; өзендердің бойын және арықтарды қардан, қоқыстан тазарту – айына 5 километр; 1450 үйді аралау; 10 үйдің шатырын қардан тазарту, отын жару – бір жанұяға 2 текше метрден; аптасына Жаңаүлгі ауылы- 97 дана, Қабырға ауылы – 97 дана, Моилды - 97 дана | 32 | 32 | Жергілікті бюджет |
9. | "Коробиха ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Тұрғындар санағын жүргізуге көмектесу; салық жинауға көмектесу; мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу; көгалдандыру және көркейту; пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу; хат-хабарларды тарату | Тұрғындардың 1413 жалпы адам санымен 3 ауыл, 358 үйді аралау; 358 үйді аралау; айына 150 құжатты реттеу, өңдеу, тігу; аумақты жинастыру – жылына 15 гектар; өзендердің, арықтардың көпір құбырын қоқыстан тазарту – 3 тонна; көшеттерді отырғызу және суару – 450 тал; арықтарды қоқыстан, лайдан тазарту – айына 1500 метр; Үшбұлақ ауылы- аптасына 89 дана; жылына 1330 құжат | 10 | 10 | Жергілікті бюджет |
10. | "Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Тұрғындар санағын жүргізу жұмысына көмектесу; көгалдандыру және көркейту; пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу | Тұрғындардың 1822 жалпы адам санымен 5 ауыл, 352 үйді аралау; орталық алаңды қоқыстан тазарту – айына 2 гектар; көшеттерді отырғызу және суару – 100 тал; ескерткіш маңайын тазалау – аптасына 653 шаршы метр; балалар алаңының аумағын тазалау – аптасына 673 шаршы метр; би алаңының аумағын тазарту – аптасына 286 шаршы метр; 11 құбырды қоқыстан тазарту; гүлзарларды отырғызу және суару – күніне 50 шаршы метр; аптасына Ақшарбақ ауылы- 56 дана; Бекалқа ауылы – 28 дана; Жазаба ауылы – 36 дана | 8 | 8 | Жергілікті бюджет |
11. | "Белқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Тұрғындар санағын жүргізу жұмысына көмектесу; көгалдандыру және көркейту; салық жинауға көмектесу; пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу | Тұрғындардың 1650 жалпы адам санымен 4 ауыл, 386 үйді аралау; аумақты жинастыру – айына 7 гектар; көшеттерді отырғызу және суару – 400 тал; өзендердің бойын қардан, лайдан, қоқыстан тазарту; Шомарт өзені – аптасына 800 метр, Ақтүе өзені – аптасына 250 метр; 386 үйді аралау; Өрнек ауылы - аптасына 58 дана | 13 | 13 | Жергілікті бюджет |
12. | "Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесі | Тұрғындар санағын жүргізу жұмысына көмектесу; көгалдандыру және көркейту; салық жинауға көмектесу; жалғыз басты қарт адамдарға және мүгедектерге үй шаруашылығына көмектесу; пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу | Тұрғындардың 2261 жалпы адам санымен 4 ауыл, 471 үйді аралау; аумақты жинастыру – айына 9 гектар; ескерткіш маңайын тазалау, гүлзарларды суару – аптасына 300-400 шаршы метр; Тихая өзенінің жағалауын лайдан, қоқыстан тазарту – 2 километр; көшеттерді отырғызу және суару – 500 тал; 471 үйді аралау; 6 үйдің шатырын қардан тазарту, отын жару – бір жанұяға 2 текше метрден; аптасына Ақмарал ауылы- 58 дана, Аққайнар ауылы – 356 дана | 13 | 13 | Жергілікті бюджет |
13. | "Жамбыл ауылдық округінің әкімі" мемлекеттік мекемесі | Тұрғындар санағын жүргізуге көмектесу; көгалдандыру және көркейту; жалғыз басты қарт адамдарға және мүгедектерге үй шаруашылығына көмектесу; пошталық хат-хабарларды жеткізуге көмектесу | Тұрғындардың 1120 жалпы адам санымен 5 ауыл, 320 үйді аралау; аумақты жинастыру – айына 3,5 гектар; көшеттерді отырғызу және суару – 400 тал; Бұқтырма және Ақбұлақ өзенінің жағалауын лайдан, қоқыстан тазарту – айына 1,5 километр; 10 үйдің шатырын қардан тазарту; отын жару – бір жанұяға 2 текше метрден; Шұбарағаш, Маралды ауылдары- аптасына 73 дана | 9 | 9 | Жергілікті бюджет |
14. | "Өрел ауылдық округінің әкімі" мемлекеттік мекемесі | Тұрғындар санағын жүргізуге көмектесу; көгалдандыру және көркейту; салық жинауға көмектесу; жалғыз басты қарт адамдарға және мүгедектерге үй шаруашылығына көмектесу | Тұрғындардың 2254 жалпы адам санымен 3 ауыл, 560 үйді аралау; аумақты қардан тазарту – айына 1900 шаршы метр; көшеттерді отырғызу және суару – 300 тал; бос ғимараттар мен үйлердің маңайын тазарту – аптасына 150-200 шаршы метр; арықтарды қоқыстан тазарту – айына 2,5 километр; гүлзарларды суару – аптасына 700 шаршы метр; 560 үйді аралау; 6 үйдің шатырын қардан тазарту, отын жару – бір жанұяға 2 текше метрден | 10 | 10 | Жергілікті бюджет |
15. | "Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ағымдағы және мұрағаттық құжаттарымен жұмыс істеу; әлеуметтік жәрдемақы алушылардың іс-құжаттарын құру, тігу; жұмыссыздардың іс-құжаттарын құру | Өңдеу, реттеу, тігу – айына 200-300 құжат; аптасына 10-20 іс; жылына 300-400 құжат | 5 | 5 | Жергілікті бюджет |
16. | "Катонқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және кұрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу; хат-хабарларды жеткізу | Өңдеу, реттеу, тігу – айына 50-60 құжат; аптасына 5-7 құжат | 2 | 2 | Жергілікті бюджет |
17. | "Катонқарағай ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу; хат-хабарларды жеткізу | Өңдеу, реттеу, тігу – аптасына 8-10 құжат; аптасына 3-5 құжат | 2 | 2 | Жергілікті бюджет |
18. | "Шығыс Қазақстан облысының статистика департаменті Катонқарағай аудандық статистика басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша) | Үй-жайларды жинастыру; құжаттарды тасымалдау; мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу | Аптасына 50 шаршы метр; аптасына – 3-5 құжат; өңдеу, реттеу, тігу – аптасына 5-6 құжат | 2 | 2 | Жергілікті бюджет |
19. | Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Катонқарағай ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша) | Мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеу; мәтіндерді қалпына келтіруге | Өңдеу, реттеу, тігу – аптасына 5-6 құжат; аптасына 8 бет | 2 | 2 | Жергілікті бюджет |
20. | "ҚазақстанРеспубликасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Катонқарағай аудандық әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша) | Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу; хат-хабарларды жеткізу | Өңдеу, реттеу, тігу – аптасына 8-10 құжат; аптасына 5-6 құжат | 4 | 4 | Жергілікті бюджет |
21. | "Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Тіркеу жұмыстарына көмектесу; көктемгі және күзгі шақырылым кезіндегі жұмыстарға көмектесу | Тіркеу кезінде 70 хабарлама жеткізу; 400 шақырылушының құжаттарын реттеу және тігу; мекемелерге хат-хабар тасымалдау (қаңтар-наурыз) – айына 20 - 40 құжат; 600 шақыру қағазын тарату; шақырылушылардың 1200 құжаттарын реттеу және тігу | 2 | 2 | Жергілікті бюджет |
22. | "Катонқарағай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Үй-жайларды жинастыру; хат-хабарларды жеткізу; ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу | Аптасына 69,3 шаршы метр, аптасына 5 - 10 құжат; өңдеу,құру, тігу- аптасына 8 - 10 құжат | 2 | 2 | Жергілікті бюджет |
23. | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот актілерін орындау комитеті Шығыс Қазақстан облысының сот актілерін орындау департаментінің Үлкен Нарын аумақтық бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша) | Құжаттар мен хабарламаларды тасымалдау; үй-жайларды жинастыру; ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу | Аптасына 10 - 25 құжат; аптасына 63,0 шаршы метр; өңдеу, реттеу, тігу – аптасына 10-25 құжат | 4 | 4 | Жергілікті бюджет |
24. | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот актілерін орындау комитеті Шығыс Қазақстан облысының сот актілерін орындау департаментінің Катонқарағай аумақтық бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша) | Құжаттар мен хабарламаларды тасымалдау; ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу | Аптасына 10 - 15 құжат; өңдеу, реттеу, тігу – аптасына 15 - 20 құжат | 2 | 2 | Жергілікті бюджет |
25. | "Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотында сот істерін жүргізу департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот аппараты) Шығыс Қазақстан облысының сот кеңсесі" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша) | Іс-жүргізуге көмектесу; хат-хабарларды тасымалдау; сотқа шақыру қағаздарын тасымалдау | Аптасына 5-6 құжат тігу; Аптасына 30 - 50 құжат; айына 50 - 70 құжат | 4 | 4 | Жергілікті бюджет |
26. | "Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу; хат-хабарларды жеткізу | Өңдеу, реттеу, тігу – аптасына 3 - 5 құжат; аптасына 10 - 15 құжат | 2 | 2 | Жергілікті бюджет |
27. | "Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық Департаменті Катонқарағай ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша) | Салықтық хабарламаларды тіркеуге көмектесу; хабарламаларды жеткізу; ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу | Аптасына 50 - 60 құжат; аптасына 50 - 80 құжат; өңдеу, реттеу, тігу – айына 10 - 15 құжат | 2 | 2 | Жергілікті бюджет |
28. | "Катонқарағай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмыстарға көмектесу; хат-хабарларды жеткізу | Өңдеу, реттеу, тігу – аптасына 5 - 6 құжат; аптасына 3 - 5 құжат | 2 | 2 | Жергілікті бюджет |
29 | "Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмыстарға көмектесу; хат-хабарларды жеткізу | Өңдеу, реттеу, тігу – аптасына 8 - 10 құжат; аптасына 3 - 5 құжат | 2 | 2 | Жергілікті бюджет |
30. | "Катонқарағай ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша) | Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмыстарға көмектесу; хат-хабарларды жеткізу | Өңдеу, реттеу, тігу – айына 15 - 20 құжат; аптасына 4 - 5 құжат | 5 | 5 | Жергілікті бюджет |
31. | "Новоберезовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Көгалдандыру және көркейту жұмыстарына көмектесу | Аумақты жинастыру – аптасына 400 - 600 шаршы метр; қоқыстарды тиеп шығару – айына 25 тонна | 2 | 2 | Жергілікті бюджет |
| Барлығы: | | | 260 | 260 | |
Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі ас үзілісі 1 сағат,. еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен жұмыс беруші қамтамасыз етеді.
Ақылы қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы жеке еңбек шарты негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және жасалған жұмыстың көлеміне, сапасына және күрделілігіне байланысты және жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген нақты жұмыс істеген уақытына байланысты жұмыссыздардың жеке шоттарына аударылады., зейнетақы және әлеуметтік аударылымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Жұмысшылардың жекелеген санаттары үшін (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, көп балалы аналар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған тұлғалар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалатын еңбек шартымен қарастырылады.
Аудан әкімі аппаратының басшысы | Д. Алдажаров |