Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 16.02.2015 N 99 қаулысымен.
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негiзгi жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін: аумақтарды абаттандыру және тазалау.
3. Әскери қызметшiлерге, елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге, жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалмайды.
4. Ақсай қаласының әкімі және ауылдық округтер әкімдері "Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) келісімімен объектілердің тізімдері сотқа тоқсан сайын ұсынылсын.
Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 23.10.2014 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Агелеуовке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы А. Сафималиев