Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 16.02.2015 N 99 қаулысымен.
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне, 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 106 "Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегі жазаға сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерiн белгiлеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3251 тіркелген, 2013 жылғы 16 мамырда "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ақсай қаласының әкімі және ауылдық округтер әкімдері "Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) келісімімен объектілердің тізімдері сотқа тоқсан сайын ұсынылсын.".
2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (А. Дарисов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Сафималиевке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі М. Тусупкалиев
"КЕЛІСІЛДІ"
БатысҚазақстан облысы бойынша
Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
Бөрлі ауданы қылмыстық-атқару
инспекциясы бөлімінің бастығы
Мазгутов Ринат Баязитович
_____________
23.10.2014 ж.