Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 16.02.2015 N 99 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Заңына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес, Бөрлі ауданында 2013 жылғы өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсiн.
2. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ж. Каналинге жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi
міндетін атқарушы А. Агелеуов
Бөрлі ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 20 мамыр № 375
қаулысына
қосымша
Бөрлі ауданында 2013 жылғы
өсімдік шаруашылындағы міндетті
сақтандыруға жататын өсімдік
шаруашылығы өнімінің түрлері
бойынша егіс жұмыстарының
басталуы мен аяқталуының
оңтайлы мерзімдері
№ |
Өсімдік шаруашылығының өнімдерінің түрлері |
Бірінші табиғи-климаттық аймақта (құрғақшылық-далалық) егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері |
|
басталуы |
аяқталуы |
||
1. |
Күздік бидай |
2013 жылғы 25 тамыз |
2013 жылғы 20 қыркүйек |