Білім саласындағы мемлекеттiк қызмет регламенттерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 45 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінде 2013 жылғы 11 сәуірде № 3244 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 20.05.2013 № 91 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған білім саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттері бекітілсін:
      1) "Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк қызмет регламенті;
      2) "Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттiк қызмет регламенті;
      3) "Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызмет регламенті;
      4) "Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттiк қызмет регламенті;
      5) "Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне керi тегiн тасымалдауды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау" мемлекеттiк қызмет регламенті;
      6) "Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызмет регламенті;
      7) "Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк қызмет регламенті;
      8) "Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау" мемлекеттiк қызмет регламенті;
      9) "Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттiк қызмет регламенті.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. С. Қарашинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Б. Есенғалиев

2013 жылғы 1 наурыздағы № 45
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарына денсаулығына
байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын
балаларды үйде жеке тегін оқытуды
ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес дайындалды.
      2. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдары (бұдан әрі – білім беретін ұйым) көрсетеді.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен, "Арнаулы білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 100 қаулысымен, "Стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру, оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 974 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет Стандарттың (бұдан әрі - Стандарт) негізінде реттеледі.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтында орналастырылады.
      6. Аталған қызмет денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе үнемі білім беру ұйымдарына бару мүмкіндігі жоқ жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) ұсынылады.
      7. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны білім беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету мемлекеттік қызмет алушының Стандарттың 11 тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу және жедел рәсімдеу қарастырылмаған.
      11. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымының ғимаратында жүзеге асырылады. Қызмет көрсетілетін бөлме көлемі, орналасуы және сырт пішіні жағынан сапалы қызметтерді ұсыну талаптарына сай келеді. Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы жағдай жасау үшін бөлме креслолармен және орындықтармен жабдықталған.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету
үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара
iс-қимыл) тәртiбiн сипаттау

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушының Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды ұсынады.
      13. Стандарттың 16 тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      14. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламентке 2 қосымшада берілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарына денсаулығына
байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын
балаларды үйде жеке тегін оқытуды
ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің)
орындау мерзімін көрсете отырып,
әр құрылымдық-функционалдық бірліктер
(бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік әрекеттерінің
(рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен
реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ іс-әрекет (жұмыс барысы, ағыны)

Білім беру ұйымының басшысы

№ 1 іс-әрекет

Тиісті құжаттарды қабылдау. Алу күні көрсетілген тізімдеме беру.

№ 2 іс-әрекет

Білім беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Мемлекеттік қызметті көрсету мемлекеттік қызмет алушының Стандарттың 11 тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні.

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарына денсаулығына
байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын
балаларды үйде жеке тегін оқытуды
ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісінде әкімшілік әрекеттердің
логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін сызба

2013 жылғы 1 наурыздағы № 45
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Білім туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес дайындалды.
      2. "Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары (бұдан әрі — білім беру ұйымдары) көрсетеді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына және "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген "Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет Стандарттың негізінде жүзеге асырылады (бұдан әрі — Стандарт).
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымының веб-сайтында орналастырылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 20 минуттан аспайды;
      2) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
      11. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымдарында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күту залы, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жабдықталған құжаттарды толтыруға арналған орын). Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметті кедергісіз алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін ғимараттарда арнайы жабдықталған пандус қарастырылады.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісіндегі іс-әрекет (өзара
іс-қимыл) тәртібін сипаттау

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды ұсынады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға қолхат беріледі, онда:
      1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;
      2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) ұсынылған құжаттардың атаулары және саны;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      5) құжаттардың рәсімдеуге өтінішті қабылдаған білім беру ұйымы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты;
      6) мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты, байланыс деректері.
      14. Стандарттың 16 тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      15. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламентке 2 қосымшада берілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Білім туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің)
орындау мерзімін көрсете отырып,
әр құрылымдық-функционалдық бірліктер
(бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік әрекеттерінің
(рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен
реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ іс-әрекет (жұмыс ағыны, барысы)

ҚФБ-1
Білім беру ұйымының қызметкері

ҚФБ-2
Білім беру ұйымының басшысы

№ 1 іс-әрекет

Тиісті құжаттарды қабылдау Барлық құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру

№ 1 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларын қарау және білім беру ұйымының қызметкеріне жіберу

№ 2 іс-әрекет

Білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын дайындау және білім беру ұйымының басшысына жіберу

№ 3 іс-әрекет

Білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын беру

Мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен
бастап – 20 минуттан аспайды;
2) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде.

"Білім туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісінде әкімшілік әрекеттердің
логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін сызба

2013 жылғы 1 наурыздағы № 45
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім берудің жалпы білім беретін
бағдарламалары бойынша оқыту үшін
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан
білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан
әрі - Регламент) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес дайындалды.
      2. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары (бұдан
әрі — білім беру ұйымдары) көрсетеді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен, "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қаулысымен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет Стандартымен (бұдан әрі - Стандарт) реттеледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz. ресми сайтында орналастырылады.
      6. Аталған қызмет Қазақстан Республикасының 7-18 жастағы азаматтарына (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті алушыға берілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны білім беру ұйымдарының жалпы орта білім беретін ұйымдарға оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушылар қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап бір жұмыс күнін құрайды;
      1) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берілген күні (тіркеу кезінде) сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күту уақыты – 30 минут;
      2) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берілген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақыты – 30 минуттан аспауы керек.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің соңғы нәтижесін (білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы бұйрық) алу мерзімі – 3 айдан аспауы керек, себебі оқуға қабылдау туралы бұйрық барлық білім алушылар үшін ортақ болып табылады.
      9. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ұйымдарға құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет барлық санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін болып табылады.
      10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу және жеделдетіп ресімдеу қарастырылмаған.
      11. Мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша және аталған білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағын (шағын аудан) есепке ала отырып, білім беру ұйымдарында көрсетіледі. Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы болуы үшін ғимарат креслолармен және орындықтармен жабдықталған.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету
үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара
iс-қимыл) тәртiбiн сипаттау

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды ұсынады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға қажет құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) өтінішті қабылдау нөмірі және уақыты;
      2) құжаттардың саны мен атауы;
      3) құжаттарды қабылдаушы жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты.
      14. Стандарттың 16 тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      15. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламентке 2 қосымшада берілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім берудің жалпы білім беретін
бағдарламалары бойынша оқыту үшін
ведомостволық бағыныстылығына
қарамастан білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің)
орындау мерзімін көрсете отырып,
әр құрылымдық-функционалдық бірліктер
(бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік әрекеттерінің
(рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен
реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ іс-әрекет (жұмыс ағыны, барысы)

ҚФБ-1
Білім беру ұйымының қызметкері

ҚФБ-2
Білім беру ұйымының басшысы

№ 1 іс-әрекет

Тиісті құжаттарды қабылдау. Құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру

№ 1 іс-әрекет

Білім беру ұйымдарының жалпы орта білім беретін ұйымдарға оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушылар қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап бір жұмыс күнін құрайды;
1) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берілген күні (тіркеу кезінде) сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күту уақыты – 30 минут;
2) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берілген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақыты – 30 минуттан аспауы керек.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің соңғы нәтижесін (білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы бұйрық) алу
мерзімі – 3 айдан аспауы керек, себебі оқуға қабылдау туралы бұйрық барлық білім алушылар үшін ортақ болып табылады.

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім берудің жалпы білім беретін
бағдарламалары бойынша оқыту үшін
ведомостволық бағыныстылығына
қарамастан білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісінде әкімшілік әрекеттердің
логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін сызба

2013 жылғы 1 наурыздағы № 45
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Жетімдерді, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтік қамсыздандыруға
арналған құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес дайындалды.
      2. "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Жәнібек аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттiк мекемесi көрсетедi (бұдан әрi – уәкілетті орган).
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет Стандартына
(бұдан әрі - Стандарт) негізінде жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік қызмет стандарты туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында www.bala-kkk.kz, уәкілетті органдардың орын-жайларында орналасқан стенділерде орналасады.
      Уәкілетті органның мекен-жайы: Индекс 090500, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ықсанов көшесі, 93, телефон 8(71135)21474.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан
әрі – мемлекеттік қызметті алушы).
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) беру не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күнді (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
      2) өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күту уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды;
      3) өтiнiш берген күнi сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетiлетiн қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
      11. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның ғимараттарында көрсетіледі. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стенділермен жарақталады). Ғимараттар дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісіндегі іс-әрекет (өзара
іс-қимыл) тәртібін сипаттау

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды ұсынады.
      13. Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат беріледі, онда мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетіледі.
      14. Анықтама мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен беріледі.
      Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде бармаған жағдайларда уәкілетті орган дайын анықтамалар мен қаралған құжаттардың екі ай сақталуын жүзеге асырады.
      15. Стандарттың 16 тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      16. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламентке 2 қосымшада берілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Жетімдерді, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтік қамсыздандыруға
арналған құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің)
орындау мерзімін көрсете отырып,
әр құрылымдық-функционалдық бірліктер
(бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік әрекеттерінің
(рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен
реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ іс-әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

Уәкілетті орган

№ 1 іс-әрекет

Тиісті құжаттарды қабылдау. Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат беріледі, онда мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетіледі.

№ 2 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өткізу

№ 3 іс-әрекет

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын беру

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күнді (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
2) өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күту уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды;
3) өтiнiш берген күнi сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетiлетiн қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды.

Жетімдерді, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтік қамсыздандыруға
арналған құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісінде әкімшілік әрекеттердің
логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін сызба

2013 жылғы 1 наурыздағы № 45
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы білім беру
ұйымдарына және үйлеріне кері тегін
тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi - Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес жасалған.
      2. "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы ауылдық округ әкімі аппараттарымен көрсетiледi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган).
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" № 1119 қаулысына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрi - Стандарт).
      5. Мемлекеттiк қызмет тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында және уәкiлеттi органның стендiлерiнде орналастырылады.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нәтижесі ретінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтама қағаз жеткiзгiште беру (бұдан әрi – анықтама) немесе қызметті көрсетуді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетiледi.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін жүгіну 5 жұмыс күнін құрайды;
      2) мемлекеттік қызметті алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Уәкілетті органның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, мемлекеттік қызмет оқу жылы бойы көрсетіледі.
      Уәкілетті органның мекен-жайлары осы регламенттің 1 қосымшасына сәйкес көрсетілген.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдай қарастырылған уәкілетті органдардың ғимараттарында көрсетіледі. Күту залдары толтырылған бланктердің үлгілері бар ақпараттық стенділермен жарақталған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісіндегі іс-әрекет (өзара
іс-қимыл) тәртібін сипаттау

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды тапсырады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті алу мерзімі мен нөмірі, құжаттарды қабылдап алған уәкілетті органның қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, қызметті алу мерзімі көрсетіліп қолхат беріледі.
      14. Стандарттың 16 тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) уәкілетті органның қызметкері;
      2) уәкілетті органның басшысы.
      16. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 2 қосымшада көрсетілген.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламентке 3 қосымшада берілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы білім беру
ұйымдарына және үйлеріне тегін
тасымалдауды ұсыну үшін
құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Уәкілетті органның мекен-жайлары

№ р/с

Атауы

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

"Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090500, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ. Қараш көшесі, 8

871135-21-333
871135-21-834

2

"Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090501, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы, Абай көшесі, 10

871135-26-977
871135-26-974

3

"Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090503, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы, Ж. Қаракұлов көшесі, 20

871135-30-100
871135-30-124

4

"Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090507, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жасқайрат ауылы, И. Тайманов көшесі, 31

871135-25-175
871135-25-192

5

"Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090506, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Қамысты ауылы, Ю. Гагарин көшесі, 31

871135-24-195
871135-24-101

6

"Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Тау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090505, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Тау ауылы, Абай көшесі, 1

871135-24-373
871135-26-166

7

"Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Талов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090504, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Талов ауылы, Школьная көшесі, 40

871135-30-245
871135-30-244

8

"Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090508, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылы, Телагисов көшесі, 1

871135-26-285
871135-25-327

9

"Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090502, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Борсы ауылы, Советская көшесі, 8

871135-30-357
871135-30-356

"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы білім беру
ұйымдарына және үйлеріне тегін
тасымалдауды ұсыну үшін
құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің)
орындау мерзімін көрсете отырып,
әр құрылымдық-функционалдық бірліктер
(бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік әрекеттерінің
(рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен
реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ іс-әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ-1
Уәкілетті органның қызметкері

ҚФБ-2
Уәкілетті органның басшысы

№ 1 іс-әрекет

Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және қолхат береді

№ 1 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларын қарайды және уәкілетті органның қызметкеріне жіберу

№ 2 іс-әрекет

Анықтаманы немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты уәкілетті органның басшысына жіберу және дайындау

№ 3 іс-әрекет

Анықтаманы немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді жауапты беру

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін жүгіну 5 жұмыс күнін құрайды;
2) мемлекеттік қызметті алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.

"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы білім беру
ұйымдарына және үйлеріне тегін
тасымалдауды ұсыну үшін
құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
3 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісінде әкімшілік әрекеттердің
логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін сызба

2012 жылғы 1 наурыздағы № 45
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Балаларға қосымша білім беру бойынша
қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар
қабылдау және оқуға қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес дайындалды.
      2. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) жергілікті атқарушы органдар белгілейтін мемлекеттік білім беру тапсырыстары есебінен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындар болып табылатын балаларға қосымша білім беру ұйымдарында көрсетіледі (бұдан әрі - қосымша білім беру ұйымдары ).
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет стандарты сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі – Стандарт).
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат балаларға қосымша білім беру ұйымдарында орналастырылған стендтерде, сондай-ақ, білім бөлімдерінің ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.
      6. Мемлекеттік қызмет 3 жастан 18 жасқа дейінгі жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі қосымша білім беру ұйымына баланың заңды өкілі мен балаларға қосымша білім беру ұйымдарының арасында жасалған шарт негізінде қабылданғаны туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті қарастыру 3 жұмыс күнін құрайды (балалардың музыкалық, көркемөнер, шығармашылық және спорт мектептері үшін 15 жұмыс күні);
      2) мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызметті алу үшін күту (тіркелу кезінде) уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
      3) мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
      9. Мемлекеттік қызметті алушы жеке өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызметті өтініш түскеннен бастап 3 жұмыс күні ішінде балаларға қосымша білім беру ұйымдары жұмыстарының белгіленген кестесіне сәйкес жауапты тұлға жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу және қызметті жедел ресімдеу қарастырылмаған.
      11. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсету жағдайлары қарастырылған балаларға қосымша білім беру ұйымдарының ғимараттарында көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісіндегі іс-әрекет (өзара
іс-қимыл) тәртібін сипаттау

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды ұсынады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті алу мерзімі мен нөмірі, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты, қызметті алу мерзімі көрсетіліп қолхат беріледі.
      14. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы ақпаратты алу үшін мемлекеттік қызметті алушы өтініш түскеннен кейін 3 жұмыс күні өткен соң бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жауапты тұлғаға жеке өзі баруы тиіс.
      15. Мемлекеттік қызметті алушының Стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
      16. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламентке 2 қосымшада берілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Балаларға қосымша білім беру
бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау
және оқуға қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің)
орындау мерзімін көрсете отырып,
әр құрылымдық-функционалдық бірліктер
(бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік әрекеттерінің
(рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен
реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ іс-әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

Қосымша білім беру ұйымының жауапты тұлға

№ 1 іс-әрекет

Тиісті құжаттарды қабылдау, қолхат беру

№ 2 іс-әрекет

Қосымша білім беру ұйымына баланың заңды өкілі мен балаларға қосымша білім беру ұйымдарының арасында жасалған шарт негізінде қабылданғаны туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті қарастыру 3 жұмыс күнін құрайды (балалардың музыкалық, көркемөнер, шығармашылық және спорт мектептері үшін 15 жұмыс күні);
2) мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызметті алу үшін күту (тіркелу кезінде) уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
3) мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.

"Балаларға қосымша білім беру
бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау
және оқуға қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісінде әкімшілік әрекеттердің
логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін сызба

2013 жылғы 1 наурыздағы № 45
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Аз қамтылған отбасы балаларының
қала сыртындағы және мектеп
жанындағы лагерьлерде демалуы
үшін құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес дайындалды.
      2. "Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Жәнібек аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) және республиканың білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымы) көрсетеді.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген "Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет Стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде сәйкес көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымдарындағы стендтерде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.
      Уәкілетті органның мекен-жайы: Индекс 090500, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, көшесі, Ықсанов көшесі, 93, телефон 8(71135)21474.
      6. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымдарындағы күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілерге (бұдан
әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
      7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он күнді құрайды;
      2) мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызметті алғанға дейін күтетін (тіркелу кезінде) барынша шекті уақыт – 30 минуттан аспайды.
      3) мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызмет көрсететін барынша шекті
уақыт – 30 минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызмет жергілікті және республикалық бюджет есебінен тегін көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және қызметті жедел ресімдеусіз уәкілетті орган мен білім беру ұйымдарының бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.
      11. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған уәкілетті органның және білім беру ұйымдарының ғимараттарында көрсетіледі.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету
үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара
iс-қимыл) тәртiбiн сипаттау

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды ұсынады.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар тізбесі уәкілетті орган мен білім беру ұйымындағы мемлекеттік қызметті ұсынуға жауапты тұлғаға тапсырылады.
      14. Уәкілетті орган және білім беру ұйымы барлық қажетті құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:
      1) өтінішті қабылдау нөмірі мен күні;
      2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса тіркелген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орыны;
      5) құжаттарды ресімдеу үшін өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері.
      15. Мемлекеттік қызметті мемлекеттік қызметті алушыға жеткізу мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) өзі келген жағдайда жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттік қызметті алушының Стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық тапсырмауы, сондай-ақ, қызметті ұсыну үшін белгіленген тұлғалар санаттарына сай келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
      17. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламентке 2 қосымшада берілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Аз қамтылған отбасы балаларының
қала сыртындағы және мектеп
жанындағы лагерьлерде демалуы
үшін құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің)
орындау мерзімін көрсете отырып,
әр құрылымдық-функционалдық бірліктер
(бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік әрекеттерінің
(рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен
реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ іс-әрекет (жұмыс барысы, ағыны)

ҚФБ-1
Уәкілетті орган мен білім беру ұйымының жауапты тұлғасы

ҚФБ-2
Уәкілетті орган мен білім беру ұйымының басшысы

№ 1 іс-әрекет

Тиісті құжаттарды қабылдау, қолхат беру

№ 1 іс-әрекет

Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он күнді құрайды;
2) мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызметті алғанға дейін күтетін (тіркелу кезінде) барынша шекті уақыт – 30 минуттан аспайды.
3) мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызмет көрсететін барынша шекті уақыт – 30 минуттан аспайды.

"Аз қамтылған отбасы балаларының
қала сыртындағы және мектеп
жанындағы лагерьлерде демалуы
үшін құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісінде әкімшілік әрекеттердің
логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін сызба

2013 жылғы 1 наурыздағы № 45
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Жалпы білім беретін мектептерде
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды
ұсыну үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан
әрі - Регламент) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес дайындалды.
      2. "Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Жәнібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi көрсетедi.
      Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған аудандық жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы жалпы білім беретін мектептердің (бұдан әрi – жалпы білім беретін мектеп) ғимараттарында көрсетіледі.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік мекемелердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілерге (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы):
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
      2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;
      3) отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
      4) төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға;
      5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалық органдары айқындайтын өзге де санаттағы балаларға көрсетіледі.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет аяқталу нәтижесі жалпы білім беретін мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы қағаз түрінде бере отырып, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін ыстық тамақ беру немесе қызметті көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру бес жұмыс күнін (өтініш түскен мерзімінен бастап бес күн ішінде) құрайды;
      2) мемлекеттік қызмет алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің барынша шекті уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызмет алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің барынша шекті уақыты – 30 минуттан аспайды;
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен, оқу жылы бойы көрсетіледі. Алдын ала жазылу және жедел ресімдеу қарастырылмаған.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісіндегі іс-әрекет (өзара
іс-қимыл) тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды ұсынады.
      11. Стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттар аталған қызметті көрсетуге жауапты жалпы білім беретін мектеп қызметкерінің кабинетіне тапсырылады.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға қызметті алатын күнін көрсете отырып, қолхат берген жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, өтінішті қабылдап алған күні мен нөмірі көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат беріледі.
      13. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері мемлекеттік қызметті алушының өзі немесе оның өкілі өтініш берген жағдайда (ресми бекітілген тиісті құжаттар болған жағдайда) өтініш түскеннен бастап 5 күн өткен соң беріледі.
      14. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға мемлекеттік қызметті алушының осы Стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы негіз болады.
      15. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламентке 2 қосымшада берілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Жалпы білім беретін мектептердегі
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру
ұсыну үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің)
орындау мерзімін көрсете отырып,
әр құрылымдық-функционалдық бірліктер
(бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік әрекеттерінің
(рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен
реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ іс-әрекет (жұмыс ағыны, барысы)

ҚФБ-1
Жалпы білім беретін мектептің жауапты тұлғасы

ҚФБ-2
Жалпы білім беретін мектеп басшысы

№ 1 іс-әрекет

Тиісті құжаттарды қабылдау, қолхат беру

№ 1 іс-әрекет

Жалпы білім беретін мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы қағаз түрінде немесе қызметті көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап беру

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру бес жұмыс күнін (өтініш түскен мерзімінен бастап бес күн ішінде) құрайды;
2) мемлекеттік қызмет алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің барынша шекті уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызмет алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің барынша шекті уақыты – 30 минуттан аспайды;

"Жалпы білім беретін мектептердегі
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру
ұсыну үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісінде әкімшілік әрекеттердің
логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін сызба

2013 жылғы 1 наурыздағы № 45
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарына құжаттарды қабылдау
және балаларды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес дайындалды.
      2. "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) барлық типтегі және үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – МДҰ) көрсетіледі.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет Стандарттың негізінде жүзеге асырылады (бұдан әрі — Стандарт).
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.
      6. Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі жастағы балалардың заңды өкілдеріне (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету аяқтау нысаны МДҰ мен заңды өкілдер арасында жасалатын шарт болып немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды МДҰ-ға тапсыру және басшылардан қажетті кеңес алу сәтінен бастап - кемінде 30 минут уақытты құрайды.
      2) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан артық емес.
      3) өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің рұқсат берілген ең көп
уақыты - кемінде 30 минутты құрайды.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет МДҰ-ға өтініш жасаған жағдайда МДҰ басшысы белгілеген заңды өкілдерді қабылдау кестесіне сәйкес екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызмет МДҰ ғимаратында, тікелей басшының кабинетінде көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісіндегі әрекеттер (өзара
әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды ұсынады.
      13. Мемлекеттік қызметті алушылар (заңды өкілдер) толтырған шарт МДҰ басшысына тапсырылады (бір данасы МДҰ басшысында ақталады, екіншісі мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) қолында қалады).
      14. Мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат талап етілмейді
      15. Мемлекеттік қызмет МДҰ-да мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      16. Егер Стандарттың 11 тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      17. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламентке 2 қосымшада берілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарына құжаттарды қабылдау
және балаларды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің)
орындау мерзімін көрсете отырып,
әр құрылымдық-функционалдық бірліктер
(бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік әрекеттерінің
(рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен
реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ іс-әрекет (жұмыс ағыны, барысы)

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы

№ 1 іс-әрекет

Тиісті құжаттарды қабылдау

№ 2 іс-әрекет

МДҰ мен заңды өкілдер арасында жасалатын шарт немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
1) мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды МДҰ-ға тапсыру және басшылардан қажетті кеңес алу сәтінен бастап - кемінде 30 минут уақытты құрайды.
2) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан артық емес.
3) өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің рұқсат берілген ең көп уақыты - кемінде 30 минутты құрайды.

"Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарына құжаттарды қабылдау
және балаларды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісінде әкімшілік әрекеттердің
логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін сызба

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады