Тасқала аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы № 32-2 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 8-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 31 қаңтарда № 3171 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қарашадағы № 16-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 14.11.2013 № 16-6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 30 наурыздағы № 32-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-11-140 тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырдағы "Екпін" аудандық газетінің № 18-19 жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      1 тармақта:
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "13-1) 3-4 сатыдағы онкологиялық аурулармен ауыратын азаматтарға, өтініштері бойынша, бір жолғы – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  М. Нұрмұхамбетова
      Аудандық мәслихат хатшысы        С. Рахимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады