Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 29.01.2014 № 28 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Заңына сәйкес, Тасқала ауданындағы ведомствоаралық комиссия отырысының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 1 хаттамасы негiзiнде аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi аудан аумағында 2013 жылғы егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. "Тасқала ауданының кәсiпкерлiк, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды алсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Серғалиевке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмi Қ. Мусин
2013 жылғы 5 сәуiрдегi № 94
аудан әкiмдiгiнiң қаулысына
қосымша
Өсiмдiк шаруашылығындағы
мiндеттi сақтандыруға жататын
өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi
бойынша табиғи-климаттық аймақтар
бөлiгiндегi аудан аумағында 2013 жылғы
егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының
оңтайлы мерзiмдерi
№ |
Өсiмдiк шаруашылығы |
Оңтайлы мерзiмдерi |
|
басталуы |
аяқталуы |
||
құрғақ дала аймағы |
|||
1 |
Жаздық бидай |
1 мамыр |
10 маусым |
2 |
Арпа |
1 мамыр |
10 маусым |
3 |
Тары |
10 мамыр |
10 маусым |
4 |
Күнбағыс |
10 мамыр |
10 маусым |
5 |
Күздiк бидай |
10 тамыз |
10 қыркүйек |