"Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы өндіріп алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 373-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 7-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 ақпанда № 9170 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Респубикасының Заңының 7-бабы 9-1) тармақшасына және 12-1-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы өндіріп алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 373-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4021 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 2 ақпандағы № 17 (997) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы өндіріп алу ережесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Ереже есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру шаруашылығы және кәріз жүйесінің реттеліп көрсетілетін қызметтері үшін ақы өндіріп алу тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Ережеде мынадай ұғым қолданылады:

      есептеу құралы - нормаланған метрологиялық сипаттамасы бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын әрі "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген су көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал.

      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес қолданылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Құбыржолдары және су кәрiзi жүйелерi саласындағы реттеу департаментi:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi;

      2) бұқаралық ақпарат кұралдарында ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жаряланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін;

      3) бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйеде жариялау үшін қағаз және электронды тасығышта жолдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М. Оспанов

"КЕЛІСІЛГЕН"


Қазақстан Республикасының


Экономика және бюджеттік


жоспарлау министрі


________________Е. Досаев


2014 жылғы "___"



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады