Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 ақпанда № 9179 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2014.11.14 № 494 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8398 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 шілдедегі № 172 (28111) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесінде:
      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу кезінде олардың мазмұнына қойылатын Бюджет кодексінде көзделген талаптар ескеріледі.
      Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелiлiк және тиiмдiлiк көрсеткiштерi бар жоспарлы кезеңге арналған бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi.»;
      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «41. Бюджеттiк бағдарламада оның iске асырылуын бағалау үшiн тiкелей және түпкiлiктi нәтижелердiң көрсеткiштерi қамтылуы тиiс, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламада сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерi қамтылуы мүмкiн.
      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей нәтижені ғана көрсетеді.»;
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Бюджет кодексінің 37-бабына сәйкес бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттiк бағдарламалар:
      1) бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға;
      2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуына арналған.
      Бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың атаулары бюджет қаражаты бөлiнетiн мақсаттарды көрсетуi тиiс.»;
      49-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «49. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар, қордың автономдық білім беру ұйымдарының қызметіне және (немесе) ұйымдық-құқықтық нысанда құрылатын коммерциялық емес ұйымға, автономды білім беру ұйымдарының және олардың ұйымдарының немесе Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін қаржыландыруды қамтамасыз етуге ғана арналған.»;
      «10. Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеуі» деген бөлімнің атауы алып тасталсын;
      50-тармақ алып тасталсын;
      51-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «51. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламасының жобасы осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай ақпаратты қамтиды:»;
      Мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын;
      «2-1) «Бюджеттік бағдарламаның басшысы» деген жол бойынша, бюджеттік бағдарлама басшысының (басшының орынбасары, орталық мемлекеттік органның қызметінің тиісті бағыттарына жетекшілік ететін орталық атқарушы орган жауапты хатшысы, аппарат басшысы) фамилиясы, аты-жөні, лауазымы, тегі көрсетіледі;»:
      10), 11), 12), 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) «Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi» деген жолда қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын ұйымның қызметіне немесе көрсететін қызметіне толық тәуелді болатын, бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетің қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы көрсетіледі;
      11) «Түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi» деген жолда халықтың өмір сүру деңгейi мен сапасының нысаналы жағдайының (жағдайының өзгеруi), әлеуметтiк саланың, экономиканың, қоғамдық қауiпсiздiк пен басқа мемлекеттік органдар қызметіне белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің тiкелей нәтижелерiне қол жеткiзуге негiзделген мемлекеттiк басқарудың басқа салаларының (аяларының) көрсеткiштерi келтiрiледi. Осы жол стратегиялық жоспар әзірлемейтін бюджеттің бағдарламалар әкімшісі қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюджеттiк бағдарлама бойынша толтырылмайды;
      12) «Сапа көрсеткiштерi» деген жолда бюджеттiк бағдарламаны iске асыру шеңберiнде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң оны алушылардың үмiттенулерiне және мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына сәйкестігі дәрежесін көрсететiн көрсеткiштер көрсетіледі. Осы жол стратегиалық жоспар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюджеттiк бағдарлама бойынша толтырылмайды;
      13) «Тиiмдiлiк көрсеткiштерi» деген жолда бюджет қаражатының бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып, ең үздiк тiкелей нәтижеге қол жеткiзу дәрежесін немесе бюджет қаражатының аз көлемiн пайдалана отырып, тiкелей нәтижеге қол жеткiзудi көрсететiн көрсеткiштер келтiрiледi. Осы жол стратегиялық жоспар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюджеттiк бағдарлама бойынша толтырылмайды;»;
      5253 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiммен бiр мезгiлде мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, бюджеттiк бағдарламалар жобаларын ұсынады.
      Стратегиялық жоспар әзірлемейтін бюджеттің бағдарламалар әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілеттік органдарға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
      53. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын республикалық бюджет бекiткеннен кейiн, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бiрiншi басшысы оларды пысықтайды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бiр апта мерзiмде бекiтедi.
      Жергілікті бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің бюджеттiк бағдарламаларының жобалары тиiстi жергiлiктi бюджет бекiткеннен кейiн пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi атқарушы органмен келісім бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы оларды бекiтедi.
      54. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларына:
      1) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған немесе заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген;
      2) жаңа бағдарламалық құжаттар қабылданған не өзгерiстер енгiзiлген;
      3) мемлекеттiк органның функциялары, құрылымы өзгерген;
      4) көрсеткiштерге қол жеткiзуге ықпал ететiн республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң параметрлерi өзгерген жағдайларда, өзгерiстер мен толықтыруларға енгiзуге жол берiледi.
      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеу мен бекiту кезiндегi осы Ережеде белгiленген талаптар сақталады.
      Бюджеттi нақтылауға байланысты бюджеттiк бағдарламаларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілген жағдайда бюджеттi әзiрлеу мен бекiту кезiнде Бюджет кодексiнде белгiленген талаптар сақталады.
      Қаржыландыру көлемiнiң өзгеруiне байланысты бюджеттiк бағдарламаларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларын тиiстi бюджеттiк комиссия қарайды.»;
      Ережеге 5-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8399 тіркелген, 2013 жылғы 17 шілдедегі № 172 (28111) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында:
      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджет кодексінің 67-бабына сәйкес тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бюджеттiк өтінім:
      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер;
      стратегиялық жоспар жобасының және (немесе) стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобасының;
      бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының;
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - Бірыңғай бюджеттік сыныптама) Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының;
      өткен жоспарлы кезеңнің бюджеттік өтінімінің;
      есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есептің;
      заттай нормалардың негізінде жасалады.
      Бюджеттік өтінім бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер шегінде жасалады.
      Жаңа бастамаға арналған лимиттердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары лимиттерінің белгіленген, бюджеттік өтінімде көзделген шығыстарының көлемі жоғарылаған кезде, бюджеттік өтінім қаралмай бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қайтаруға жатады.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі лимиттермен сәйкестендірілген бюджеттік өтінімді оның қайтарылғаннан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға ұсынады.»;
      6-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
      «1) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептеулер;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын;
      «4-1) ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда, бюджеттік инвестициялық жобалар мониторингінің қорытындылары жөніндегі есеп;»;
      13)14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) бюджеттік инвестициалық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі, құрылысқа жобалау алдыңғы (техникалық-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың мемлекеттік сараптамасының он қорытындысы, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік инвестициалық жоба бойынша экономикалық он қорытындысы;
      14) концесиялық жоба бойынша концессияның жасалған шарты;»;
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын;
      «15-1) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржыландыру көздерін (меншікті, қарызға алынған, бюджеттік, демеушілік және басқа) көрсетумен іске асырылып жатқан және іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалары туралы ақпарат;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асырылатын, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесі, ол бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның экономикалық оң қортындысы;»;
      мынадай мазмұндағы 25-1), 25-2) тармақшалармен толықтырылсын;
      «25-1) жол картасының бағыттары бойынша, оның ішінде Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша шығыстарды жоспарлау кезінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қаражат бөлу және қаржыландыру лимиттері бойынша Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қорытындысы;
      25-2) медициналық техниканы сатып алу шығыстарын жоспарлау кезінде біріздендіруді талап ететін және құны бес милион тенгеден астам медициналық техниканың клиникалық-техникалық негіздемесіне, техникалық сипаттамасы мен құнының сараптамасы бойынша лизинг берушінің қорытындысы.»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
      «14) концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн, концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi жөнiндегi экономикалық сараптаманың оң қорытындысын, концессиялық жобаларды жоспарлау кезінде концессиялық жобаны бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi мемлекеттiк органның және қазіргі республикалық меншiк объектiлерi бойынша республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi орталық уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсу;»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
      «8. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын бюджеттiк өтiнiмге орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда-мемлекеттік мекеме басшысы немесе ол уәкiлеттiк берілген тұлға, олардың жасалуына жауапты мемлекеттiк мекеменiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы, ал соңғылары болмаған-тиiстi бұйрықтармен мiндеттердi атқару жүктелген тұлғалар қол қояды.
      Бюджеттік өтінімде бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің жауапты орындаушысының фамилиясы, аты және әкесінің аты (бар болғанда) (бұдан әрі – фамилиясы, а.ә.), лауазымы, жұмыс телефоны міндетті түрде көрсетіледі.»;
      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын;
      «13. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша шығыстардың есептеулерiне орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндайлар болмаған жағдайларда – мемлекеттік мекеме басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға, олардың жасалуына жауапты мемлекеттiк мекеменiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы, ал соңғылары болмаған кезде – тиiстi бұйрықтармен мiндеттердi атқару жүктелген тұлға, бюджеттік бағдарламаның тиісті бұйрықпен айқындалған басшысы (басшының орынбасары, орталық мемлекеттік органның қызметінің тиісті бағыттарына жетекшілік ететін орталық атқарушы органның жауапты хатшысы, аппарат басшысы) және бас бухгалтер (қаржы-экономикалық бөлiмнiң бастығы) қол қояды.
      14. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша қосымша егжей-тегжейлi есептеулерге және шығыстардың түрлерi бойынша негiздемелерге орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндайлар болмаған жағдайларда – мемлекеттiк мекеменiң басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға, олардың жасалуына жауапты мемлекеттiк мекеменiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы, ал соңғылары болмаған кезде тиiстi бұйрықтармен мiндеттердi атқару жүктелген тұлға, бюджеттік бағдарламаның тиісті бұйрықпен айқындалған басшысы (басшының орынбасары, орталық мемлекеттік органның қызметінің тиісті бағыттарына жетекшілік ететін орталық атқарушы органның жауапты хатшысы, аппарат басшысы) және қаржы-экономикалық қызметiнiң бастығы бұдан (әрі – бас бухгалтер (ҚЭБ бастығы) қол қояды.»;
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      «14-1. осы Қағиданың 13 және 14-тармақтарында көрсетілген шығыстардың экономикалық сыныптамасы бөлінісінде шығыстардың түрлері бойынша есептеулер мен негіздемелерді келісу бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының бұйрығымен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 19-1 тармақпен толықтырылсын:
      «19-1. 02-114-нысан (19-1-қосымша) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына арналған шығыстарды есептеуге арналған.
      есептеуді осы нысан бойынша жасаған кезде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңын басшылыққа алған жөн.
      19-1- қосымша сонымен қатар 135 «Техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары» ерекшелігі бойынша міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының шығыстарын есептеу үшін қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:
      «56-1. Ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда, бюджеттік инвестициялық жобалар мониторингінің қорытындылары жөніндегі есеп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінде көзделген нысан бойынша және тәртіппен толтырылады.»;
      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 66-бабына сәйкес (бұдан әрі – Бюджет кодексі) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттардың нәтижелеріне бағалау жүргізілген жағдайларда, бағалау нәтижелері қоса беріледі.»;
      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «66. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 68–бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ жетекшілік ететін саладағы (аядағы) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру және бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
      1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан;
      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан;
      3) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан;
      4) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.»;
      мынадай мазмұндағы 66-1–тармақпен толықтырылсын:
      «66-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан;
      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.»;
      67-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік заңнамаға сәйкес құжаттаманың болуы есепке алынады, сонымен қатар бюджеттік инвестицияларды іске асырудан болатын экономикалық және әлеуметтік ұзақ мерзімді қайтарымның көрсеткіштерің ескерумен отырып, мониторингілеу және бағалау нәтижелері;»;
      6869 және 70-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «68. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
      69. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
      Тиісті бюджет комиссиясы осы Ереженің 6666-1 және 68-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
      70. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға стратегиялық жоспарлардың пысықталған жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың пысықталған жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.»;
      Ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 19-1-қосымшамен толықтырылсын;
      осы Ереженің 2-51, 54-62 қосымшаларында
      «Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы/
      мемлекеттiк мекеме басшысы              _________    __________
                                                қолы       аты-жөні»

      деген жолдан кейін:
                                              _________    __________
      «Бюджеттік бағдарлама басшысы             қолы        аты-жөні

      деген жолмен толықтырылсын ».
      2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т. Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ол 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енетін осы Бұйрықтың 1–тармағы 1) тармақшасының бесінші-алтыншы, он жетінші - он сегізінші, отызыншы екінші - отыз үшінші, абзацтарын қоспағанда, ресми жариялануға жатады.

      Министр                                             Е. Досаев

Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттік жоспарлау    
министрінің          
2014 жылғы 31 қаңтардағы № 34
бұйрығына 1-қосымша     

Қазақстан Республикасының
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын
жасау ережесiнiң 5-қосымшасы

нысан

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң
БЮДЖЕТТIК БАҒДАРЛАМАСЫ

бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды және атауы _________________
бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы __________________________
бюджеттiк бағдарламаның басшысы ______________________________
_____________ жылдарға арналған

Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi


Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi)


Бюджеттiк бағдарламаның түрi

мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты


мазмұнына байланысты


iске асыру тәсiлiне қарай


ағымдағы/даму


Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты


Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi


Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар

жоспарлы кезеңде iске асыру мерзiмi




1

2

3

4





Бюджеттiк бағдарлама көрсеткiштерiнiң атауы

өлшем бiрлiгi

есептi жыл

ағымдағы жыл жоспары

жоспарлы кезең




1

2

3

4

5

6

7

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi














Түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi*














Сапа көрсеткiштерi *














Тиiмдiлiк көрсеткiштерi*














Бюджет қаражатының көлемi

мың
теңге






      * осы жолдар стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюджеттiк бағдарлама бойынша толтырылмайды.

Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттік жоспарлау    
министрінің          
2014 жылғы 31 қаңтардағы № 34
бұйрығына 2-қосымша      

Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну
қағидаларына 19-қосымша   
01-114-нысан          

Зейнетақы жарналарына арналған шығыcтарды есептеу

Жылы                                          Кодтары
                                            |_______________________|
Мәлiметтер түрi (болжам, жоспар, есеп)      |_______________________|
Функционалдық топ                           |_______________________|
Бағдарламалардың әкiмшiсi                   |_______________________|
Мемлекеттiк мекеме                          |_______________________|
Бағдарлама                                  |_______________________|
Ерекшелiк                                   |_______________________|

Қызметкерлер саны

Қызметкерлерiн айдағы ақшалай сомасы

Зейнетақы жарнасының мөлшерi

Бiр айдағы жарнаның сомасы (2-бағ.х3-бағ.)/100

Бiр жылдағы жарнаның сомасы 4-бағ.х12

1

2

3

4

5

бiрл.

мың теңге

%

мың теңге

мың теңге

Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы/
мемлекеттiк мекеме басшысы _________________ _____________________
                                (қолы)           (аты-жөні)
Бюджеттік бағдарлама басшысы _______________ _____________________
                                (қолы)           (аты-жөні)
Бас бухгалтер (ҚЭБ бастығы) ________________ _____________________
                                (қолы)           (аты-жөні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады