Тауарлық газға реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаларын есептеу әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 66-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 сәуірде № 9354 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.02.2017 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика мнистрінің м.а. 02.09.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тауарлық газға реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаларын есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Көліктік инфрақұрылым саласындағы реттеу департаменті мыналарды:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды, кейіннен жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсыну арқылы қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының назарына жеткізсін;

      3) қағаз және электрондық жеткізгіштегі бұйрықтың көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде ресми жариялау үшін жолдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә.Алпысбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М. Оспанов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мұнай және газ министрі

      ________________Ұ. Қарабалин

      2014 жылғы "___" ____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экономика және бюджеттік

      жоспарлау министрі

      ______________Е. Досаев

      2014 жылғы 17 сәуір

  Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының 2014 жылғы 1 сәуірдегі
№ 66-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Реттелетін нарық субъектілерінің тауарлық газдың шекті бағаларын есептеу әдістемесі

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика мнистрінің м.а. 02.09.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1–тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Реттелетін нарық субъектілерінің тауарлық газдың шекті бағаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына, "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 174 бұйрығымен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидаларына (бұдан әрі – Баға белгілеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Әдістеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын саралау арқылы тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газға сараланған бағаларды есептеу қағидаттары мен тетіктерін айқындайды (әр облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке (магистральдық газ құбыры арқылы газды тасымалдауға және сақтауға тарифті ескере отырып (бұдан әрі – көтерме сатып алу бағалары).

      3. Әдістеменің негізін қалаушы қағидаттар мыналар:

      1) тұтынушылар топтары бойынша газды өткізуден тең кіріске қол жеткізу;

      2) тұтынушыларды тауарлық газды үнемдеп пайдалануға, ресурс сақтаушы технологияларды пайдалануға ынталандыру;

      3) газбен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетумен байланысты экономикалық негізделген шығындардың орнын толтыру;

      4) реттелетін нарық субъектісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайда алу мүмкіндігі болып табылады.

      4. Осы Әдістемеде пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы және газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      5.Тауарлық газға шекті бағаларды қалыптастыру Баға белгілеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Тұтынушылар топтарын айқындау

      6. Тауарлық газға сараланған шекті бағаларды белгілеу мақсатында мынадай тұтынушылар топтары айқындалды:

      тұтынушылардың І тобы – газ таратушы желілер арқылы тауарлық газ алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық), халыққа (бұдан әрі - халық үшін ЖЭК) жылу энергиясын өндіруге тауарлық газды тұтыну көлемдеріндегі жылу энергетикалық компаниялар;

      тұтынушылардың ІІ тобы – бюджет қаражаты есебінен қамтылған бюджеттік ұйымдар;

      тұтынушылардың ІІІ тобы – тұтынушылардың 1 және 2-топтарына кірмейтін өзге де тұтынушылар.

3–тарау. Тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газға шекті бағаларды есептеу тәсілі

      7. Тұтынушылардың әрбір тобы үшін тауарлық газға шекті бағалар баға белгілеу қағидаларына сәйкес айқындалады және уәкілетті органмен келісіледі.

      Тұтынушылардың ІІ және ІІІ топтары үшін газ таратушы желілер арқылы газды тасымалдауға жеке шарт жасалады.

      8. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газға шекті бағаның құрылымы халық үшін мыналардан:

      тұтынушылардың бірінші тобы үшін саралануы ескеріле отырып, тауарлық газға көтерме бағадан;

      тауарлық газды өткізу бойынша газ таратушы ұйымның шығындарынан;

      газ таратушы желілер арқылы тауарлық газды тасымалдау тарифінен тұрады.

      9. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін халыққа жылу энергиясын өндіретін халық үшін ЖЭК тауарлық газға шекті бағасының құрылымы мыналардан:

      тұтынушылардың бірінші тобы үшін саралануы ескеріле отырып, тауарлық газға көтерме бағадан;

      тауарлық газды өткізу бойынша газ таратушы ұйымның шығындарынан;

      газ таратушы желілер арқылы тауарлық газды тасымалдау тарифінен тұрады (ЖЭК тауарлық газды тарату желілерінен сатып алған жағдайда).

      10. Тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газға шекті бағаның құрылымы мыналардан:

      тұтынушылардың екінші тобы үшін саралануы ескеріле отырып, тауарлық газға көтерме бағадан;

      тауарлық газды өткізу бойынша газ таратушы ұйымның шығындарынан;

      газ таратушы желілер арқылы тауарлық газды тасымалдау тарифінен тұрады.

      11. Тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газға шекті бағаның құрылымы мыналардан:

      тұтынушылардың үшінші тобы үшін саралануы ескеріле отырып, тауарлық газға көтерме бағадан;

      тауарлық газды өткізу бойынша газ таратушы ұйымның шығындарынан;

      газ таратушы желілер арқылы тауарлық газды тасымалдау тарифінен тұрады (үшінші топ тұтынушылары тауарлық газды тарату желілерінен сатып алған жағдайда).

4–тарау. Тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газға сараланған көтерме бағаларды есептеу

      12. Тауарлық газдың көтерме бағаларын саралау "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына жүзеге асырылады.

      13. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін сараланған көтерме сатып алу бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      ЦдифI = (ЦдозI х k)-Н-Т, мұндағы:

      ЦдифI – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      ЦдозI – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы сату бағасы (теңге/1000 м3);

      Н - Баға белгілеу қағидаларына сәйкес айқындалатын газ таратушы ұйымның тауарлық газды өткізуге арналған шығындары;

      Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген таратушы желілер арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тарифтер;

      k – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің сату бағасының өзгеру коэффициенті.

      14. Тұтынушылардың екінші тобы үшін сараланған көтерме бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      ЦдифII = (Цозх (Vобщ-год - Vобщ.факт-п/г) - ЦдифIх (VI-год - VIфакт-п/г)) / (VII-год - VIIфакт-п/г)

      мұндағы:

      ЦдифII – тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);

      Vжал – жыл – 1 жылға тауарлық газды өткізудің жалпы жоспарланған көлемі (1000м3);

      Цоз – газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тауарлық газдың көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      ЦдифI – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);

      ЦдифIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);

      VI-жыл – бір жылға тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің жоспарланып отырған көлемі (1000 м3);

      VII-жыл – бір жылға тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің жоспарланып отырған көлемі (1000 м3);

      VIII-жыл – бір жылға тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің жоспарланып отырған көлемі (1000 м3).

      15. Тұтынушылардың үшінші тобы үшін сараланған көтерме сатып алу бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      ЦдифIII = (ЦдозIII х k2)-Н-Т, мұндағы:

      ЦдифIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      ЦдозIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы босату бағасы (теңге/1000 м3);

      Н – Баға белгілеу қағидаларына сәйкес анықталатын газ таратушы ұйымның тауарлық газды өткізуге арналған шығындары;

      Т – таратушы желілер арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер;

      k2 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын тауарлық газды өткізудің сату бағасының өзгеру коэффициенті.

      Реттелетін нарық субъектілерінің тауарлық газына шекті бағаларды тұтынушылар топтары бойынша есептеудің бақылау үлгісі осы Әдістемеге қосымшада келтірілген.

  Реттелетін нарық субъектілерінің
тауарлық газына шекті бағаларды
есептеу әдістемесіне
қосымша

Реттелетін нарық субъектілерінің тауарлық газына шекті бағаларды тұтынушылар топтары бойынша есептеудің бақылау үлгісі

      Тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газға көтерме бағаларды алғашқы енгізу 2017 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылады деп болжайық.

      Мысалы, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап газды өткізудің көтерме бағаларының (к) және (к2) коэффициентінің 7%-ға өзгеруіне байланысты 3%-ды құрады.

      Тұтынушылардың бірінші тобы үшін сараланған көтерме сатып алу бағаларын есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      ЦдифI = (ЦдозI х 1,3)-Н-Т = (27 983 х 1,03)- 1 478 теңге/1000м3-8595 теңге/1000м3=18 749, мұндағы:

      ЦдифI - тұтынушылардың бірінші тобы үшін есептік сараланған сатып алу бағасы (18 749 теңге /1000 м3);

      ЦдозI – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы босату бағасы (27 983 теңге /1000 м3);

      Н - газ таратушы ұйымның тауарлық газды өткізуге арналған шығындары (1478 теңге/1000 м3);

      Т – тауарлық газды тасымалдауға арналған бекітілген тариф (8595 теңге/1000 м3).

      Тұтынушылардың екінші тобы үшін сараланған көтерме бағаларын есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      ЦдифII = (Цозх (Vобщ-год - Vобщ.факт-п/г) - ЦдифIх (VI-год - VIфакт-п/г)) / (VII-год - VIIфакт-п/г) = (1 112 672 х 20 682 – ( 593 731 Х18 749) –(469 174 Х 22 231))/ 51 768= 28 872 теңге/1000 м3,

      мұндағы:

      Vжал – жыл – 1 жылға тауарлық газды өткізудің жалпы жоспарланған көлемі (1 112 672 мың м3);

      Цоз – газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тауарлық газдың көтерме бағасы (20 682 теңге/1000 м3);

      ЦдифI – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (18 749 теңге /1000 м3);

      ЦдифIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (28 872 теңге /1000 м3);

      VI-жыл – бір жылға тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің болжамды көлемі (593 731 мың м3);

      VII-жыл – бір жылға тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің жоспарланып отырған көлемі (51 768 мың м3);

      VIII-жыл – бір жылға тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің жоспарланып отырған көлемі (467 174 мың м3).

      Тұтынушылардың үшінші тобы үшін сараланған көтерме бағаларын есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      ЦдифIII = (ЦдозIII х 1,03)-Н-Т= (31 363 х 1,03)- 1 478 теңге/1000м3-8595 тенге/1000м3, мұндағы:

      ЦдифIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған сатып алу бағасының есебі (22 231 теңге/1000 м3);

      ЦдозIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы босату бағасы (31 363 теңге/1000 м3);

      Н – газ таратушы ұйымның тауарлық газды өткізуге арналған шығындары (1478 теңге/1000 м3);

      Т – тауарлық газды тасымалдауға арналған бекітілген тариф (8595 теңге/1000 м3).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады