"Икемді автоматты желілер" кәсіби стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 77 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 мамырда № 9401 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 308 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2016 № 308 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріп отырған «Икемді автоматты желілер» кәсіби стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      орынбасары – Қазақстан
      Республикасы Индустрия және
      жаңа технологиялар министрі                Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі
      ___________ Т. Дүйсенова
      2014 жылғы 31 наурыз

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы   
Индустрия және       
жаңа технологиялар министрінің
2014 жылғы 13 наурыздағы  
№ 77 бұйрығымен      
бекітілді         

«Икемді автоматты желілер» кәсіби стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Икемді автоматты желілер» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
      1) еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды белгілеуге;
      2) қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
      3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
      4) кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған.
      2. КС негізгі пайдаланушылары:
      1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
      2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
      3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
      4) кәсіби даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
      3. КС негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
      4. Осы КС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
      2) біліктілік деңгейі – орындалатын жұмыстардың күрделілігін, дербестігі мен жауапкершілігін сипаттайтын қызметкердің біліктілігіне (құзыреттеріне) қойылатын талаптар деңгейі;
      3) еңбек мәні – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
      4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;
      5) еңбек қызметінің түрі – кәсіби қызмет саласының еңбек функцияларының тұтастай жиынтығынан және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан құрамдас бөлігі;
      6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріс арқылы анықталатын және оларды еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының біріктірілген және салыстырмалы түрде дербес жиынтығы;
      7) кәсіби қызмет саласы – жалпы ықпалдасқан негізі (ұқсас және мақсаттылығы жақын объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер мен еңбек функцияларының жинағын көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
      8) КС – кәсіби қызметтің нақты саласындағы қызметкердің еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына және біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
      9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
      10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
      11) құзырет – қызметкердің еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
      12) лауазым – жұмыс берушінің лауазымдық өкілеттіліктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген құрылымдық бірлігі;
      13) міндет - нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып, еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
      14) сала - өнім шығаруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдар жиынтығы;
      15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
      16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
      17) функционалдық карта – еңбек қызметінің белгілі түрі қызметкерінің кәсіби қызметтің сол немесе өзге саласы шеңберінде орындайтын еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымдалған сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5. Экономикалық қызметтің түрі: Икемді автоматты желілер.
      6. Кәсіби қызмет саласы: Икемді автоматты желілер.
      7. Кәсіби қызмет саласының негізгі мақсаты: автоматты желінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, басқару пультіден қарапайым және күрделі бөлшектерді өңдеу процесінде автоматты және жартылай автоматты желілер мен агрегатты станоктардың жекелеген тетіктерін қосымша баптау, сандық бағдарламалық басқаруы (СББ) бар көп мақсатты станоктарға қызмет көрсету және басқару кешенді ретке келтіру және сынама бөлшектерді өңдеу.
      8. Кәсіби қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында көрсетілген.

3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіп) карточкалары

1-параграф. Станоктар мен қондырғылардың автоматты, жартылай
автоматты желілерінің операторы

      9. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 2-3.
      10. Мүмкін болатын лауазым атауы: станоктар мен қондырғылардың автоматты, жартылай автоматты желілерінің операторы.
      11. Орындалатын еңбек функциясының жалпыланған сипаттамасы –ауырлығы орташа, күрделі және ірі габаритті бөлшектерді механикалық өңдеу.
      12. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС
2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
      13. Станоктар мен қондырғылардың автоматты, жартылай автоматты желілерінің операторының еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
      14. Станоктар мен қондырғылардың автоматты, жартылай автоматты желілерінің операторы орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.
      15. Станоктар мен қондырғылардың автоматты, жартылай автоматты желілерінің операторы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС
2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
      16. Станоктар мен қондырғылардың автоматты, жартылай автоматты желілерінің операторының құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС
2-қосымшасының 5-6-кестелерінде көрсетілген..

2-параграф. Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы

      17. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 2-3.
      18. Мүмкін болатын лауазым атауы: бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы.
      19. Орындалатын еңбек функциясының жалпыланған сипаттамасы –бөлшектерді ауыстыруды және құрама бекітулерді қажет ететін ауыстырулары бар ауырлығы орташа, күрделі бөлшектерді механикалық өңдеу.
      20. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС
3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
      21. Бағдарламалық басқарылатын станоктар операторының еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
      22. Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.
      23. Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
      24. Бағдарламалық басқарылатын станоктар операторының құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5-6-кестелерінде көрсетілген.

4. Кәсіби стандартты әзірлеушілер

      25. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі КС әзірлеушісі болып табылады.
      26. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 4-қосымшасында келтірілген.

«Икемді автоматты желілер»
кәсіби стандартына   
1-қосымша       

Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

Реттік №

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының бағыттары ескерілген кәсіп атауы

01-2005 Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуішісіне сәйкес кәсіптер атауы

Cалалық біліктілік шеңберінің біліктілік деңгейлері

1.

Күрделілігі орташа, күрделі және ірі көлемді бөлшектерді механикалық өңдеу

Станоктар мен қондырғылардың автоматты және жартылай автоматты желілерінің операторы

Автоматты және жартылай автоматты тізбектер станоктары және қондырғылар операторы

2-3

2.

Күрделілігі орташа, көптеген ауысулары бар, бөлшектердің орнын ауыстырып қоюды және құрамдастырылған бекітпені талап ететін күрделі бөлшектерді механикалық өңдеу

Бағдарламамен басқарылатын станоктардың операторлары

Бағдарламалық басқарудағы қондырғылар операторы

2-3

«Икемді автоматты желілер»
кәсіби стандартына   
2-қосымша       

1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

«Қызметтердің жіктеуіші» 01-2005 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші

Базалық топ

8211- Автоматты және жартылай автоматты тізбектер станоктары және қондырғылар операторы

Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы (БТБА)

БТБА шығарылымы, тарауы

2-шығарылым, «Қазандық, суық қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары» бөлімі (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы «1» наурыздағы № 66-ө-м бұйрығымен бекітілген)

БТБА бойынша кәсіп

Станоктар мен қондырғылардың автоматты, жартылай автоматты желілерінің операторы

Салалық біліктілік шеңберінің (СБШ) біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

2

2-3

3

4-5

2-кесте. Станоктар мен қондырғылардың автоматты, жартылай автоматты
желілері операторының еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Машина жасау кәсіпорындарының автоматты және жартылай автоматты желілері

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

Жоқ

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше шарты

Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

2

Жалпы орта білім болған кезде қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту

-

3

Техникалық және кәсіби білімнің белгіленген біліктілік деңгейі және практикалық жұмыс тәжірибесі

2-деңгейде 2 жыл

3-кесте. Станоктар мен қондырғылардың автоматты, жартылай автоматты
желілері операторы орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын
КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының атауы
(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Қарапайым дайындамаларды бункерге жүктеу, ірі көлемді дайындамаларды орнату, ақауларды жою

2

Автоматты желінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, басқару пультіден (БП) қарапайым және күрделі бөлшектерді өңдеу процесінде автоматты және жартылай автоматты желілер мен агрегатты станоктардың жекелеген тетіктерін қосымша баптау

3

Станоктар мен қондырғылар желісінен дайын бөлшектерді түсіріп алу, арнаулы бақылау-өлшеу аспаптарымен дайын бөлшектердің сапасын тексеру

4-кесте. Станоктар мен қондырғылардың автоматты, жартылай автоматты
желілері операторы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функциясының №

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер

1

Қарапайым дайындамалар

Дайындамаларды жүктеу/түсіру құрылғылары

1-1) Қарапайым дайындамаларды бункерге жүктеу

Ірі көлемді дайындамалар

Жүк көтеру тетіктері, құрылғы және жарақ

1-2) Ірі көлемді дайындамаларды орнату

Қосалқы бөлшектер, құрал-сайман, жұмыс сұйықтықтары

Слесарлық құрал-сайман, құрылғы

1-3) Ақауларды жою

2

Қарапайым және ірі көлемді дайындамалар

Тетіктер және жабдық

2-1 БП-ден қарапайымжәне күрделі бөлшектерді өңдеу.

Құрал-сайман, жұмыс сұйықтықтары

Жарақ, индикация және дабылдама жүйесі

2-2) Құрал-сайманды бақылау, МСС

Қосалқы бөлшектер, құрал-сайман

Слесарлық құрал-сайман, құрылғы

2-3) Қосалқы бөлшек пен құрал-сайманды орнату

3

Дайын бөлшектер

Дайын бөлшектерді түсіріп алуға арналған құрылғы

3-1) Дайын бөлшектерді түсіріп алу

Дайын бөлшектер

Арнайы бақылау-өлшеу аспаптары және құрал-сайманы

3-2) Дайын бөлшектердің сапасын тексеру

5-кесте. СБШ бойынша 2-біліктілік деңгейіндегі станоктар мен
қондырғылардың автоматты, жартылай автоматты желілері операторының
құзыреттеріне қойылатын талаптар

Еңбек міндетінің №

Жеке және кәсіби құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

1-1)

Дайындамаларады бункерге жүктеу кезіндегі шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжайтын норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Дайындамаларады бункерге жүктеу

Қызмет көрсетілетін автоматты және жартылай автоматты станоктар мен қондырғылар желісінің жұмыс істеу принциптерін

1-2)

Ірі көлемді дайындамаларды орнату кезіндегі шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжайтын норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Ірі көлемді дайындамаларды орнату, жүк көтеру механизмдерімен жұмыс істеу

Қызмет көрсетілетін автоматты және жартылай автоматты станоктар мен қондырғылар желісінің, жүк көтеру механизмдерінің жұмыс істеу принциптері

2-1)

БП-ден қарапайым және күрделі бөлшектерді өңдеу

кезіндегі шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжайтын норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

БП-ден қарапайым және күрделі бөлшектерді өңдеу

Өңделетін материалдардың негізгі механикалық қасиеттері; дәлдік шегі мен қондыру жүйесі; квалитеттер мен бұдырлылық параметрлері

2-2)

Құрал-сайманды, МСС-ны басқару кезіндегі шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжайтын норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Құрал-сайманды, МСС-ны басқару

Кең таралған құрылғы, кескіш аспаптардың атаулары, қолданылу мақсаттары және пайдалану талаптары, салқындату және майлау сұйықтықтарының, МСС қолданылу масқаты мен қасиеттері

3-1)

Дайын бөлшектерді станок пен қондырғы желілерінен түсіріп алу кезіндегі шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжайтын норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Дайын бөлшектерді станок пен қондырғы желілерінен түсіріп алу

Қызмет көрсетілетін автоматты және жартылай автоматты станоктар мен қондырғылар желісінің, жүк көтеру механизмдерінің жұмыс істеу принциптері

6-кесте. СБШ бойынша 3-біліктілік деңгейіндегі станоктар мен
қондырғылардың автоматты, жартылай автоматты желілері операторының
құзыреттеріне қойылатын талаптар

Еңбек міндетінің №

Жеке және кәсіби құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

1-3)

Өз бетінше жоспарлауды, бір ақауларды жою үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Ақауларды жою

Жабдықтың құрылысы, принциптік схемалары және автоматты және жартылай автоматты желілер тетіктерінің өзара іс-қимылдары, оларды қосымша баптау қағидалары

2-3)

Өз бетінше жоспарлауды, қосалқы бөлшектер мен құрал-сайманды орнату үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Қосалқы бөлшектер мен аспапты қондыру

Қызмет көрсетілетін автоматты және жартылай автоматты станоктар мен қондырғылар желісінің құрылымы, оның тетіктерін қосымша баптау қағидалары, кең таралған құрал-сайманның кескіш аспаптардың атаулары, қолданылу мақсаты, құрылымы және пайдалану талаптары

3-2)

Өз бетінше жоспарлауды, дайындалған бөлшектердің сапасын тексеру үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Дайындалған бөлшектердің сапасын тексеру

Бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының жұмыс істеу принциптері мен құрылысы; өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануы; рұқсат ету мен қондыру жүйесі; квалитеттер мен бұдырлылық параметрлері

«Икемді автоматты желілер»
кәсіби стандартына   
3-қосымша       

1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

«Қызметтердің жіктеуіші» 01-2005 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші

Базалық топ

8121– Бағдарламалық басқарудағы қондырғылар операторы

Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы (БТБА)

БТБА шығарылымы, тарауы

2-шығарылым, «Қазандық, суық қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары» бөлімі (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы «1» наурыздағы № 66-ө-м бұйрығымен бекітілген)

БТБА бойынша кәсіп

Бағдарламалық басқарудағы қондырғылар операторы

Салалық біліктілік шеңберінің (СБШ) біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

2

2-3

3

4-5

2-кесте. Бағдарламалық басқарылатын станоктар операторының еңбек
жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Бір жұмысшыға немесе жмысшылар бригадасына бекітіліп берілген басқару пульті бар жеке станоктардың өндірістік учаскесі

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

Жоқ

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше шарты

Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

2

Жалпы орта білімі болған кезде қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту

Жұмыс орнында оқыту кезінде. Нұсқама өткізу

3

Техникалық және кәсіби білімнің белгіленген біліктілік деңгейі және практикалық жұмыс тәжірибесі

2-деңгейде 2 жыл

3-кесте. Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы орындайтын
еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының атауы
(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Қарапайымжәне күрделі бөлшектерді орнату, құрал-сайманды ауыстыра және реттей отырып, құрал-саймандық блоктарды іріктеу және орнату

2

Сандық бағдарламалық басқаруы (СББ) бар көп мақсатты станоктарға қызмет көрсету және басқару

3

Дайын бөлшектерді станоктар мен қондырғылардан түсіріп алу, дайын бөлшектердің сапасын арнайы бақылау-өлшеу аспаптарымен тексеру

4-кесте. Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы орындайтын
КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функциясының №

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер

1

Қарапайым бөлшектер

Бөлшектерді жүктеу/түсіру құрылғылары, манипуляторлар

1-1) Қарапайым бөлшектерді орнату

Күрделі бөлшектер

Құрылғылар мен жарақ, жүк көтеру тетіктері мен манипуляторлар

1-2) Күрделі бөлшектерді, құрылғы мен жарақты орнату

Құрал-сайман

Құрал-саймандық блоктар, ретке келтіру станогы

1-3) Құрал-сайманды ауыстыра және реттей отырып, құрал-саймандық блоктарды іріктеу және орнату

2

СББ бар станоктардың құжаттамасы

СББ бар көп мақсатты станоктар тобы

2-1) СББ бар көп мақсатты станоктар тобына қызмет көрсету. СББ бар станоктар тобын басқару.

СББ бар станоктардың құжаттамасы

СББ бар станоктардың жекелеген тораптары мен тетіктері

2-2) Жұмыс барысында тораптар мен тетіктерді қосымша баптау

Қарапайымжәне күрделі бөлшектер

СББі бар станоктар тобы, құрылғы және құрал-сайман

2-3) Ауысулар саны көп, бөлшектердің орнын ауыстырып қоюды және СББ бар станоктарды араластырып бекітуді талап ететін күрделі бөлшектерді өңдеу. Реттуден кейін сынамалық бөлшектерді өңдеу

3

Дайын бөлшектер

Дайын бөлшектерді түсіріп алуға арналған құрылғы

3-1) Дайын бөлшектерді түсіріп алу

Дайын бөлшектер

Арнайы бақылау-өлшеу аспаптары және құрал-сайманы

3-2) Дайын бөлшектердің сапасын тексеру

5-кесте. СБШ бойынша 2-біліктілік деңгейіндегі бағдарламалық
басқарылатын станоктар операторының құзыреттеріне қойылатын талаптар

Еңбек міндетінің №

Жеке және кәсіби құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

1-1)

Қарапайым бөлшектерді орнату кезіндегі шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжайтын норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Қарапайым бөлшектерді орнату

Қызмет көрсетілетін ССБ бар станоктар тобының, жүк көтеру механизмдерінің жұмыс істеу принциптерін

1-2)

Күрделі бөлшектерді, құрылғы мен жарақты орнату кезіндегі шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжайтын норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Күрделі бөлшектерді, құрылғы мен жарақты орнату

Қызмет көрсетілетін ССБ бар станоктар тобының, жүк көтеру механизмдерінің жұмыс істеу принциптерін

2-1)

СББ бар көп мақсатты станоктар тобына қызмет көрсету, СББ бар станоктар тобын басқару кезіндегі шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжайтын норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

СББ бар көп мақсатты станоктар тобына қызмет көрсету. СББ бар станоктар тобын басқару

Қызмет көрсетілетін бағдарламамен басқарылатын станоктар жабдығының жұмыс істеу принциптерін, схемаларын, тетіктерінің өзара іс-қимылын;
қызмет көрсетілетін жабдықты басқару қағидаларын, станоктың автоматты режимде және қолмен басқару режимінде жұмысын білу қажет.

2-2)

Жұмыс процесінде тораптар мен тетіктерді қосымша баптау кезіндегі шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжайтын норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Жұмыс процесінде тораптар мен тетіктерді қосымша баптау

Қызмет көрсетілетін станоктардың кинематикалық схемаларын, бағдарламамен басқарылатын көп станоктарға қызмет көрсеткен кезде жұмыстың ұйымдастырылуын білу қажет

3-1)

СББ-дан станоктар тоюын шешіп алу кезіндегі шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжайтын норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

СББ-дан станоктар тоюын шешіп алу

Қызмет көрсетілетін бағдарламамен басқарылатын станоктар жабдығының, жүк көтеру механизмдерінің құрылысын білу қажет

6-кесте. СБШ бойынша 3-біліктілік деңгейіндегі бағдарламалық
басқарылатын станоктар операторының құзыреттеріне қойылатын талаптар

Еңбек міндетінің №

Жеке және кәсіби құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

1-3)

Өз бетінше жоспарлауды, құрал-сайманды ауыстыра және реттей отырып, құрал-саймандық блоктарды іріктеу және орнату.үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Құрал-сайманды ауыстыра және реттей отырып, құрал-саймандық блоктарды іріктеу және орнату.

Кең таралған құрылғы, кескіш құралдардың атауларын, пайдалану мақсатын, құрылымын және пайдалану талаптарын, кескіш құралдың өтпей қалу белгілерін, өңделетін материалдардың атауларын, таңбалануын, негізгі механикалық қасиеттерін білу қажет.

2-3)

Өз бетінше жоспарлауды, ауысулар саны көп, бөлшектердің орнын ауыстырып қоюды және СББ бар станоктарды араластырып бекітуді талап ететін күрделі бөлшектерді өңдеу үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Ауысулар саны көп, бөлшектердің орнын ауыстырып қоюды және СББ бар станоктарды араластырып бекітуді талап ететін күрделі бөлшектерді өңдеу. Реттеуден кейін сынама бөлшектерді өңдеу

Станок жұмысының нәтижесі бойынша кесу режимдерін түзету әдістерін; орындалатын жұмыс шегінде электротехника, электроника, механика, гидравлика, автоматика негіздерін; берілген бөлшектер жасау дәлдігін қамтамасыз ететін тәсілдерді білу қажет

3-2)

Өз бетінше жоспарлауды, дайындалған бөлшектердің сапасын тексеру үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Дайындалған бөлшектердің сапасын тексеру

Бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының жұмыс істеу принциптері мен құрылысы; өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануы; рұқсат ету мен қондыру жүйесі; квалитеттер мен бұдырлылық параметрлері

«Икемді автоматты желілер»
кәсіби стандартына   
4-қосымша       

Келісу парағы

Ұйымның атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Осы КС ____________________________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттар тізбесіне _____________тіркеу нөмірімен енгізілді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні ____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады