Агрономия және агрохимия бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20/56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет минстрлігінде 2014 жылы 21 мамырда № 9437 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 393 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2020 № 393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі "Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 406 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Агрономия және агрохимия бойынша қызметтегі кәсіби стандарт бекітілсін.

      2. Егіншілік департаменті (А.А. Буць) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.

      3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков

      Келісілген

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      Т. Дүйсенова ___________

      2014 жылғы 7 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 21 қаңтардағы
№ 20/56 бұйрығымен
бекітілген

Агрономия және агрохимия
бойынша қызметтегі кәсіби стандарт
1. Жалпы ережелер

      1. Агрономия және агрохимия бойынша қызметтегі кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):

      1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;

      2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге;

      3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге;

      4) кәсіби қызметтің мәніне бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;

      5) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;

      6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

      7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және мамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.

      2. КС негізгі пайдаланушылары:

      1) білім беру мекемелері түлектері, жұмысшылар;

      2) ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

      3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

      3. КС негізінде кәсіпорындар қызметінің функционалдық үлгілеріне, лауазымына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу, еңбекке ынталандыру жүйесіне ішкі, корпоративті стандарттар және басқалар әзірленуі мүмкін.

      4. Осы КС-да келесі терминдер мен аңықтамалар қолданылады:

      1) біліктілік – жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі;

      2) біліктілік деңгейі – атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;

      3) еңбек пәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

      4) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттілікпен құрылған кәсіби қызмет саласындағы құрамдас бөлік;

      6) еңбек функциясы – бизнес-процеспен анықталатын және олардың еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы;

      7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграцияланған негізі (ұқсас және жуық мәндер, объектілер, технологиялар, соның ішінде еңбек құралдары) және еңбек функцияларының ұқсас жиынтығын және оларды орындау үшін құзыреттілікті көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

      8) КС – нақты кәсіби қызмет саласындағы еңбек сапасы мен жағдайы, біліктілігі, құзыреттілігі, мазмұны деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

      9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, тиісінше автономды және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

      10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен нақтыланатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;

      11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдану қаблеті;

      12) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

      13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

      14) сала – шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдыларының жалпылығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

      15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

      16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

      17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіби қызметтер саласының шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын еңбек қызметі түрінің еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5. Экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші 03-2007: 74.90 Басқа санаттарға енгізілмеген басқа кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (агрономия қатысындағы консультациялық қызмет).

      6. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: өсімдіктерді өңдеу, топырақтың жемістілігін, өнімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану және топырақтағы, өсімдіктердегі химиялық үдерістер, өсімдіктердің минералды қоректенуі, тыңайтқыштарды қолдану және топырақты химиялық суландыру туралы ғылымдарды зерделеу және дамыту.

      КС басқа санаттарға енгізілмеген басқа кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (агрономия қатысындағы консультациялық қызмет) кәсіби қызметі саласында еңбек заттарына, сапасына, жағдайына, қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптарды белгілейді.

      7. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында берілген.

      Стандарт талаптары қызмет түрлеріне және осы саланың төмендегі кәсіптеріне жатады:

      топырақ зерттеуші;

      агроном.

3. Еңбек қызметі (кәсіп) түрлерінің карточкасы
1-параграф. Топырақ зерттеуші

      8. СБШ бойынша біліктілік деңгейі - 4-6.

      9. Лауазымның мүмкін атаулары: топырақ зерттеуші.

      10. "Топырақ зерттеуші" кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: топырақ зерттеу саласындағы жұмыс.

      11. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      12. Топырақ зерттеушінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      13. Еңбек функцияларын айқындайтын, топырақ зерттеуші орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      14. Топырақ зерттеушінің орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      15. Топырақ зерттеушінің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5, 6, 7-кестелерінде көрсетілген.

2-параграф. Агроном

      16. СБШ бойынша біліктілік деңгейі - 4-7.

      17. Лауазымның мүмкін атаулары: агроном, агрохимик, бас агроном, бас агроном-агрохимик.

      18. "Агроном" кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: агрономия саласындағы жұмыс.

      19. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      20. Агрономның еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      21. Еңбек функцияларын айқындайтын, агроном орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      22. Агрономның орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек функцияларын әрекеттері осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      23. Агрономның құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5, 6, 7, 8-кестелерінде көрсетілген.

4. КС әзірлеушілері

      24. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады.

      25. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.

  Агрономия және агрохимия
бойынша қызметтегі
кәсіби стандарттың
1-қосымшасы

Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

№ р/с

Қызмет түрі атауы

Еңбек нарығы тенденцияларын есепке алғандағы кәсіп атауы

01-2005 Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуішісіне сәйкес кәсіптер атауы

СБШ біліктілік деңгейлері

1.

Агрономия және агрохимия

Топырақ зерттеуші

Топырақ зерттеуші

4-6

2.

Агрономия және агрохимия

Агроном

Агроном

4-7

  Агрономия және агрохимия
бойынша қызметтегі
кәсіби стандарттың
2-қосымшасы

      1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)

Базалық топ

3212 Топырақ зерттеуші (орта білікті)

2213 Топырақ зерттеуші

Ауыл шаруашылығы саласының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 17/308 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 8 тамызда № 8614 тіркелді)

СБШ біліктілік деңгейі

Санаттар

4

Топырақ зерттеуші (орта білікті) - дәрежесіз, ІІ, І

5

Топырақ зерттеуші (жоғары білімді) - дәрежесіз, ІІ, І

6

Топырақ зерттеуші (ЖОО-дан кейінгі білім) - дәрежесіз, ІІ, І


      2-кесте. Топырақ зерттеушінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс

      тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым)

Кез келген ұйымдық-құқықтық нысанды жеке ауылшаруашылық компаниялар, фермалық, коллективті шаруалықтар, ауылшаруашылық бағыттағы фирмалар, өндіруші кооперативтері

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Жоқ

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі

Қажетті еңбек тәжірибесі

4

Жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе

Дәрежесіз-жұмыс тәжірибесі талап етілмейді; ІІ дәрежелі - дәрежесіз жұмыста 1 жылдан кем емес;

І дәрежелі - ІІ дәрежелі жұмыста жылдан кем емес

5

Техникалық және кәсіби (орта буын маманы), орта білімнен кейінгі, практикалық тәжірибе, немесе жоғары білім

Дәрежесіз- жұмыс тәжірибесі талап етілмейді;

ІІ дәрежелі- І дәрежелі жұмыста жылдан кем емес; І дәрежелі-ІІ дәрежелі жұмыста жылдан кем емес

6

Жоғары білім, практикалық тәжірибе.

Дәрежесіз- жұмыс тәжірибесі талап етілмейді;

ІІ дәрежелі- І дәрежелі жұмыста жылдан кем емес; І дәрежелі-ІІ дәрежелі жұмыста жылдан кем емес


      3-кесте. Топырақ зерттеуші орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын,

      КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек функциясының атауы

(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Аймаққа топырақтық зерттеу жасау бойынша жұмыс. Топырақ контурларының шекарасын және топырақтың негізгі сипаттамасы мен ерекшеліктерін анықтау

2

Бейінді үлгілерді, қышқылдығы мен тұздылығын тексеру үшін үлгілерді іріктеу. Жоспарлы - картографиялық кешенді материалдарын, топырақ очерктерін, сараптамалық жоспарларын жасау

3

Жерді түпкілікті жақсарту, топырақтың әлеуетті құнарлығына және тыңайтқыштарды қолдануға сәйкес ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру үшін ұсыныстарды жасау


      4-кесте. Топырақ зерттеуші орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

(еңбек іс-әрекеттері)

1

Топырақ, тұқымдар

Ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтары, өлшеуіш аспаптары, тұмылдырықтар, қорғаныш костюмдері, компьютер, принтер, топырақтың қасиеттерін анықтауға арналған қолайлы аспап, үлкейткіш шыны

1-1) Топырақтың шығу тегін зерттеу, топырақтардағы табиғи жүретін және ауыл шаруашылығында пайдаланылатын үдерістер серпінін зерттеу

1-2) Аймаққа топырақтық зерттеу жасау бойынша жұмыстарды орындау

1-3) Құнарлықты арттыру

2

Топырақ, қарашірік (жапырақтар, өсімдіктер қалдықтарының органикалық ыдырайтын қалдықтары, басқалар)

Топырақ құнарлығын анықтауға арналған топырақ бұрғысы, фотоаппарат, парта, карта, өлшеуіш лентасы, шөп машинасы, шашыратқыш

2-1) Дала, топырақты және жерді өңдеу жұмыстарын жүргізу

2-2) Топырақтардағы табиғи жүретін және ауыл шаруашылығында пайдаланылатын үдерістер серпінін зерттеуде көмектесу

3

Органикалық, минералдық элементтер, агроландшафт карталары

Өлшеуіш аспаптары, базалық минералды тыңайтқыштар, өсу күнделігі

3-1) Топрақ сапасын анықтау және оны байыту жолдарын анықтау

3-2) Өндірістік бағдарламаларды жасау, агрохимиялық картограммаларды жасау


      5-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі топырақ зерттеушінің

      құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Атқарушылық қызмет: алдыға қойылған мақсатты ескерумен, міндеттерді белгілеу және топырақтану қызметін жоспарлау

Шаруашылық етуші субъектілердің топырағын агрохимиялық тергеу және топыраққа, өсімдіктерге химиялық талдау жүргізу

Кәсіби білім үдерісінде алынған топырақтану саласындағы жұмыс бойынша практикалық тәжірибе негізінде қызметті жүзеге асыруға арналған білім

2-1)

Өнімділікті арттырудың алдын ала белгіленген өлшемдеріне сәйкес жұмыс үдерістерінің нәтижелерін бағалау

Топырақ картасын және агрохимиялық картограмма жасау

Топырақпен жұмыс істеудің негізгі құралдары мен жабдықтарын білу


      6-кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі топырақ зерттеушінің

      құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Атқарушылық қызмет: алдыға қойылған мақсатты ескерумен, міндеттерді белгілеу және топырақтану қызметін жоспарлау. Топырақты байыту жұмыстарын орындау кезінде міндеттерді өзіндік анықтауды қарастырады

Өзіндік талдауды қажет ететін топырақпен жұмыстың практикалық міндеттерін шешу

Кәсіби білім және практикалық тәжірибе (немесе топырақтануда теориялық және практикалық білімнің кең ауқымы). Агрономия және агрохимия саласындағы білігі, жоғарғы білім

2-1)

Ішкі тәртіп ережесін және экологиялық нормалар мен агротехнологиялық талаптарды сақтау

Топырақ картасын және агрохимиялық картограмма жасау, кәсіби топырақтану қызметі шеңберінде құжаттайды және есеп жүргізеді

Топырақтану саласында кәсіби міндеттерді шешуге қажетті ақпаратты дербес іздеу

2-2)

Ұйымның стратегиясы, саясаты мен мақсаттары шеңберіндегі қызмет үдерісін бақылауға қабілеттілік

Әр түрлі шешім тәсілдері мен талғауды білдіретін практикалық тапсырмаларды шешуге қабілеттілік

Өнім шығарудың технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесін, стандарттар, техникалық жағдайлар және өзге де нормативті және технологиялық құжаттаманы жобалау, әзірлеу мен рәсімдеу жөніндегі басқарушы материалдарды білу


      7-кесте. СБШ біліктіліктің 6-деңгейлі топырақ зерттеушінің

      құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

3-1)

Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз етуде бекітілген нәтижелерге қол жеткізу үшін түсіністік пен жауапкершілік

Теориялық және практикалық білімін қолдана отырып, кәсіби мәселелерді шешудің баламалы түрлерін жеке өзі шығарып, ұсыну

Топырақ зерттеу саласындағы білім

3-2)

Ұйымның стратегиясы, саясаты мен мақсаттары шеңберіндегі қызметті бақылауға қабілеттілік

Әр түрлі шешім тәсілдері мен талғауды білдіретін практикалық тапсырмаларды шешуге қабілеттілік

Өнім шығарудың технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесін, стандарттар, техникалық жағдайларды білу

3-3)

Топтағы жұмыстың оңтайлы икемі

Әр түрлі шешімдер тәсілдерінің алуантүрлілігін білдіретін технологиялық және әдістемелік сипаттағы мәселелерді шеше білу

Кәсіби білім мен практикалық тәжірибе (немесе топырақ зерттеу саласындағы теориялық және практикалық білімнің кең ауқымы). Агрономия мен агрохимия саласында білім, жоғары білім

4-1)

Тапсырылған учаскедегі жұмысты басқа учаскелер қызметімен келістіру

Технологиялық үдерістің құрылымдарын жасау, іске қосу, бақылау, бағалау және түзеу

Топырақты зерттеу саласындағы кәсіби тапсырмаларды шешуге қажетті ақпаратты жеке өзі іздеу

4-2)

Кәсіби қызметте, басқаруға ынта білдіруде шығармашылыққа қабілеттілік, кәсіби білімі мен кәсіби қызметіне жауапкершілікті алу

Әр түрлі салалардағы жаңа білім мен интеграция рәсімін дамыту бойынша ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет жүргізу, өз ойын жазбаша және ауызша түрде дұрыс жеткізу, теориялық білімін нақты салада практикада қолдану

Негізгі құралдар мен топырақта жұмыс істеуге арналған жабдықтарды білу

5-1)

Ұйымның стратегиясы, саясаты мен мақсаты шеңберінде еңбек және оқу үдерісін жеке өзі басқарып, бақылауға қабілеттілік, мәселелерді талқылау, қорытындыларды дәйектеу және ақпаратпен сауатты жұмыс жасай білу

Жұмыс жағдайының шарттарына сай өз әрекеттерін түзей білу

Кәсіби білім алу үдерісінде алынған топырақ зерттеу саласындағы практикалық тәжірибесі негізінде қызмет атқару үшін білім

5-2)

Жеке басының және басқа адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапты

Стандартты мәселелерді шеше білу

Нормативті және басқарушы материалдарды білуі

  Агрономия және агрохимия
бойынша қызметтегі
кәсіби стандарттың
3-қосымшасы

      1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттар мен байланысы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)

Базалық топ

3212 Агроном, агрохимик (орта білікті)

2213 Агроном, агрохимик

1221 Бас агроном, бас агроном-агрохимик

Ауыл шаруашылығы саласының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 17/308 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 8 тамызда № 8614 тіркелді)

СБШ біліктілік деңгейі

Санаттар

4

Агроном, агрохимик (орта білікті)- дәрежесіз, ІІ, І

5

Агроном, агрохимик (жоғары білімді)- дәрежесіз, ІІ, І

6

Агроном, агрохимик (ЖОО*дан кейінгі білім)- дәрежесіз, ІІ, І

7

Бас агроном, бас агроном-агрохимик


      2-кесте. Агрономның еңбек шарттарына, біліміне және

      тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым)

Кез келген ұйымдық-құқықтық нысанды жеке ауылшаруашылық компаниялар, фермалық, коллективті шаруалықтар, ауылшаруашылық бағыттағы фирмалар, өндіруші кооперативтері

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Зиян заттардағы рұқсат етілетін шекті концентрациясын асу мүмкіндігі

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі

Қажетті еңбек тәжірибесі

4

Жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе

Дәрежесіз-жұмыс тәжірибесі талап етілмейді; ІІ дәрежелі- дәрежесіз жұмыста 1 жылдан кем емес;

І дәрежелі-ІІ дәрежелі жұмыста жылдан кем емес

5

Техникалық және кәсіби (орта буын маманы), орта білімнен кейінгі, практикалық тәжірибе, немесе жоғары білім

Дәрежесіз-жұмыс тәжірибесі талап етілмейді; ІІ дәрежелі- дәрежесіз жұмыста 1 жылдан кем емес;

І дәрежелі-ІІ дәрежелі жұмыста жылдан кем емес

6

Техникалық және кәсіби (орта буын маманы), орта білімнен кейінгі, практикалық тәжірибе, немесе жоғары білім

Дәрежесіз-жұмыс тәжірибесі талап етілмейді; ІІ дәрежелі- дәрежесіз жұмыста 1 жылдан кем емес;

І дәрежелі-ІІ дәрежелі жұмыста жылдан кем емес

7

Техникалық және кәсіби (орта буын маманы), орта білімнен кейінгі, практикалық тәжірибе, немесе жоғары білім

Кәсіби қызметінде 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі


      3-кесте. Агроном орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын,

      КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек функциясының атауы

(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Ауыл шаруашылық алқаптар өнімділігін, топырақтың құнарлығын арттыру бойынша шаралар орындалуын, жұмыс күшін, техникаларды тиімді пайдалану, органикалық және минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді, өсіру реттегішін дұрыс қолдану ұйымдастыру

2

Қарқынды технология және ауылшаруашылық дақылдарын өңдеу мен жинау озық тәжірибесі, және жемшөптің дайындамасы мен сақталуы

3

Егістік алқаптарының ауыспалы егістігін және тиімді құрылымын игеруді қамтамасыз ету


      4-кесте. Агроном орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

(еңбек іс-әрекеттері)

1

Топырақ, тұқымдар, өсімдіктер, тыңайтқыштар, гербицидтер

Ауыл шаруашылық машиналар, құрал-жабдықтар

1-1) Ауыл шаруашылық дақылдарды өсіру үшін және оларды тиімді пайдалану үшін агроландшафттардың жарамдылығын бағалау

1-2) Тұқым материалдары мен сұрыптарын іріктеу

1-3) Ауыл шаруашылық дақылдарды мен өсімдіктерді өсірудегі замануи агротехникалық тәсілдерді ұйымдастыру, өткізу және енгізу, технологиялық тәртіптің сақталуын қадағалау

2

Егін, бидай

Ауыл шаруашылық машиналар, бидайды таңдау саймандары, компьютер, бағдарламалар

2-1) Өсімдік өсіру өнімдерінің сапасын бағалау және оны пайдалану тәсілдерін анықтау

2-2) Өндірістік коллективтерді ұйымдастыру мен оларды басқару

2-3) Өсімдік өсіру өнімдерін өндірудің энергетикалық және экономикалық тиімділігін анықтау және бәсекелістікті арттыру үшін технологиялық шешім қабылдау


      5-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі агрономның құзыретіне

      қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Басшылыққа өндіру мәліметтерін ұсына отырып құжаттандырып, алдын ала белгіленген талаптарға сай жұмыс барысының нәтижесін бағалау

Жұмыс жағдайы мен оның болжамды өзгерістерін өзіндік талдауды талап ететін әр түрлі үлгілік практикалық міндеттерді орындау

Кәсіби білім алу барысында және өздігінен алынған жұмыс тәжірибесіне негізделіп қызмет көрсетуге қажетті білім

2-1)

Еңбек қызметінің белгілі сала дәрежесінде негізгі басшылығымен анықтау мен келісу, шарттар талап еткендей алтернативті әрекет жасау және басқа жұмысшылармен қарым қатынас

Өздігінен жоспарлауда кең ауқымды практикалық және танымдық біліктілікті қолдану, жұмыс жасау мен жұмыс процесстерін және ауылшаруашылық саласында басшылықтың қол астында жұмыс нәтижесін бағалау

Жұмыс процестері бойынша, рәсімдерді, сапаны қадағалауда, құжаттандыру мен есепте кең ауқымды білімнің болуы


      6 кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі агрономның құзыретіне

      қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Технологиялық үдерістің учаскесінде қызметкерлердің қызметіндегі нәтижеге жауапкершілік қабылдаумен оларды басқару

Шешу жолдарының әркелкілігін және оларды таңдауды қажет ететін практикалық міндеттерді орындау

Кәсіби білім және практикалық тәжірибе немесе кәсіби салада кең ауқымды теориялық және практикалық білім. Агрономия және агрохимия саласындағы білігі, жоғарғы білім

2-1)

Жұмыс күшін үлестіреді, жұмыс барысына қарап нақты және нәтижелі нұсқаулар береді

Құжаттандырады және есепті кәсіби қызметі шеңберінде жүргізеді

Жүйелі талдау методологиясы жайында және кәсіби жағдайларды проекциялау жайында жан-жақты білімі бар


      7 кесте. СБШ біліктіліктің 6-деңгейлі агрономның

      құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Технологиялық үдерістің учаскесінде қызметкерлердің қызметіндегі нәтижеге жауапкершілік қабылдаумен оларды басқару

Шешу жолдарының әркелкілігін және оларды таңдауды қажет ететін практикалық міндеттерді орындау

Кәсіби білім және практикалық тәжірибе немесе кәсіби салада кең ауқымды теориялық және практикалық білім. Агрономия және агрохимия саласындағы білігі, жоғарғы білім

2-1)

Жұмыс күшін үлестіреді, жұмыс барысына қарап нақты және нәтижелі нұсқаулар береді

Құжаттандырады және есепті кәсіби қызметі шеңберінде жүргізеді

Жүйелі талдау методологиясы жайында және кәсіби жағдайларды проекциялау жайында жан-жақты білімі бар

2-2)

Тапсырылған учаскедегі жұмысты басқа учаскелер қызметімен келістіру

Технологиялық үдерістің құрылымдарын жасау, іске қосу, бақылау, бағалау және түзеу

Топырақты зерттеу саласындағы кәсіби тапсырмаларды шешуге қажетті ақпаратты жеке өзі іздеу

2-3)

Кәсіби қызметте, басқаруға ынта білдіруде шығармашылыққа қабілеттілік, кәсіби білімі мен кәсіби қызметіне жауапкершілікті алу

Әр түрлі салалардағы жаңа білім мен интеграция рәсімін дамыту бойынша ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет жүргізу, өз ойын жазбаша және ауызша түрде дұрыс жеткізу, теориялық білімін нақты салада практикада қолдану

Негізгі құралдар мен топырақта жұмыс істеуге арналған жабдықтарды білу


      8 кесте. СБШ біліктіліктің 7-деңгейлі агрономның

      құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Технологиялық үдерістің учаскесінде қызметкерлердің қызметіндегі нәтижеге жауапкершілік қабылдаумен оларды басқару

Шешу жолдарының әркелкілігін және оларды таңдауды қажет ететін практикалық міндеттерді орындау

Кәсіби білім және практикалық тәжірибе немесе кәсіби салада кең ауқымды теориялық және практикалық білім. Агрономия және агрохимия саласындағы білігі, жоғарғы білім

2-1)

Жұмыс күшін үлестіреді, жұмыс барысына қарап нақты және нәтижелі нұсқаулар береді

Құжаттандырады және есепті кәсіби қызметі шеңберінде жүргізеді

Жүйелі талдау методологиясы жайында және кәсіби жағдайларды проекциялау жайында жан-жақты білімі бар

2-2)

Кәсіби қызметте, басқаруға ынта білдіруде шығармашылыққа қабілеттілік, кәсіби білімі мен кәсіби қызметіне жауапкершілікті алу

Әр түрлі салалардағы жаңа білім мен интеграция рәсімін дамыту бойынша ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет жүргізу, өз ойын жазбаша және ауызша түрде дұрыс жеткізу, теориялық білімін нақты салада практикада қолдану

Негізгі құралдар мен топырақта жұмыс істеуге арналған жабдықтарды білу

3-1)

Ұйымның стратегиясы, саясаты мен мақсаты шеңберінде еңбек және оқу үдерісін жеке өзі басқарып, бақылауға қабілеттілік, мәселелерді талқылау, қорытындыларды дәйектеу және ақпаратпен сауатты жұмыс жасай білу

Жұмыс жағдайының шарттарына сай өз әрекеттерін түзей білу

Кәсіби білім алу үдерісінде алынған топырақ зерттеу саласындағы практикалық тәжірибесі негізінде қызмет атқару үшін білім

3-2)

Жеке басының және басқа адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапты

Стандартты мәселелерді шеше білу

Нормативті және басқарушы материалдарды білуі

  Агрономия және агрохимия
бойынша қызметтегі
кәсіби стандарттың
4-қосымшасы

Келісу парағы

Ұйымның атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


      Осы КС тіркелді _____________________________________________________

      Кәсіби стандарттар Реестріне енгізілді, тіркеу № ____________________

      Хат (хаттама) № ____________________ Күні ___________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады