Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20/57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 мамырда № 9438 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 393 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2020 № 393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі "Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 406 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру бойынша қызметтегі кәсіби стандарт бекітілсін.

      2. Мал шаруашылығы департаменті (Е.Қ. Ахметов), қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті (А.Б. Құсайынова) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.

      3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А.Мамытбеков

      Келісілген

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      Т. Дүйсенова ___________

      2014 жылғы 7 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 21 қаңтардағы
№ 20/57 бұйрығымен бекітілген

Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру қызметіндегі кәсіби стандарт
1. Жалпы ережелер

      1. Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру қызметіндегі кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):

      1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;

      2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеру бағдарламаларын әзірлеу талаптарын белгілеуге;

      3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарын белгілеуге;

      4) кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;

      5) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;

      6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

      7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және мамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.

      2. КС негізгі пайдаланушылары:

      1) білім беру мекемелері түлектері, жұмысшылар;

      2) ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

      3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

      3. КС негізінде кәсіпорындар қызметінің функционалдық үлгілеріне, лауазымына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу, еңбекке ынталандыру жүйесіне ішкі, корпоративті стандарттар және басқалар әзірленуі мүмкін.

      4. Осы КС-да төмендегі терминдер мен аңықтамалар қолданылады:

      1) біліктілік – жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі;

      2) біліктілік деңгейі\білікті деңгейі – атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;

      3) еңбек заты - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

      4) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттілікпен құрылған кәсіби қызмет саласындағы құрамдас бөлік;

      6) еңбек функциясы – бизнес-үрдісімен анықталатын және еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы;

      7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграцияланған негізі (ұқсас және жуық мәндер, объектілер, технологиялар, соның ішінде еңбек құралдары) және еңбек функцияларының ұқсас жиынтығын және оларды орындау үшін құзыреттілікті көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

      8) КС – нақты кәсіби қызмет саласындағы еңбек сапасы мен жағдайы, біліктілігі, құзыреттілігі, мазмұны деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

      9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, тиісінше автономды және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

      10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен куәландырылатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;

      11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдануеға деген қаблеті;

      12) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

      13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

      14) сала – шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдыларының жалпылығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

      15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

      16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

      17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіби қызметтер саласының шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын еңбек қызметінің түрінің еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5. Экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет облысы) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісі 03-200710.51 Сүтті жасап шығару және ірімшік өндірісі

      6. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: өндірістік тәуелсіздік, бұл ретте өндірістік тауарлардың нақты қолжетімділігі отандық өндіріс есебінен жүргізіледі және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық өнімдерін және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіру үшін экономикалық жағдай жасау.

      КС тағам өнімдерін өндіру кәсіби қызмет саласында еңбек мәніне, сапасына, жағдайына және қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптарды белгілейді.

      7. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында берілген.

      Стандарт талаптары қызмет түрлеріне және осы саланың төмендегі кәсіптеріне жатады:

      сауыншы;

      машинамен сауу операторы;

      қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы).

3. Еңбек қызметі (кәсіп) түрлерінің карточкасы
1-параграф. Сауыншы

      8. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3.

      9. Лауазымның мүмкін атаулары: сауыншы.

      10. "Сауыншы" кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: сүт және дәстүрлі сусындар өндірісі.

      11. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      12. Сауыншының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      13. Еңбек функцияларын айқындайтын, сауыншы орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      14. Сауыншының орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      15. Сауыншының құзыреттіліктеріне қойылатын талаптары осы КС 2-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.

2-параграф. Машинамен сауу операторы

      16. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 4.

      17. Лауазымның мүмкін атаулары: машинамен сауу операторы.

      18. "Машинамен сауу операторы" кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: сүт және дәстүрлі сусындар өндірісі.

      19. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      20. Машинамен сауу операторының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      21. Еңбек функцияларын айқындайтын, машинамен сауу операторы орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      22. Машинамен сауу операторының орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      23. Машинамен сауу операторының құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.

3-параграф. Қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы)

      24. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3.

      25. Лауазымның мүмкін атаулары: қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы).

      26. "Қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы)" кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: сүт және дәстүрлі сусындар өндірісі.

      27. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 4-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      28. Қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы) еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      29. Еңбек функцияларын айқындайтын, қымыз дайындаушының (шұбат дайындаушының) орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 4-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      30. Қымыз дайындаушының (шұбат дайындаушының) орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 4-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      31. Қымыз дайындаушының (шұбат дайындаушы) құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген

4. КС әзірлеушілері

      32. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады.

      33. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 5-қосымшасында көрсетілген.

  Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру
қызметіндегі кәсіби стандартының
1-қосымшасы

Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

№ р/с

Қызмет түрі атауы

Еңбек нарығы үрдістерін есепке алғандағы кәсіп атауы

01-2005 Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуішісіне сәйкес кәсіптер атауы

СБШ біліктілік деңгейлері

1.

Сүт және дәстүрлі сусындар өндірісі

Сауыншы

Сауыншы

3-4

2.

Сүт және дәстүрлі сусындар өндірісі

Машинамен сауу операторы

Машинамен сауу операторы

3-4

3.

Сүт және дәстүрлі сусындар өндірісі

Қымыз дайындаушы (Шұбат дайындаушы)

Қымыз дайындаушы (Шұбат дайындаушы)

3

  Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру
қызметіндегі кәсіби стандартының
2-қосымшасы

1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)

Базалық топ

6121 Сауыншы

Жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА)

Шығарылым, БТБА тарауы

64-шығарылым, тарау: Мал шаруашылығындағы жұмыс және жұмысшылардың кәсіптері

БТБА бойынша кәсібі

Сауыншы

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

3

4-5

4

6

2-кесте. Сауыншының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым)

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі, цехтағы, зауыттағы жұмыс

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Жоқ

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі

Қажетті еңбек тәжірибесі

3

Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту).

Кәсіби дайындықтың бар болған жағдайында талап етілмейді немесе 1 жылдан кем емес тәжірибе қажет

4

Жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе

3-деңгейде 3жылдан кем емес

3-кесте. Сауыншы орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек функциясының атауы

(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Жануарларды қолмен саууды жүзеге асырады

2

Жануарларды күтіп-ұстауды жақсарту, жануарлардың сүт өнімділігін арттыру, сапасы жоғары сүт алу мақсатында қоректі жем-шөппен қоректендіру, жөніндегі іс-шаралар орындайды

3

Жануарлардың денсаулығын қадағалайды. Жануарлардың сүт өнімділігін арттыруға және бұзауларын көбейтуіне бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады

4-кесте. Сауыншы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері)

1

Сүт, жануарлар

Шелек, қолғап, халат, калпақ, етік, жем, тазалау үшін қылшақ

1-1) Жануарларды қолмен сауу

1-2) Жануарларды күту

5-кесте. СБШ біліктілігінтің 3-деңгейлі сауыншының құзыретіне қоятын талаптары

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Жануарларды сауу кезінде өзінің денсаулығы мен қауіпсіздігіне, басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік алады

Сауу міндетін орындаудың тәсілін, еңбек заты мен құралын, бағалау қағидаларын, саууды өлшеу тәсілдерін дербес анықтайды

Жанауарларды ұстау қағидалары мен талаптары. Затты түрлендіру технологиясын, сауыншының жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруды біледі

2-1)

Жұмыс үдерісін жоспарлауды қоса алғанда сауудың атқарушылық қызметін түсіну

Сауыншы білімі және практикалық сауу тәжірибесі негізінде белгілі жұмыс тәсілдерін таңдау, сондай-ақ алынған нәтижелерді ескерумен әрекетін түзету

Жануарлардың желінін күту және желіннің жиі кездесетін ауруларын білу және ауырған жануарларға алғашқы көмек көрсету

6-кесте. СБШ біліктілігінтің 4-деңгейлі сауыншының құзыретіне қоятын талаптары

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Жануарларды сауу кезінде өзінің денсаулығы мен қауіпсіздігіне, басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік алады

Сауу міндетін орындаудың тәсілін, еңбек заты мен құралын, бағалау қағидаларын, саууды өлшеу тәсілдерін дербес анықтайды

Жанауарларды ұстау қағидалары мен талаптары. Затты түрлендіру технологиясын, сауыншының жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруды біледі

2-1)

Жұмыс үдерісін жоспарлауды қоса алғанда сауудың атқарушылық қызметін түсіну

Сауыншы білімі және практикалық сауу тәжірибесі негізінде жұмыс тәсілдерін таңдау, сондай-ақ алынған нәтижелерді ескерумен әрекетін түзету

Жануарлардың желінін күту және желіннің жиі кездесетін ауруларын білу және ауырған жануарларға алғашқы көмек көрсету

3-1)

Басшылыққа сауу жөнінде есептік деректер ұсынады

Стандартты практикалық міндеттерді шеше білу, саууды дербес жоспарлау, орындау және бағалау контекстінде сауу дағдылары

Сүттің сапасын бақылау және сауу жөніндегі құжаттама жүргізу тәртіптемесін білу

  Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру
қызметіндегі кәсіби стандартының
3-қосымшасы

1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)

Базалық топ

6121 Машинамен сауу операторы

Жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА)

Шығарылым, БТБА тарауы

64-шығарылым, тарау: Мал шаруашылығындағы жұмыс және жұмысшылардың кәсіптері

БТБА бойынша кәсібі

Машинамен сауу операторы

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

3

4-5

4

6

2-кесте. Машинамен сауу операторының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым)

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі, цехтағы, зауыттағы жұмыс

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Жоқ

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі

Қажетті еңбек тәжірибесі

3

Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту).

Кәсіби дайындықтың бар болған жағдайында талап етілмейді немесе 1 жылдан кем емес тәжірибе қажет

4

Жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе

3-деңгейде 3жылдан кем емес

3-кесте. Машинамен сауу операторы орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек функциясының атауы

(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Сауын сиырға топ бойынша өнімділігі орташа екі аппаратпен сиырларды машинамен саууды жүргізеді

2

Малдың желінін маститке тексеру және күту мен маститпен ауырудың алдын алу жөніндегі санитарлық-ветеринарлық жұмыстарды жүргізу

3

Аппараттарды іске қосады және сөндіреді, олардың жұмыс жиілігін тексереді және жұмысын бақылайды

4-кесте. Машинамен сауу операторы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

(еңбек іс-әрекеттері)

1

Жануарлар, Сауу аппараттары

Мақтадан жасалған халат, металл контейнерлер, машинамен саууға арналған жабдық

1-1) Сиырларды машинамен саууды орындайды

1-2) Тұмса сиырларды машинамен саууға үйрету және олардың сауын сүтін арттырады

1-3) Сауу толықтығын тексеру

2

Сүт

Сүт өнімдері

Резеңке етік, көкірекше, қолғап, қалпақ

2-1) Маститке тексеруді жүзеге асырады

2-2) Малдың желінін залалсыздандырушы препараттарымен өңдейді

2-3) Сауу аппараттарын ашады, қайта жинайды, жуады және залалсыздандырады.

5-кесте. СБШ біліктіліктің 3-деңгейлі машинамен сауу операторының құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Машинамен сауу операторының міндетін орындау кезінде өзінің денсаулығы мен қауіпсіздігіне, басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік алады

Машинамен сауу операторының міндетін орындаудың тәсілін, еңбек заты мен саууды өлшеуді бағалау мен әдісін дербес анықтайды

Сауу аппараттарын пайдалану ережесін және құрылғысын біледі

2-1)

Жұмыс үдерісін жоспарлауды қоса алғанда машинамен сауу операторының атқарушылық қызметін түсінеді

Машинамен сауу операторы білімі және практикалық сауу тәжірибесі негізінде белгілі жұмыс тәсілдерін таңдау, сондай-ақ алынған нәтижелерді ескерумен қызметін түзету

Сауу аппаратын жинақтау, сақтау қағидалары

6-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі машинамен сауу операторының құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Машинамен сауу операторының міндетін орындау кезінде өзінің денсаулығы мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік алады

Машинамен сауу операторының міндетін орындаудың тәсілін, еңбек заты мен саууды өлшеуді бағалау мен әдісін дербес анықтайды

Сауу аппараттарын пайдалану ережесін және құрылғысын біледі

2-1)

Жұмыс үдерісін жоспарлауды қоса алғанда машинамен сауу операторының атқарушылық қызметін түсіну

Машинамен сауу операторы білімі және практикалық сауу тәжірибесі негізінде белгілі жұмыс тәсілдерін таңдау, сондай-ақ алынған нәтижелерді ескерумен қызметін түзету

Сауу аппаратын жинақтау, сақтау қағидалары

3-1)

Басшылыққа сауу жөнінде есептік деректер ұсынады

Стандартты және қарапайым біртектес практикалық міндеттерді шеше білу, дербес жоспарлау, орындау және бағалау контекстінде машинамен сауу операторының дағдылары

Сапасы жоғары сүт алуды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін және оны салқындату техникасын біледі

  Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру
қызметіндегі кәсіби стандартының
4-қосымшасы

1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)

Базалық топ

6121 Қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы)

Республикасы жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА)

Шығарылым, БТБА тарауы

64-шығарылым, тарау: Мал шаруашылығындағы жұмыс және жұмысшылардың кәсіптері

БТБА бойынша кәсібі

Қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы)

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

3

3-4

2-кесте. Қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы) еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым)

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі, цехтағы, зауыттағы жұмыс

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Жоқ

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі

Қажетті еңбек тәжірибесі

3

Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту)

Кәсіби дайындықтың бар болған жағдайында талап етілмейді немесе 1 жылдан кем емес тәжірибе қажет

3-кесте. Қымыз дайындаушының (шұбат дайындаушы) орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек функциясының атауы

(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Жылқыларға, түйелерге күтім жасау, жем беру және сауу

2

Сүтті ашытуды жүзеге асыру

3

Сүттің жарамсыздығын анықтайды, оның алдын алу шараларын және жою тәсілдерін анықтайды

4-кесте. Қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы) орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек пә

Еңбек құралдары

Міндеттер

(еңбек іс-әрекеттері)

1

Жылқылар

Жем, тазалауға арналған қылшақ, мақтадан жасалған халат, қалпақ, резеңке етік, көкірекше

1-1) Жылқыларға күтім жасау

1-2) Байталдарды сауу

1-3) Қымыз дайындау жөніндегі дайындық жұмысын жүргізу

2

Сүт

Қолғаптар, шелек, сүтті ашытуға арналған жабдық

2-1) Сүтті алғашқы өңдеу, айранын араластыру, қымыз құю

2-2) Сүтті алғашқы өңдеуге қолданылған ыдыс пен жабдықты жуу және залалсыздандыру

5-кесте. СБШ біліктіліктің 3-деңгейлі қымыз дайындаушының (шұбат дайындаушының) құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы) міндетін орындау кезінде өзінің денсаулығы мен қауіпсіздігіне, басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік алады

Қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы) міндеттерін орындау үшін жұмыс тәсілдерін дербес анықтау

Қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғауды, сондай-ақ сүт зертханасының құрылғылары мен жабдықтарын, МЕМСТ сүт сапасына қоятын талаптарын білу

2-1)

Жұмыс үдерісін жоспарлауды қоса алғанда, қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы) атқарушылық қызметін түсіну

Қымыз жасау (шұбат жасау) білімдері негіздерінен және оны дайындау тәжірибелерінен шығатын әрекеттік тәсілдерді таңдау және алынған нәтижелер негізінде әрекеттерін түзету

Қымыз (шұбат) дайындау технологиясын, жануарларды жемдеу тәртіптері мен нормаларын, жануарларға күтім жасау зоотехникалық және мал дәрігерлік ережелерін білу

3-1)

Қымызды (шұбатты) дайындау бойынша деректік есептерді басшылыққа ұсынады

Стандартты және қарапайым біртектес практикалық міндеттерді шеше білу, дербес жоспарлау, орындау және бағалау контекстінде қымыз (шұбат) дайындаушының дағдыларына ие болу

Микробиология негіздерін, қымыз дайындау технологиясын, сүттің бұзылғандығын, оны бұзылудан қорғау тәсілдерін және сақтық шараларын жасай білу

  Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру
қызметіндегі кәсіби стандартының
5-қосымшасы

Келісу парағы

Ұйымның атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


      Осы КС тіркелді____________________________________________________

      Кәсіби стандарттар Реестріне енгізілді, тіркеу № __________________

      Хат (хаттама) № ___________________Күні____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады