Мелиорация және ауыл шаруашылығы жерлерін қалпына келтіру бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20/38 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 мамырда № 9440 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 393 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2020 № 393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі "Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 406 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мелиорация және ауыл шаруашылығы жерлерін қалпына келтіру бойынша қызметтегі кәсіби стандарт бекітілсін.

      2. Мелиорация және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету басқармасы (М.Т. Нарбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.

      3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А.Мамытбеков

Келісілген

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі

Т. Дүйсенова

2014 жылғы 7 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 21 қаңтардағы
№ 20/38 бұйрығымен
бекітілген

Мелиорация және ауыл шаруашылығы жерлерін қалпына келтіру бойынша қызметтегі кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. Мелиорация және ауыл шаруашылығы жерлерін

      қалпына келтіру бойынша қызметтегі кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):

      1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;

      2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге;

      3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге;

      4) кәсіби қызметтің мәніне бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;

      5) қызметкерлер құрамын басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;

      6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

      7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және мамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.

      2. КС негізгі пайдаланушылары:

      1) білім беру мекемелері түлектері, жұмысшылар;

      2) ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

      3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

      3. КС негізінде кәсіпорындар қызметінің функционалдық үлгілеріне, лауазымына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу, еңбекке ынталандыру жүйесіне ішкі, корпоративті стандарттар және басқалар әзірленуі мүмкін.

      4. Осы КС-да төмендегі терминдер мен аңықтамалар қолданылады:

      1) біліктілік – жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі;

      2) біліктілік деңгейі\білікті деңгейі – атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;

      3) еңбек пәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

      4) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттілікпен құрылған кәсіби қызмет саласындағы құрамдас бөлік;

      6) еңбек функциясы – бизнес-процеспен анықталатын және олардың еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы;

      7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграцияланған негізі (ұқсас және жуық мәндер, объектілер, технологиялар, соның ішінде еңбек құралдары) және еңбек функцияларының ұқсас жиынтығын және оларды орындау үшін құзыреттілікті көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

      8) КС – нақты кәсіби қызмет саласындағы еңбек сапасы мен жағдайы, біліктілігі, құзыреттілігі, мазмұны деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

      9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, тиісінше автономды және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

      10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен нақтыланатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;

      11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдану қаблеті;

      12) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

      13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

      14) сала – шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдыларының жалпылығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

      15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

      16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

      17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіби қызметтер саласының шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын еңбек қызметінің түрінің еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5. Экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісі 03-2007: 39.00 Топырақ құнарлығын қайта қалпына келтіру және қалдықтарды жою саласындағы басқа да қызметтер.

      6. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: суармалы жер көлемін, олардың өнімділігін ұлғайтып, жердің экологиялық-мелиорациялық күйін жақсарту, профилактикалық жер өңдеу жұмыстарын жүргізу.

      КС келесідей кәсіби салада белгіленеді: топырақ құнарлығын қайта қалпына келтіру және қалдықтарды жою саласындағы басқа да қызметтер.

      7. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында берілген.

      Стандарт талаптары қызмет түрлеріне және осы саланың төмендегі кәсіптеріне жатады:

      Агрегаттарды жөндеу бойынша слесарь;

      Су құрылысын жөндеу маманы.

3. Еңбек қызмет (кәсіп) түрлерінің карточкасы
1-параграф. Агрегаттарды жөндеу бойынша слесарь

      8. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3-4.

      9. Лауазымның мүмкін атаулары: агрегаттарды жөндеу бойынша слесарь.

      10. "Агрегаттарды жөндеу бойынша слесарь" кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: мелиорациялау және ауылшаруашылық жерлерді қайта қалпына келтіру.

      11. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      12. Агрегаттарды жөндеу бойынша слесарьдің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      13. Еңбек функцияларын айқындайтын, агрегаттарды жөндеу бойынша слесарь орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      14. Агрегаттарды жөндеу бойынша слесарьдің орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      15. Агрегаттарды жөндеу бойынша слесарьдің құзыреттілігіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5, 6-кестелерінде көрсетілген.

2-параграф. Гидротехник

      16. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 4-7.

      17. Лауазымның мүмкін атаулары: гидротехник (инженер-гидротехник, техник-гидротехник, бас гидротехник).

      18. "Гидротехник" кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: мелиорациялау және ауылшаруашылық жерлерді қайта қалпына келтіру.

      19. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      20. Гидротехниктің (инженер-гидротехниктің) еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      21. Еңбек функцияларын айқындайтын, гидротехник (инженер-гидротехник) орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      22. Гидротехниктің (инженер-гидротехниктің) орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      23. Гидротехниктің (инженер-гидротехниктің) құзыреттілігіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.

4. КС әзірлеушілері

      24. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады.

      25. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 4- қосымшасында көрсетілген.

  Мелиорация және ауыл шаруашылығы жерлерін
қалпына келтіру бойынша қызметтегі
кәсіби стандартының
1-қосымшасы

Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

№ р/с

Қызмет түрі атауы

Еңбек нарығы тенденцияларын есепке алғандағы кәсіп атауы

01-2005 Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуішісіне сәйкес кәсіптер атауы

СБШ біліктілік деңгейлері

1.

Мелиорациялау және ауыл шаруашылық жерлерді қайта қалпына келтіру

Агрегаттарды жөндеу бойынша слесарь

Агрегаттарды жөндеу бойынша слесарь

3-4

2.

Мелиорациялау және ауыл шаруашылық жерлерді қайта қалпына келтіру

Гидротехник, Инженер-гидротехник

Техник-гидротехник

Гидротехник, Инженер-гидротехник Техник-гидротехник

4-7

  Мелиорация және ауыл шаруашылығы жерлерін
қалпына келтіру бойынша қызметтегі
кәсіби стандартының
2-қосымшасы

1-кесте. Қолданыстағы заңнамалық құжаттармен байланысы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)

Базалық топ

7232 Агрегаттарды жөндеу бойынша слесарь

Қазақстан Республикасы жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА)

Шығарылым, БТБА тарауы

22-шығарылым, Өндіріс және ұшу аппараттарының, қозғалтқыштардың және олардың құралдарының жөндеу жұмыстары тарауы

БТБА бойынша кәсібі

Агрегаттарды жөндеу бойынша слесарь

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

3

3-5

4

6-8

2-кесте. Агрегаттарды жөндеу бойынша слесарьдің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым)

Кез келген ұйымдық-құқықтық формасындағы жеке ауыл шаруашылық компаниялар, фермерлік, ұжымдық шаруашылықтар, ауыл шаруашылық бағыттағы фирмалар, өндірістік кооперативтер

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Жоқ

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі

Қажетті еңбек тәжірибесі

3

Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту)

Талап етілмейді

4

Жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе

3 деңгейде тәжірибесі 3 жылдан кем емес

3-кесте. Агрегаттарды жөндеу бойынша слесарь орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек функциясының атауы

(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Қарапайым агрегаттарды жөндеу

2

Агрегаттардың бөлшектерін жөндеу барысында слесарлық жұмыстарды атқару

3

Сырлау арқылы агрегаттың қарапайым бөлшектерін шақтау

4-кесте. Агрегаттарды жөндеу бойынша слесарь орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

(еңбек іс-әрекеттері)

1

Агрегаттар

Агрегаттар корпустары, бекіту бөлшектері, сорғыш, жаңбырлатқыш агрегаттар

1-1) 8-11 квалитетті бойынша агрегаттар бөлшектерін жөндеу барысында слесарлық жұмыстарды атқару, сырлау арқылы орны бойынша агрегаттардың қарапайым бөлшектерін шақтау

1-2) ұғымалар арқылы саңылау тесу, бүркеншіксіз шегелер және шпилькаларды орнату

2

Агрегаттар бөлшектері

Бекіту бөлшектері, реттелетін шүбектер, газ трубиналарының біліктері, кесуге арналған құралдар

2-1) қүрделі агрегаттардың арнайы және аралас стендтарын жөндеу және сынау, агрегат бөлшектерін егеу, бұранданы қолмен кесу

2-2) слесарлық операцияларды жөндеу кезінде іске асыру

3

Жұмыс техникасы

Кестелер, өлшеу құралдары, тәжірибелік агрегаттар, эталондар, нұсқаулықтар, ережелер, және талаптар

3-1) сызбалар және кинематикалық кестелерді оқу ережесі

3-2) сынау кестелерін қарастыра қүрделі тәжірибелік агрегаттарды жөндеу және сынақ жұмыстарын жүргізу, жұмысшылар және бақылау эталондары бойынша стендтік құрылғыларды икемдеу және реттеу

5-кесте. СБШ біліктіліктің 3-деңгейлі агрегаттарды жөндеу бойынша слесарьдің құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Мелиорациялық техниканы жөндеу бойынша қажетті ресурстарды анықтау және бағалаудағы функционалдық міндеттер шеңберіндегі жауапкершілік

Жөндеудің басты тәжірибелік және танымдық икемділіктерін қолдана стандартты практикалық мәселелерді шешу

Ауыл шаруашылық мелиорациялық техниканы жөндеу бойынша кәсіби даярлық кезінде алынған білім

1-2)

Ұғымалар арқылы саңылау тесу, бүркеншіксіз шегелер және шпилькаларды орнатуға қажетті құралдарды функционалдық міндеттер шеңберінде анықтау және бағалау жауапкершілігі

Құрылыс дағдыларының негізін қолданып стандартты практикалық тапсырмаларды шешу

Ауылшаруашылығы мелиоративті техникаларын жөндеу бойынша кәсіби дайындық үдерісінде алынған білім

2-1)

Жөндеу бойынша үрдісті жоспарлауды қосатын атқарушы қызметті түсіну

Белгілі бір міндеттер шеңберінде жұмыс сапасы мен нәтижесі үшін жауапкершілік, техника жұмысы сенімділігіне жоғары талаптар

Мелиоративті техниканың негізгі және қарапайым құралдарын білу

2-2)

Слесарлік операцияларды орындау жұмысын үдерістің жұмыс жоспарына қосатын орындаушылық қызмет көрсетуді түсіну

Нақты тапсырма шеңберінде жұмыс сапасы мен нәтижесі үшін жауапкершілік, жұмыс техникаларының сенімділігіне қойылатын жоғары талаптар

Мелиоративті техниканың негізгі және қарапайым құралдарын білу

6-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі агрегаттарды жөндеу бойынша слесарьдің құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

3-1)

Жөндеу жұмысында белгіленген нәтижелерге өз бетімен жету үшін қажетті ресурстарды бағалау және анықтау бойынша функционалдық міндеттер шеңберіндегі жауапкершілік

Стандартты практикалық мәселелерді шешуде, жекелей жоспарлауда икемділік

Жөндеу жұмыстарын кәсіби даярлау барысында алынған тәжірибелік- бағытталған кәсіби білім

3-2)

Техника күйін бақылау бойынша жұмыс үрдісін қосатын атқарушы қызметті түсіну

Жұмысты жоспармен салыстырады, жоспарланған нәтижеге қол жеткізуді және алынған нәтиженің сапа нормаларына сай болуын қамтамасыз етеді

Техникалық қызмет көрсету, жұмыс құралдары мен бөлшектерінің орнын ауыстыру, сақтау және қоймаға апаруды білу

  Мелиорация және ауыл шаруашылығы жерлерін
қалпына келтіру бойынша қызметтегі
кәсіби стандартының
3-қосымшасы

1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)

Базалақ топ

1226 Гидротехник (инженер-гидротехник, техник-гидротехник)

1221 Бас гидротехник

Қазақстан Республикасы жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА)

Ауыл шаруашылығысаласының басшылары мен мамандары лауазымдарының типтік біліктілік қасиеттері (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі №17/308 бұйрығымен бекітілген, ҚР әділет Министрлігінің 2013 жылғы 8 тамыздағы №8614 бұйрығында тіркелген)

СБШ біліктілік деңгейі

Шығарылым, БТБА тарауы

4

гидротехник, техник-гидротехник-дәрежесіз, І, ІІ

5

инженер-гидротехник-дәрежесіз, І, ІІ

6

инженер-гидротехник-дәрежесіз, І, ІІ

7

Бас гидротехник

2-кесте. Гидротехниктің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым)

Ауыл шаруашылық компаниялар, фермерлік, ұжымдық шаруашылықтар, ауыл шаруашылық бағыттағы фирмалар, мелиорация мен ауыыл шаруашылық жерлерін қалпына келтіруге байланысты ұйымдар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білімі және оқыту деңгейі

Қажетті еңбек тәжірибесі

4

Жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе

Дәрежесіз- жұмыс тәжірибесі талап етілмейді;

ІІ дәрежелі- І дәрежелі жұмыста 1 жылдан кем емес;

І дәрежелі-ІІ дәрежелі жұмыста 1 жылдан кем емес

5

Техникалық және кәсіби (орта буынды маман), орта білімнен кейінгі білім, практикалық тәжірибе немесе жоғары білім

Дәрежесіз- жұмыс тәжірибесі талап етілмейді;

ІІ дәрежелі- І дәрежелі жұмыста 1 жылдан кем емес;

І дәрежелі-ІІ дәрежелі жұмыста 1 жылдан кем емес

6

Жоғары білім, практикалық тәжірибе.

Дәрежесіз- жұмыс тәжірибесі талап етілмейді;

ІІ дәрежелі- І дәрежелі жұмыста 1 жылдан кем емес; І дәрежелі-ІІ дәрежелі жұмыста 1 жылдан кем емес

7

Жоғары білім, практикалық тәжірибе.

ЖОО-дан кейінгі білм, практикалық тәжірибе

Жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес

3-кесте. Гидротехник орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек функциясының атауы

(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Шаруашылықтың су ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру, ауыл шаруашылық дақылдарын суаруды жүзеге асыру

2

Суару кестелеріне сәйкес егінжайларды суландырудың қажетті режимін, ал құрғатылған жерлерде – топырақтың оңды ылғалдығын ұстай отырып, құрғатудың қажетті режимін қамтамасыз етеді

3

Гидротехникалық құрылыстардың сақталуын қамтамасыз етеді, суару техникасының дұрыс сақталуын және пайдалануды ұйымдастырады

4-кесте. Гидротехник орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

(еңбек іс-әрекеттері)

1

Су құрылысы

Өлшеу құралдары, қорғаушы костюмдер, тізімдемелер

1-1) Шаруашылықтың су ресурстарын тиімді пайдалануды жүзеге асыру

1-2) Ауыл шаруашылық дақылдарын суаруды жүзеге асыру

2

Егіндер

Суландыру жүйесі, жаңбырлатқыш құрылғылар

2-1) Суару кестелеріне сәйкес егінжайларды суландырудың қажетті режимін қамтамасыз ету

3

Гидротехникалық құрылыс, суару техникасы

Жөндеуге арналған құралдар, қоймалар, майлайтын материалдар

3-1) Гидротехникалық құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету

3-2) Суару техникасын дұрыс сақталуын және пайдалануды ұйымдастыру

5-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі гидротехниктің құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Еңбек ресурстарын бөледі, шаруашылықтың су ресурстарын тиімді қолдану мақсатында нақты және нәтижелі нұсқаулықтар береді

Шаруашылықтың су ресурстарын тиімді қолдану кезінде шешім қабылдау әдісінің әртүрлілігін болжамдайтын практикалық міндеттерді орындау

Кәсіби (теориялық және практикалық) білім және практикалық тәжірибе (немесе кәсіби саладағы теориялық және практикалық білімнің кең ауқымы). Мелиорация және ауылшаруашылығы жерлерінің топырақ құнарлығы саласындағы білім және жоғарғы білім

1-2)

Еңбек ресурстарын бөледі, ауыл шаруашылық дақылдарын суару мақсатында нақты әрі нәтижелі нұсқаулықтар береді

Шаруашылықтың су ресурстарын тиімді қолдану кезінде шешім қабылдау әдісінің әртүрлілігін болжамдайтын практикалық міндеттерді орындау

Кәсіби (теориялық және практикалық) білім және практикалық тәжірибе (немесе кәсіби саладағы теориялық және практикалық білімнің кең ауқымы). Мелиорация және ауылшаруашылығы жерлерінің топырақ құнарлығы саласындағы білім және жоғарғы білім

2-1)

Жұмыс барысын, ауыл шаруашылық дақылдарын суаруды алдын ала әзірленген жоспарлар, сапа нормаларына, жұмысты орындау кестесіне және қаржы сметасына сәйкестігін тексере отырып бақылау

Жұмыс барысы мен ауыл шаруашылық дақылдарын суаруды бақылау кезінде практикалық және танымдық дағдыларды қолданады

Кәсіби жағдайларды жүйелі талдау мен жобалау әдістемесі туралы, басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістері туралы, адами ресурстарды басқару туралы, кәсіби қызмет шеңберіндегі нәтижелерді стратегиялық жоспарлау туралы жан-жақты білім

3-1)

Гидротехникалық құрылыстардың сақталуына толықтай жауапкершілігі

Гидротехникалық құрылыстардың сақталу шарттарын жасау

Кәсіби тапсырмаларды шешу үшін қажетті ақпараттарды өзіндк іздеу

6-кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі гидротехниктің құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Еңбек ресурстарын бөледі, шаруашылықтың су ресурстарын тиімді қолдану мақсатында нақты және нәтижелі нұсқаулықтар береді

Шаруашылықтың су ресурстарын тиімді қолдану кезінде шешім қабылдау әдісінің әртүрлілігін болжамдайтын практикалық міндеттерді орындау

Кәсіби (теориялық және практикалық) білім және практикалық тәжірибе (немесе кәсіби саладағы теориялық және практикалық білімнің кең ауқымы). Мелиорация және ауылшаруашылығы жерлерінің топырақ құнарлығы саласындағы білім және жоғарғы білім

2-1)

Жұмыс барысын, ауыл шаруашылық дақылдарын суаруды алдын ала әзірленген жоспарлар, сапа нормаларына, жұмысты орындау кестесіне және қаржы сметасына сәйкестігін тексере отырып бақылау

Жұмыс барысы мен ауыл шаруашылық дақылдарын суаруды бақылау кезінде практикалық және танымдық дағдыларды қолданады

Кәсіби жағдайларды жүйелі талдау мен жобалау әдістемесі туралы, басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістері туралы, адами ресурстарды басқару туралы, кәсіби қызмет шеңберіндегі нәтижелерді стратегиялық жоспарлау туралы жан-жақты білім

3-1)

Гидротехникалық құрылыстардың сақталуына толықтай жауапкершілігі

Гидротехникалық құрылыстардың сақталу шарттарын жасау

Кәсіби тапсырмаларды шешу үшін қажетті ақпараттарды өзіндк іздеу

3-2)

Суармалы техникаларды дұрыс пайдалану мен сақтауда өзіндік шығармашылық амалдарын қолдану және ұйымдастыру қабілеттілігі

Суармалы техникаларды дұрыс пайдалану мен сақтауды жеке ұйымдастыруда өзіндік шығармашылық амалдарын қолдану

Жұмыс үдерісіне жоспарларды тасымалдау және жоспарлаудың негізгі үдерісін ескеру және тапсырма қатарын анықтау

7-кесте. СБШ біліктіліктің 6-деңгейлі гидротехниктің құзыретіне қойылатын талаптар

4-1)

Атқарылған жұмыс көлемі мен сапасын басқарудың жаңа тәсілдерін, амалдары мен тәртіптерін шығару

Бөлімшенің атқарған жұмыс көлемі мен сапасы қызметін түзете білу

Атқарылған жұмыс көлемі мен сапасын бақылау ережелерін білу

8-кесте. СБШ біліктіліктің 7-деңгейлі гидротехниктің құзыретіне қойылатын талаптар

4-2)

Шешімдер қабылдайды және жүктелген міндеттерді шешу үшін жауапты болады

Жүктелген міндеттерді шешуде инновациялық тәсілдерді қолдана білу

Міндеттерді шешу бойынша іс-шаралар өткізу ережелерін білу, кіші қызметкерлер құрамына нұсқаулар беру

  Мелиорация және ауыл шаруашылығы жерлерін
қалпына келтіру бойынша қызметтегі
кәсіби стандартының
4-қосымшасы

Келісу парағы

Ұйымның атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      Осы КС тіркелді______________________________________________________

      Кәсіби стандарттар Реестріне енгізілді, тіркеу №_____________________

      Хат (хаттама) № ____________________ Күні ___________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады