Жібек өсіру бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20/53 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 мамырда № 9448 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 393 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2020 № 393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі "Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 406 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Жібек өсіру қызметіндегі кәсіби стандарт бекітілсін.

      2. Мал шаруашылығы департаменті (Е.Қ. Ахметов) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.

      3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А.Мамытбеков

      Келісілген

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      Т. Дүйсенова ___________

      2014 жылғы 7 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20/53
бұйрығымен бекітілген

Жібек өсіру бойынша қызметтегі кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. Жібек өсіру бойынша қызметтегі кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):

      1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;

      2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге;

      3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге;

      4) кәсіби қызметтің мәніне бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;

      5) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;

      6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

      7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және мамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.

      2. КС негізгі пайдаланушылары:

      1) білім беру мекемелері түлектері, жұмысшылар;

      2) ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

      3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

      3. КС негізінде кәсіпорындар қызметінің функционалдық үлгілеріне, лауазымына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу, еңбекке ынталандыру жүйесіне ішкі, корпоративті стандарттар және басқалар әзірленуі мүмкін.

      4. Осы КС-да төмендегі терминдер мен аңықтамалар қолданылады:

      1) біліктілік – жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі;

      2) біліктілік деңгейі\білікті деңгейі – атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;

      3) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

      4) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттілікпен құрылған кәсіби қызмет саласындағы құрамдас бөлік;

      6) еңбек функциясы – бизнес-үрдіспен анықталатын және олардың еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы;

      7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграцияланған негізі (ұқсас және жуық мәндер, объектілер, технологиялар, соның ішінде еңбек құралдары) және еңбек функцияларының ұқсас жиынтығын және оларды орындау үшін құзыреттілікті көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

      8) КС – нақты кәсіби қызмет саласындағы еңбек сапасы мен жағдайы, біліктілігі, құзыреттілігі, мазмұны деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

      9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, тиісінше автономды және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

      10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен нақтыланатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;

      11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдану қабілеті;

      12) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

      13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

      14) сала – шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдыларының жалпылығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

      15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

      16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

      17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіби қызметтер саласының шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын еңбек қызметінің түрінің еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5. Экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісі 03-2007: 01.49 Жануарлардың басқа түрлерін өсіру, 13.10 Иірілген жіп және тоқыма жіптер, 13.20 Тоқыма өнімдер өндірісі.

      6. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласы) негізгі мақсаты: жібек шарауашылығы саласын дамыту, ғылыми негізделген технологияларды енгізу, техникалық реттеу, жібек шаруашылығын индустрияландыру және оны тоқыма өндірісімен біріктіру негізінде шібектің бәсекеге жарамдылығын арттыру.

      КС жібек өнеркәсібі кәсіби қызмет саласында еңбек мәніне, сапасына, жағдайына және қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптарды белгілейді.

      7. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында берілген.

      Стандарт талаптары қызмет түрлеріне және осы саланың төмендегі кәсіптеріне жатады:

      жібекші;

      жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы;

      піллә булаушысы;

      өңделмеген жібекті суға салушы.

3. Еңбек қызметі (кәсіп) түрлерінің карточкасы
1-параграф. Жібекші

      8. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 2-3.

      9. Лауазымның мүмкін атаулары: жібекші.

      10. "Жібекші" кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: жібек құртын өсіру жөніндегі жұмыстарды орындау.

      11. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      12. Жібекшінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      13. Еңбек функцияларын айқындайтын, жібекші орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      14. Жібекшінің орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      15. Жібекшінің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5, 6, 7-кестелерінде көрсетілген.

2-параграф. Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы

      16. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 2-3.

      17. Лауазымның мүмкін атаулары: жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы.

      18. "Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы" кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: жібек құрты ұрықтарын өңдеу бойынша жұмыстарды орындау.

      19. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      20. Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген.

      21. Еңбек функцияларын айқындайтын, жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      22. Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашының орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      23. Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашының құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5, 6-кестелерінде көрсетілген.

3-параграф. Піллә булаушысы

      24. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3.

      25. Лауазымның мүмкін атаулары: піллә булаушысы.

      26. "Піллә булаушысы" кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: пілләларды булау үдерісін жүргізу.

      27. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 4-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      28. Піллә булаушысының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      29. Еңбек функцияларын айқындайтын, піллә булаушысы орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 4-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      30. Піллә булаушысының орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 4-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      31. Піллә булаушысының құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.

4-параграф. Өңделмеген жібекті суға салушы

      32. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 2.

      33. Лауазымның мүмкін атаулары: өңделмеген жібекті суға салушы.

      34. "Өңделмеген жібекті суға салушы" кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: өңделмеген жібекті суға салу технологиялық процесін жүзеге асыру.

      35. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 5-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      36. Өңделмеген жібекті суға салушының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 5-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      37. Еңбек функцияларын айқындайтын, өңделмеген жібекті суға салушы орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 5-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      38. Өңделмеген жібекті суға салушының орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 5-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      39. Өңделмеген жібекті суға салушының құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 5-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.

4. КС әзірлеушілері

      40. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі болып табылады.

      41. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 6- қосымшасында көрсетілген.

  Жібек өсіру бойынша қызметтегі
кәсіби стандартының
1-қосымшасы

Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

р/с

Қызмет түрі атауы

Еңбек нарығы тенденцияларын есепке алғандағы кәсіп атауы

01-2005 Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуішісіне сәйкес кәсіптер атауы

СБШ біліктілік деңгейлері

1.

Жібек өнеркәсібі

Жібекші

Жібекші

2-3

2.

Жібек өнеркәсібі

Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы

Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы

2-3

3.

Жібек өнеркәсібі

Піллә булаушысы

Піллә булаушысы

3

4.

Жібек өнеркәсібі

Өңделмеген жібекті суға салушы

Өңделмеген жібекті суға салушы

2

  Жібек өсіру бойынша қызметтегі
кәсіби стандартының
2-қосымшасы

1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)

Базалық топ

6123Жібекші

Қазақстан Республикасы жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА)

Шығарылым, БТБА тарауы

64-шығарылым, тарау: Мал шаруашылығындағы жұмыс және жұмысшылардың кәсіптері

БТБА бойынша кәсібі

Жібекші

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

2

2

3

4-5

2-кесте. Жібекшінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым)

Жібек өнеркәсібі фермасы, ғылыми-зерттеу институты

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Тері және тері асты өзегінің бірқатар аурулардың дамуы

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі

Қажетті еңбек тәжірибесі

2

Жалпы, негізгі орта білімнен төмен емес, орта білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (кәсіпорында білімді ұйымдастыру немесе оқыту базасындағы қысқа мерзімді курстар)

Талап етілмейді

3

Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту)

Талап етілмейді

4

Жоғары деңгейдің техникалық және кәсіби білімі (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе

Тәжірибесі 1 жылдан кем емес

3-кесте. Жібекші орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек функциясының атауы

(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Пілләларға арналған шөптер мен сабандарды дайындау, оларды құрттарды өсіретін жерлерге жеткізу; станоктарда сабандардан піллә қабығын дайындау; ораманы тарату және төсейтін қағазды кесу, 3-5 жастағы жұлдызқұртқа арналған қоректі дайындау, әзірлеу және жеткізу; пілләларды қолмен тазарту; сөрелерде равендукті тігу және керу, көлеңкелі кептіргіштее шымылдғын ілу

2

Қабылданған пілләларды дайын қосыға салу, оларды уақытша сақтау орнына немесе механикалық піллә кептіргішке апару (булы морилка), механикалық кептіргішке немесе булы морилкаға салу және олардан шығару, жартылай кепкен пілләларды көлеңкелі кептіргіш сөрелеріне апару; құрғақ пілләларды канарларға тығу және байламдарға салу, көлеңке піллә кептіргіш сөрелерде пілләларды араластыру, карапачах пілләларын сұрыптау

3

Пілләларды піллә қабығынан алу, сапасы бойынша іріктеу және жіберу үшін қаптау; құрттарды өсіретін жерлерде және қоғамдық үй-жайларда жібек құртын молынан қоректендіруді ұйымдастыру және өткізу.

4

Тірі пілләларды суға салу және іріктелген пілләларды бумен піллә кептіргіш камераларда, конвейерлі және жәшіктік піллә кептіргіштерде кептіру; камераға пілләлар салынған арбаларды кіргізу және шығару; камерада белгіленген температураны ұстау және режимге сәйкес сулау процессін қадағалау: жібек құрты ұрығының инкубациясын жүргізу

4-кесте. Жібекші орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

(еңбек іс-әрекеттері)

1

Шөп, сабан, піллә,төсем қысымы, рамалар, равендук

Сарғалдақ, арша, ермен жусан, ебелек, төсеуге арналған материалдар, қағаз, орама, сөре, кептіргіш

1-1)Құрт пілләның түбіне апаратын, піллә негізіне жүретін жібек жіптеріне арналған бекіту нүктелерін көп табатын пілләны бұйралау үшін ыңғайлы орын беру

1-2)Орамаларды жаю және астына төселетін тегеурінді кесу; рамаларды қағазбен төсеу

2

Пілләлар, піллә кептіргіш, кенарлар, байламдар

Тұт жапырақтары, қолғап, халат, транспорт, арнайы қораптар, кептіру пілләлар, сөре, қолғаптар, халат

2-1) Дайындау қосыға қабылданған пілләларды салу, оларды уақытша сақтау орнына немесе механикалық піллә кептіргішке (булы морилка) апару

2-2) Механикалық піллә кептіргішке немесе булы морилкаға салу және олардан алып жартылай кепкен пілләларды көлеңкелі кептіргіш сөрелеріне салу; құрғақ пілләларды канарларға тығу және байламдарға салу

3

Пілләлар, қауыз, піллә сұрыптары

Пілләларды кептіруге арналған құралдар, сөрелер, камера, термометр, гидрометр

3-1)Пілләларды кептіру. Қазаннан алып және пілләларға асықпай кебуге уақыт беру; сонда олар сөрелерге толығымен кебу үшін орналастырылады

4

Пілләлар, қазан

Камера, термометр, гидрометр

4-1) Пілләларды кептіру; қазаннан алып, сөрелерге толығымен кебу үшін орналастыру; жібек құрты ұрығының инкубациясын жүргізу

5-кесте. СБШ біліктіліктің 2-деңгейлі жібекшінің құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Негізгі практикалық және танымдық дағдыларын қолданып стандартты және біртектес практикалық міндеттерді орындау

Пілләларды бұйралауға жіберу үшін бір типті практикалық міндеттерді шешу

Кәсіби дайындық үдерісінде алынған білімдер

1-2)

Пілләларды кептіру шеңберінде жұмыстың нәтижесі мен сапасына жауапкершілік

Нұсқаулықта берілген алгоритм бойынша әрекет тәсілін таңдау және әрекетті жұмыс жағдайының шарттарына сәйкес түзету

Негізгі және қарапайым аспаптар, құралдар, жұмыс үдерісі рәсімдері

2-1)

Пілләлардың мол өнімін өсіруіне жауапкершілік

Күрделі емес практикалық міндеттерді орындау үшін негізгі практикалық және танымдық дағдыларды қолдана біледі

Кәсіби дайындық үдерісінде алынған білімдер

6-кесте. СБШ біліктіліктің 3-деңгейлі жібекшінің құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

2-2)

Пілләларды тиеу шеңберіндегі жауапкершілік

Стандартты және қарапайым практикалық мәселелерді шеше білу

Кәсіби дайындық үдерісінде алынған, практикаға бағдарланған кәсіби білімдер

3-1)

Жібек құртын азықтандыруды жүргізуге жататын орындаушылық қызметті түсіну

Білім мен практикалық тәжірибе негізінде танымал әрекеттердің тәсілін таңдау

Пайдалану, техқызмет көрсету, орналастыру, сақтау және аспаптар мен еңбек әрекетінде пайдаланылатын құралдарды, материалдарды қаттау

  Жібек өсіру бойынша қызметтегі
кәсіби стандартының
3-қосымшасы

1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)

Базалық топ

6123 Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы

Қазақстан Республикасы жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА)

Шығарылым, БТБА тарауы

64-шығарылым, тарау: Мал шаруашылығындағы жұмыс және жұмысшылардың кәсіптері

БТБА бойынша кәсібі

Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

3

2-3

4

4-5

2-кесте. Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым

Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зауытының, жібек өнеркәсібінің сынамалық талдау, химиялық-бактериологиялық талдау зертханаларында

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Тері, өкпе аурулары, созылмалы ринит, аллергия.

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі

Қажетті еңбек тәжірибесі

2

Жалпы, негізгі орта білімнен төмен емес, орта білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (кәсіпорында білімді ұйымдастыру немесе оқыту базасындағы қысқа мерзімді курстар).

Талап етілмейді

3

Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту)

2 дәрежедегі 1 жылдан кем емес

3-кесте. Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек функциясының атауы

(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Жасуша клеткаларынан және изоляторлардан персе пілләнің шашылуы, персені іріктеу, пресске апаратын канарларға тығыздау; түйгіш, жабынды және нысанды шыныларды жуу; пілләлардің партияларын біріктіру және торға, сөрелерге себу, оларды шашу, ауыстыру және қапшықтарға толтыру; ұрықтарды сақтау қоймасының температурасын, ылғалдылығын тіркеу

2

Көбелектерді қосақтау, бөлу, оларды изоляторларға және жібек құртының ұрығын бөлу үшін қапшықтарға салу; дернәсілдерінің ойығы бар пілләларды ойып алу, дернәсілдерді уқалау; препараттарды микрокөшіру

3

Пілләлардың сорттық құрамын айқындау және дернәсілдерді алдын ала зерттеу; тұзды қышқыл ерітіндісінде жазғы бағыттағы жібек құртының ұрығын өңдеу

4-кесте. Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы орындайтын
КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

(еңбек іс-әрекеттері)

1

Пілләлар, персе, канарлар, жабынды және нысанды шынылар, жібек құртының ұрығы

Торлар мен изоляторлар, түйгіш, жуу құралдары, аспаптар, қолғаптар, халат, қапшық, жайлақ қаңылтыр табақ

1-1)Торлар мен изоляторлардан персе пілләларын себу, персені іріктеу, пресске апаратын канарларға тығыздау; түйгіш, жабынды және нысанды шыныларды жуу. Жібек құртының ұрығын жуу, кептіру, іріктеу және орау

2

Жібек құртының ұрығы, көбелектер, пілләлар, дернәсілдер

Торлар мен изоляторлар, қаптар, қосақтауға арналған жабдық

2-1) Көбелектерді қосақтау, бөлу, оларды изоляторларға және жібек құртының ұрығын бөлу үшін қапшықтарға салу; ұрғашыларын қағаз қапшыққа оқшаулау. Персені іріктеу, пресске апаратын канарларға тығыздау

3

Пілләлар

Дернәсілдер, аппарат, құрал-жабдық, зертхана

3-1) Пілләлардың сұрыптық құрамын айқындау; пілләлардың сұрыптарын айыру.

5-кесте. СБШ біліктіліктің 2-деңгейлі жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашының құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Клеткалардан, оқшаулағыштарды, персе пілләларды себу аясында, аналығы бар ұнтақтағышты жуу, жабулы және заттық шынылар жауапкершілігі

Стандартты және қарапайым практикалық мәселелерді шеше білу

Кәсіби дайындық үдерісінде алынған, практикаға бағдарланған кәсіби білімдер

2-1)

Көбелектерді қосақтау, бөлуді қоса алғанда атқарушылық қызметті түсіну

Білім және практикалық тәжірибе негізінде іс-әрекет әдістерін таңдау

Кәсіби қызметте қолданылатын материалдарды, құрал-жабдықтарды қолдану, оларға техникалық қызмет көрсету, тасымалдау, сақтау және қоймаға қоюдың негізгі қағидалары

6-кесте. СБШ біліктіліктің 3-деңгейлі жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашының құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Клеткалардан, оқшаулағыштарды, персе пілләларды себу аясында, аналығы бар ұнтақтағышты жуу, жабулы және заттық шынылар жауапкершілігі

Стандартты және қарапайым практикалық мәселелерді шеше білу

Кәсіби дайындық үдерісінде алынған, практикаға бағдарланған кәсіби білімдер

2-1)

Көбелектерді қосақтау, бөлуді қоса алғанда атқарушылық қызметті түсіну

Білім және практикалық тәжірибе негізінде іс-әрекет әдістерін таңдау

Кәсіби қызметте қолданылатын материалдарды, құрал-жабдықтарды қолдану, оларға техникалық қызмет көрсету, тасымалдау, сақтау және қоймаға қоюдың негізгі қағидалары

3-1)

Пілләнің жынысын анықтауға қоса алғанда атқарушылық қызметті түсіну

Стандартты практикалық мәселелерді шеше білу

Затты жетілдіру затын, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру білімі

  Жібек өсіру бойынша қызметтегі
кәсіби стандартының
4-қосымшасы

1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)

Базалық топ

7431 Піллә булаушысы

Қазақстан Республикасы жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА)

Шығарылым, БТБА тарауы

44-шығарылым, 7 тарау, Ұлттық маталарды өндіру

БТБА бойынша кәсібі

Піллә булаушысы

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

3

4

2-кесте. Піллә булаушысының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым)

Жібек орау өндірісі, трикотаж өнеркәсібі, жүн өнеркәсібі

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Тері, өкпе аурулары, созылмалы ринит, аллергия

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі

Қажетті еңбек тәжірибесі

3

Негізгі орта білімнен төмен емес, жалпы орта білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (кәсіпорында білімді ұйымдастыру немесе оқыту базасындағы қысқа мерзімді курстар)

Талап етілмейді

3-кесте. Піллә булаушысы орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек функциясының атауы

(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Пілләораушы станокта немесе автоматты пілләораушы станоктары бар агрегирленген машинада пілләларды булау процесін жүргізу. Қоздырғыш ара қатынаста "жаңа" және "ескі" қызмет көрсетілетін булау бақырашпен немесе каналмен қамтамасыз ету және піллә жіптерінің ұшын табу

2

Пілләларды жеке сілкілеу және піллә жіптерін тазарту; Жіптердің ұшы бар пілләларды ұшы жоқ пілләлардан бөлу, пілләларды сілкілеу аймағын көп ұшты пілләлардан және пленкалардан тазарту

3

Пілләларды тасымалдау үшін конвейердің ыдыс-лоткасында пілләлар порциясын беруді реттеу; ысқыштармен өңдеу үшін қызмет көрсететін машиналар каналына пілләларды беруді қамтамасыз ету

4-кесте. Піллә булаушысы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

(еңбек іс-әрекеттері)

1

Пілләлар

Пілләораушы машина, пілләораушы станок

1-1) Пілләораушы станокта немесе автоматты пілләораушы станоктары бар агрегирленген машинада пілләларды булау процесін жүргізу; қоздырғыш ара қатынаста "жаңа" және "ескі" қызмет көрсетілетін булау бақырашпен немесе каналмен қамтамасыз ету және піллә жіптерінің ұшын табу

2

Піллә жібі, жіптердің ұшы, тазаланған пілләлар

Пілләораушы машина, леген, қолғаптар

2-1) Піллә жіптерін тазарту. Тазартылған және табылған жіп ұштары бар пілләларды ыдысқа салу; пілләларды бөлу, піллә жіптерін слеттерден тазарту және жіптерінің ұшы жоқ пілләлардан табылған жіптердің ұштарымен пілләларды бөлу

3

Пілләлар, піллә порциялары

Ыдыс-лотоктар, қолғаптар,щетка, өңдеуге арналған құралдар

3-1) Пілләлардың ыдыс-лотоктағы порциясын реттеу; ысқыштармен өңдеу үшін қызмет көрсететін машиналар каналына пілләларды беру. Өңдеуді бақылау

5-кесте. СБШ біліктіліктің 3-деңгейлі піллә булаушысының құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Пілләларды булау аясындағы жауапкершілік

Стандартты және қарапайым практикалық тапсырмаларды шеше білу

Кәсіби дайындық үдерісінде алынған, практикаға бағдарланған кәсіби білімдер

2-1)

Піллә жіптерін тазарту, тазартылған және табылған жіп ұштары бар пілләларды ыдысқа салуды қоса алғанда атқарушылық қызметті түсіну

Білім және практикалық тәжірибе негізінде іс-әрекет әдістерін таңдау

Кәсіби қызметте қолданылатын материалдарды, құрал-жабдықтарды қолдану, оларға техникалық қызмет көрсету, тасымалдау, сақтау және қоймаға қоюдың негізгі қағидалары

3-1)

Пілләлардың ыдыс-лотоктағы порциясын реттеуді қоса алғанда атқарушылық қызметті түсіну

Стандартты практикалық міндеттерді шеше білу

Затты түрлендіру технологиясын, жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыруды білу

  Жібек өсіру бойынша қызметтегі
кәсіби стандартының
5-қосымшасы

1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)

Базалық топ

9350 Өңделмеген жібекті суға салушы

ҚР жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА)

Шығарылым, БТБА тарауы

44-шығарылым, 2 тарау. Тоқыма өндірісіндегі жалпы мамандықтар

БТБА бойынша кәсібі

Өңделмеген жібекті суға салушы

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

2

2

2-кесте. Өңделмеген жібекті суға салушының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым)

Жібек орау өндірісі, трикотаж өнеркәсібі, жүн өнеркәсібі

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Жоқ

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі

Қажетті еңбек тәжірибесі

2

Негізгі орта білімнен төмен емес, жалпы орта білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (кәсіпорында білімді ұйымдастыру немесе оқыту базасындағы қысқа мерзімді курстар)

Талап етілмейді

3-кесте. Өңделмеген жібекті суға салушы орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек функциясының атауы

(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Белгіленген режимге сәйкес ваннаға, вакуум-аппаратқа өңделмеген жібекті суға салудың технологиялық процесті енгізу; жібекті суға салуға дайындау: майлыққа орау және ваннаға, вакуум-апаратқа салу, өңделмеген жібегі бар стержендерді кассетаға қондыру және бакқа тиеу

2

Пілләларды жеке сілкілеу және піллә жіптерін тазарту; рецепт бойынша суға салу үшін эмульсия дайындау

3

Эмульсияның температурасын, қысымын және бағытын бақылау; жібекті түсіру, өңделмеген жібектің стержендерін арбаға салу және қондыру, тасымалдау; қалбағай мен стерженді жинау

4-кесте. Өңделмеген жібекті суға салушы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

(еңбек іс-әрекеттері)

1

Өңделмеген жібек, пілләлар, айналдырғыш машина

Ванна, вакуум-аппарат, су, бак, мотальды таз, кассета, суға салуға арналған құралдар

1-1) Белгіленген режимге сәйкес ваннаға өңделмеген жібекті суға салу технологиялық процесін жүргізу; Белгіленген режимге сәйкес ваннаға өңделмеген жібекті суға салу технологиялық процесін жүргізу

2

Піллә жібі, піллә қабығы, эмульсия, өңделмеген жібек

Серацин, су, бак, сірке қышқылы

2-1)Піллә қабығын жұмсарту және піллә жіптерін тазарту; рецепт бойынша суға салу үшін эмульсия дайындау. Дайындалған эмульсияны өңделмеген жібекке тиеу және суға салу

3

Эмульсия, термометр

Термометр, гидрометр, қызуөлшеуіш

3-1) Эмульсия температурасын бақылау; эмульсия циркуляциясының қысымын және бағытын бақылау; жібекті тиеу, өңделмеген жібектің стержендерін арбаға салу және қондыру, тасымалдау

5-кесте. СБШ біліктіліктің 2-деңгейлі өңделмеген жібекті суға салушының құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Өңделмеген жібекті суға салу бойынша технологиялық процесті жүргізу аясындағы біртектес практикалық міндеттерді шешу

Стандартты практикалық міндеттерді шешу және белгіленген нәтижелерге жету

Кәсіби дайындық үдерісінде алынған білім

2-1)

Піллә қабығын жұмсарту, піллә жіптерін тазарту және эмульсияны дайындау үдерісі аясында жұмыстың сапасы мен нәтижесі үшін жауапкершілік

Нұсқаулықпен белгіленген алгоритм бойынша іс-әрекет жасау әдістерін таңдау

Негізгі және қарапайым құрал-жабдықтары, жұмыс үдерісінің тәртібі

3-1)

Өзінің денсаулығы мен қауіпсіздігіне, басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапты болады

Қарапайым практикалық міндеттерді орындау үшін негізгі практикалық және танымдық дағдыларды қолдану

Кәсіби дайындық үдерісінде алынған білім

  Жібек өсіру бойынша қызметтегі
кәсіби стандартының
6-қосымшасы

      Келісу парағы

Ұйымның атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


      Осы КС тіркелді______________________________________________________

      Кәсіби стандарттар Реестріне енгізілді, тіркеу №_____________________

      Хат (хаттама) № ____________________ Күні____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады