Ветеринариялық медицина бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20/39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 мамырда № 9451 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 393 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2020 № 393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі "Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 406 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ветеринариялық медицина бойынша қызметтегі кәсіби стандарт бекітілсін.

      2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті (Г.С. Нуртазина), Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне (Р.Ж. Құрманов) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.

      3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков


      Келісілген

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      Т. Дүйсенова ___________

      2014 жылғы 7 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 21 қантардағы
№ 20/39 бұйрығымен
бекітілген

Ветеринариялық медицина бойынша
қызметтегі кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. Ветеринариялық медицина бойынша қызметтегі кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):

      1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;

      2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын белгілеуге;

      3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарын белгілеуге;

      4) кәсіби қызметтің мәніне бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;

      5) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;

      6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

      7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және мамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.

      2. КС негізгі пайдаланушылары:

      1) білім беру мекемелері түлектері, жұмысшылар;

      2) ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

      3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

      3. КС негізінде кәсіпорындар қызметінің функционалдық үлгілеріне, лауазымына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу, еңбекке ынталандыру жүйесіне ішкі, корпоративті стандарттар және басқалар әзірленуі мүмкін.

      4. Осы КС-да төмендегі терминдер мен аңықтамалар қолданылады:

      1) біліктілік – жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі;

      2) біліктілік деңгейі\білікті деңгейі – атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;

      3) еңбек заты - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

      4) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттілікпен құрылған кәсіби қызмет саласындағы құрамдас бөлік;

      6) еңбек функциясы – бизнес-үдерісімен анықталатын және олардың еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы;

      7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграцияланған негізі (ұқсас және жуық мәндер, объектілер, технологиялар, соның ішінде еңбек құралдары) және еңбек функцияларының ұқсас жиынтығын және оларды орындау үшін құзыреттілікті көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

      8) КС – нақты кәсіби қызмет саласындағы еңбек сапасы мен жағдайы, біліктілігі, құзыреттілігі, мазмұны деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

      9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, тиісінше автономды және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

      10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен нақтыланатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;

      11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдану қаблеті;

      12) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

      13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

      14) сала – шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдыларының жалпылығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

      15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

      16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

      17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіби қызметтер саласының шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын еңбек қызметінің түрінің еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5. Экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісі 03-2007: 75.00 жануарлардың ауруларын алдын алу және емдеу.

      6. Экономикалық қызмет (кәсіби саласының) түрінің негізгі мақсаты: жануарлар ауруларын алдын алу және емдеу, адамдар мен жануарларға ортақ ауруларынан алдын ала сақтандыру, эпизоотияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

      КС мал дәрігерлік саласында кәсіби қызмет саласында: ұсталуына, сапасына, еңбек жағдайларына қызметкерлер біліктілігі мен құзыреттеріне талаптарды белгілейді.

      7. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында берілген.

      Стандарт талаптары қызмет түріне және осы облыстағы келесі кәсіптерге жатады:

      жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторы;

      мал дәрігерлік фельдшер;

      мал дәрігері.

3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіби) карточкасы
1-параграф. Жануарларды мал дәрігерлік
дауалау жөніндегі операторы

      8. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 4-5

      9. Лауазымның мүмкін атаулары: жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторы.

      10. "Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторы" кәсібі субъектіні жануарлар ауруларын алдын алу және емдеуге байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді.

      11. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      12. Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      13. Еңбек функцияларын айқындайтын, жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторы орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      14. Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторының орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      15. Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторының құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5, 6-кестелерінде көрсетілген.

2-параграф. Мал дәрігерлік фельдшер

      16. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 4-5.

      17. Лауазымның мүмкін атаулары: мал дәрігерлік фельдшер.

      18. "Мал дәрігерлік фельдшер" кәсібі субъектіні мал дәрігерлік ауруларын алдын алу шараларына байланысты жануарлар мен құстардың ауруынан және өлуінен ескерту міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді.

      19. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      20. Мал дәрігерлік фельдшердің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      21. Еңбек функцияларын айқындайтын, мал дәрігерлік фельдшер орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      22. Мал дәрігерлік фельдшердің орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      23. Мал дәрігерлік фельдшердің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5,6-кестесінде көрсетілген.

3-параграф. Мал дәрігері

      24. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 5-7.

      25. Лауазымның мүмкін атаулары: мал дәрігері, бас мал дәрігері

      26. "Мал дәрігері" кәсібі субъектінің жануарлар ауруларын алдын алу, мал дәрігерлік-санитарлық шараларға байланысты жануарлар мен құстардың ауруынан және өлуінен ескерту міндеттерді білуге және атқара білуге, ауыратын мал мен құсты емдеуге міндеттейді.

      27. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы КС 4-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      28. Мал дәрігерінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      29. Еңбек функцияларын айқындайтын, мал дәрігері орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 4-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      30. Мал дәрігерінің орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 4-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      31. Мал дәрігерінің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 5, 6,7 - кестелерінде көрсетілген.

4. КС әзірлеушілері

      32. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады.

      33. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 5 - қосымшасында көрсетілген.

  Ветеринариялық медицина бойынша
қызметтегі кәсіби стандартының
1-қосымша

      Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

№ р/с

Қызмет түрі атауы

Еңбек нарығы үрдістерін есепке алғандағы кәсіп атауы

01-2005 Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуішісіне сәйкес кәсіптер атауы

СБШ біліктілік деңгейлері

1.

Мал дәрігерлік медицина

Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторы

Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторы

4-5

2.

Мал дәрігерлік медицина

Мал дәрігерлік фельдшер

Мал дәрігерлік фельдшер

4-5

3.

Мал дәрігерлік медицина

Мал дәрігері

Мал дәрігері

5-7

  Ветеринариялық медицина бойынша
қызметтегі кәсіби стандартының
2-қосымша

      1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)

Базалық топ

6121 Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторы

Жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА)

Шығарылым, БТБА тарауы

64-шығарылым, Мал шаруашылығындағы жұмысшының кәсібі мен қызметі

БТБА бойынша кәсібі

Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторы

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

4-5

5


      2-кесте. Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым)

Мал шаруашылығы кәсіпорындары, мал шаруашылығы үй-жайлары, мал дәрігерлік объектілер, фермерлік және шаруа қожалықтары.

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Жарақат алу қауіптілігі, мал аурулары бойынша қолайсыз аймақтарда қызмет көрсетуде ауруды жұқтыру қауіпі

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі

Қажетті еңбек тәжірибесі

4

Жоғарғы деңгейлі техникалық (қосымша кәсіби дайындық) және кәсіби білім, практикалық тәжірибе

Тәжірибесі 1 жылдан кем емес немесе кәсіби дайындығы бар болса, талап етілмейді.

5

Техникалық және кәсіби (орта буын маманы), орта білімнен кейінгі білім, немесе жоғарғы білім

Талап етілмейді


      3-кесте. Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторы орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Жануарлар мен құстардың ауруын және өлуін алдын алу бойынша мал дәрігерлік алдын алу іс-шараларын орындау. Вакциналау

2

Жануарлардың жарақаттануы, улануы кезінде алғашқы көмек көрсету

3

Ауру жануарларды изоляторда баптау. Жанауарларды емдеуде мал дәрігерлік мамандарға көмек көрсету


      4-кесте. Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері)

1

Жануарлар, құстар

Сарысулар, вакциналар, дәрі-дәрмектер,шприцілер, егу инелері, пробиркалар, термометрлер, дәрілік препараттар, дәке, мақта

1-1) Жануарлар мен құстардың ауруын және өлуін алдын алу бойынша мал дәрігерлік іс-шаралары

1-2) Вакциналау кезінде қауіпсіздік шараларын қадағалау

2

Жануарлар, құстар

Дәрі-дәрмектер, шприцілер, егу инелері, дәке, мақта.

2-1) Ауру жануарларды изоляторда баптау. Термометрия. Жарақаттарды дауалау.

2-2) Жануарлардың жарақаттануы, улануы кезінде алғашқы көмек көрсету


      5-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторын құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Жануарлар мен құстардың ауруын және өлуін алдын алу бойынша мал дәрігерлік алдын алу іс-шараларын жүргізудегі функционалдық міндеттер шеңберінде жауапкершілік

Жануарлардың және құстардың аурулары бойынша мал дәрігерлік алдын алу іс-шараларын жүргізу білігі мен дағдылары

Жануарлар мен құстардың ауруын және өлуін алдын алу бойынша мал дәрігерлік алдын алу іс-шараларын жүргізу ережелерін білу

1-2)

Жұмыс процесін жоспарлауды қосатын атқарушылық қызметті түсіну

Жоспарланған нәтижеге қол жеткізу және алынған нәтиженің сапа нормаларына сәйкестігін қамтамасыз етуі білігі

Вакциналау кезінде қауіпсіздік іс-шараларын қадағалауын білу

2-1)

Ауру жануарларды изоляторда баптау, жарақаттарды дауалау тәсілдерін жақсарту үшін идеялар ұсынады

Ауру жануарларды изоляторда баптау, жарақаттарды дауалау тәсілдерін білігі мен қолдана білуі

Ауру жануарларды изоляторда баптау, жарақаттарды дауалау ережелерін білуі


      6-кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторын құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Жануарлар мен құстардың ауруынан және өлуінен ескерту бойынша мал дәрігерлік алдын алу іс-шараларын жүргізудегі функционалдық міндеттер шеңберінде жауапкершілік

Жануарлардың және құстардың аурулары бойынша мал дәрігерлік алдын алу іс-шараларын жүргізу білігі мен дағдыларын білігі

Жануарлар мен құстардың ауруынан және өлуінен ескерту бойынша мал дәрігерлік алдын алу іс-шараларын жүргізу ережелерін білуі

1-2)

Жұмыс процесін жоспарлауды қосатын атқарушылық қызметін түсіну

Жоспарланған нәтижеге қол жеткізу және алынған нәтиженің сапа нормаларына сәйкестігін қамтамасыз етуін білігі

Вакциналау кезінде қауіпсіздік іс-шараларын қадағалауын білуі

2-1)

Ауру жануарларды изоляторда баптау, жарақаттарды дауалау тәсілдерін білуін жақсарту үшін идеялар ұсынады

Ауру жануарларды изоляторда баптау, жарақаттарды дауалау тәсілдерін білуі мен білігі

Ауру жануарларды изоляторда баптау, жарақаттарды дауалау ережелерін білуі

  Ветеринариялық медицина бойынша
қызметтегі кәсіби стандартының
3-қосымша

      1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)

Базалық топ

3227 Мал дәрігерлік фельдшер

Ауыл шаруашылығы саласының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 17/308 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 8 тамызда № 8614 тіркелді)

СБШ біліктілік деңгейі

Санаттар

4

Санатсыз, II, I

5

Санатсыз, II, I


      2-кесте. Мал дәрігерлік фельдшердің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым)

Мал шаруашылығы кәсіпорындары, мал шаруашылығы үй-жайлары, мал дәрігерлік объектілер, фермерлік және шаруа қожалықтары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Жарақат алу қауіптілігі, мал аурулары бойынша қолайсыз аймақтарда қызмет көрсетуде ауруды жұқтыру қауіпі

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі

Қажетті еңбек тәжірибесі

4

Техникалық және жоғары деңгейлі кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе

Тәжірибесі 1 жылдан астам, немесе кәсіби дайындығы бар болса, талап етілмейді

5

Техникалық және кәсіби (орта буын маманы), орта білімнен кейінгі білім, практикалық тәжірибе, немесе жоғары білім

Мамандық бойынша 4-деңгейде 3 жылдан кеме емес, немесе жоғарғы білімі бар болса, талап етілмейді


      3-кесте. Мал дәрігерлік фельдшер орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Жануарлармен құстардың ауруын және өлуін алдын алу мақсатында мал дәрігерлік алдын алу іс-шараларын жүргізу және ауру мал мен құстарды емдеу. Жануарларды жаю, суғару орындарының, тамақтарының, үй-жайларының және құрал-жабдықтардың санитарлық жағдайына қарау, мал шаруашылғы үй-жайларын санитарлық дауалау жүргізуді қамтамасыз ету

2

Мал дәрігердің басшылығымен жануарлардың өлекселеріне патологоанатомиялық союлар жүргізу. Көңді биотермиялық залалсыздандыру регламенттерін қадағалау, сондай-ақ жануарлар мен құстарды тасымалдағаннан кейін көліктерді және ыдыстарды жуу және залалсыздандыруды жүргізу. Дәрі-дәрмектердің, залалсыздандырушы құралдардың және басқа материалдардың келіп түсуіне және жұмсалуына есеп жүргізу, олардың сақталуын қамтамасыз ету

3

Мал дәрігерінің нұсқауы бойынша есеп жүргізеді және мал дәрігерлігі бойынша белгіленген есептілікті дайындайды. Қоршаған ортаны қорғау заңнамасын, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді


      4-кесте. Мал дәрігерлік фельдшер орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

(еңбек іс-әрекеттері)

1

Жануарлар, құстар және балықтар

Вакциналар, сарысулар, дәрі-дәрмектер, шприцілер, мақта, спирт, егу инелері, пробиркалар, жануарлардың өлекселері, қолғаптар, алжапқыштар, скальпель, спирт, мақта, шелек

1-1) Жануарлар мен құстардың ауруынан және өлуінен ескерту бойынша мал дәрігерлік-санитарлық алдын алу іс-шараларына бақылау, ауру жануарлар мен құстарды емдеу

1-2) Мал дәрігерінің басшылығымен жануарлардың өлекселеріне патологоанатомиялық сою жүргізіледі

2

Жануарлар, құстар және балықтар

Дәрі-дәрмектер, залалсыздандырушы препараттар, көң, көлік, ыдыс

2-1) Көңдерді биотермиялық залалсыздандыру регламенттерін қадағалау, сондай-ақ жануарлар мен құстарды тасымалдағаннан кейін көліктерді және ыдыстарды жуу және залалсыздандыруды жүргізеді. Дәрі-дәрмектердің, залалсыздандырушы құралдардың және басқа материалдардың келіп түсуіне және жұмсалуына есеп жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді

3

Жануарлар, құстар және балықтар

Өртке қарсы қалқандар, құмы бар ыдыстар, күрек, багор, техникалық қауіпсіздік бойынша журнал

3-1)Мал дәрігерлігі бойынша есеп жүргізу және белгіленген есептілікті дайындау, қоршаған ортаны қорғау заңнамасын, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі заңдарын бақылау


      5-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі мал дәрігерлік фельдшердің құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Атқарушылық қызмет: Қойылған мақсатты ескере отырып тапсырманы анықтау және қызметті жоспарлау.Тапсырмаларды өздігінше анықтау қарастырылады

Жануарлар өлімін және ауруларын алдын алу бойынша мал дәрігерлік және санитарлық шараларды жүргізу кезінде практикалық дағдыларды қолдану қабілеті

Жануарлар өлімін және ауруларын алдын алу бойынша профилактикалық, мал дәрігерлік және санитарлық шараларды бақылауды жүргізуге арналған білімі

1-2)

Алдын-ала белгіленген критерийлерге сәкес қызметшілердің нәтижелерін бағалайды

Кәсіби қызмет шеңберінде есеп жүргізе алу

Жануарлар өліктерін патологоанатомиялық сою кезінде қолданылатын құрал-жабдықтарды қолдану білімі

2-1)

Қоршаған ортаны қорғау заңнамасын, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігін сақтауды өздігенен қамтамасыз етеді

Қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары бойынша практикалық міндеттерді шешу дағдысы

Қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын сақтауды бақылау қағидалары


      6-кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі мал дәрігерлік фельдшердің құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

3-1)

Алдын ала құрастырылған жоспар, сапа нормалары, жұмысты орындау кестесіне сәйкестігін салыстырып жұмыс барысын бақылайды, жеке жауапкершілік, командамен жұмыс істеуге бейімдену

Жануарлар өлімін және ауруларын алдын алу бойынша профилактикалық, мал дәрігерлік және санитарлық шараларды дербес жүргізу қабілеті, жұмысты бағалау, жағдайды талдау, өзін-өзі тексеру, шешімдержді қабыдау және оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауды жоспарлауда дағдыларды қолдану

Жануарлар өлімін және ауруларын ескерту бойынша профилактикалық, мал дәрігерлік және санитарлық шараларды кезіндегі практикалық тәжірибе мен теориялық білім, жан-жақты білімі бар, мал дәрігердің басшылығымен жануарлардың өлекселеріне патологоанатомиялық союлар жүргізеді

  Ветеринариялық медицина бойынша
қызметтегі кәсіби стандартының
4-қосымша

      1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)

Базалық топ

2212 Мал дәрігері

1221 Бас мал дәрігері

Ауыл шаруашылығы саласының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 17/308 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 8 тамызда № 8614 тіркелді)

СБШ біліктілік деңгейі

Санаттар

5

Мал дәрігері (жоғарғы білім) – санатсыз, II, I

6

Мал дәрігері (жоғарғы оқу орыннан кейінгі білім) – санатсыз, II, I

7

Бас дәрігер


      2-кесте. Мал дәрігердің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым)

Мал шаруашылығы кәсіпорындары, мал шаруашылығы үй-жайлары, мал дәрігерлік объектілер, фермерлік және шаруа қожалықтары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Жарақат алу қауіптілігі, мал аурулары бойынша қолайсыз аймақтарда қызмет көрсетуде ауруды жұқтыру қауіпі

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі

Қажетті еңбек тәжірибесі

5

Техникалық және кәсіби (орта буын маманы), орта білімнен кейінгі, практикалық тәжірибе, немесе жоғары білім

Талап етілмейді

6

Жоғары білім, практикалық тәжірибе

Тәжірибесі 3 жылдан кем емес

7

Жоғары білім, практикалық тәжірибе. Жоғарғы оқу орыннан кейінгі білім, практикалық тәжірибе

Тәжірибесі 5 жылдан кем емес


      3-кесте. Мал дәрігері орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын,КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек функциясының атауы

(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Жануарларға қарау жүргізіп, олардың ауруларына және жарақаттарына диагноз қою,оның функционалдық міндеттерін сапалы орындау үшін қажетті ақпарат алу, мал дәрігерлік қызмет көрсету, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту үшін жетілдіру сапасы бойынша басшылықтарға ұсыныс жасау

2

Өзіне артылған тапсырмаларды шешуге мамандарды тарту,мал дәрігерлік клиниканың кіші қызметшісіне тапсырма беру, олардың атқарған жұмыстарының сапасын және көлемін бақылау. Ұйымның басшысынан оның лауазымдық қызметін және міндетін атқаруға көмек көрсетуді талап ету

3

Жануарлардың ауруы және өлуін алдын алу мал дәрігерлік іс-шаралар жүргізу, жануарларды ұстау, баптау кезінде зоогигиеналық және мал дәрігерлік ережелер талаптарын қатаң қадағалау, малдың және құстың мал дәрігерлік-санитарлық сараптамаларын жүргізу, жануарларды емдеу және қарау мәселелері бойынша кеңес беру, зоогигиеналық талаптарға сәйкес жануарларды қарау және ұстау, кәсіби құзыреттілігіне қатысты кеңестер, конференциялар, секциялар, қауымдастықтар жұмыстарына қатысу, мазмұны бойынша жақын міндеттерді орындайды, қызметшілерге басшылық ету


      4-кесте. Мал дәрігері орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функцияларының шифры

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

(еңбек іс-әрекеттері)

1

Жануарлар, құстар және балықтар

Фонендоскоп, стетоскоп, плессиметр, перкуссионды балға, жануарларды емдеу және диагностикасы үшін құралдар және аспаптар, дәрі-дәрмектер

1-1) Жануарларға қарау жүргізіп, олардың ауруларына және жарақаттарына диагноз қою. Қолмен басып көру

1-2) Мал дәрігерлік қызмет көрсету, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту үшін жетілдіру сапасы бойынша басшылықтарға ұсыныс жасау

2

Жануарлар, құстар және балықтар

Жануарларды емдеу және диагностикасы үшін құралдар және аспаптар, дәрі-дәрмектер

2-1) Өзіне артылған тапсырмаларды шешуге мамандарды тарту. Мал дәрігерлік клиниканың кіші қызметшісіне тапсырма беру

2-2) Олардың атқарған жұмыстарының сапасын және көлемін бақылау

3

Жануарлар, құстар және балықтар

Жануарларды емдеу және диагностикасы үшін құралдар және аспаптар, дәрі-дәрмектер

3-1) Жануарлардың ауруын және өлуін алдын алу мал дәрігерлік іс-шаралар жүргізу, жануарларды ұстау, баптау кезінде зоогигиеникалық және мал дәрігерлік ережелер талаптарын қатаң қадағалау

3-2) Малдың және құстың мал дәрігерлік-санитарлық сараптамаларын жүргізу, жануарларды емдеу және қарау мәселелері бойынша кеңес беру

3-3) Кәсіби құзыреттілігіне қатысты кеңестер, конференциялар, секциялар, қауымдастықтар жұмысына қатысу, мазмұны бойынша жақын міндеттерді орындайды. Қызметшілерге басшылық ету


      5-кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі мал дәрігердің құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Жануарларды қарауда және жарақаттары мен ауруларын диагностикалауда жұмыс жасау тобының басшылығы және олардың қызмет көрсету нәтижелерінің жауапкершілігі

Жануарларды қарауда және жарақаттары мен ауруларын диагностикалауда, практикалық тапсырмаларды шешудегі дағдылары мен біліктілігі

Жануарларды қарауда және жарақаттары мен ауруларын диагностикалауда тәжірибелік, теориялық және практикалық білім

1-2)

Техникалық дайындық, жұмысшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасын сақтауда, гигиеналық нормаларды, қоршаған ортаны қорғауда және олардың жұмыс жасауына толық түрде жауапкершілігі

Ветеринарлық сапаны жетілдіруде танымдылық және практикалық дағдыларды қолдану, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту

Ветеринарлық сапаны жетілдіруде, еңбекті ұйымдастыруды жақсартуда қажетті шешім үшін акпарат жинауда жан-жақтылық білімге қабілетті болу

2-1)

Политика мен мақсаттарды ұйымдастыру, тұжырымдама шеңберінде оқу қызметі мен жұмыс үдерісін өзіндік бақылау және басқару қабілеттілігі

Кәсіби қызмет көрсету шеңберінде құжаттар мен есеп жүргізеді

Ветеринарлық кәсіби қызмет көрсету жұмысын орындау үшін, тапсырмаларды орындау үшін қажетті мамандарды қатыстыру үшін өзіндік ақпараттарды іздеу

2-2)

Жасалған жұмыстың көлемі мен сапасына бақылау жүргізуде қорытындыны дәлелдеп кәсіби қызмет үдерісін басқарады және бақылайды

Шығармашылық тәсілдеме, теориялық және практикалық білімді қолданып кәсіби мәселелерді шешудің әр түрлі нұсқаларын өздігінен әзірлеу және ұсыну біліктілігі мен дағдысы

Жасалған жұмыстың көлемі мен сапасын бақылауда жоспарлаудың негізгі үрдістерін санау және тапсырмалар қатарын анықтау

3-1)

Тұтынушының бағасын ескере отырып, алдын ала қойылған ескертпелер мен нормаларға сай нәтижені бағалау және қызмет көрсетудің кәсіби тәртібін құжаттау

Жануарларды асырау мен күтімінде зоогигиеналық және ветеринарлық ережелерді орындауын бақылау, өндірістік үдерісте шешімдерді басқару жоспарларының әр түрлі нұсқаларын құрастыру және ұсыну

Жануарладың өлім-жітімі мен ауруларын алдын алуын үшін ветеринарлық шараларды жүргізу біліктілігі, жануарларды асырау, жем беру мен күтімінде зоогигиеналық және ветеринарлық ережелерді орындау

3-2)

Шығындар құнында айырмашылықтардың болу мүмкіндігін ескеріп, жоғарыдағы басшылыққа өндірістік мәліметтерді ұсынады және түсіндіреді

Жануарлар мен құстар өнімдеріне ветеринар-санитарлық сынақ жүргізуде қызмет көрсетуді түзету және бағалау, ағымды және қорытынды бақылау

Жануарлардың ұдайы өндірісінде және емдеу сұрақтары бойынша кеңес беруде, құстар мен жануарлардың өнімдеріне ветеринар-санитарлық талдау жүргізу біліктілігі


      6-кесте. СБШ біліктіліктің 6-деңгейлі мал дәрігердің құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Нақты учаскіде технологиялық үдеріс нәтижесінің жауакершілігін ескере отырып жұмысшыларды басқару

Жануарларды қарауда және аурулары мен жарақаттарын диагностикалауда практикалық және терориялық арнайы синтезді талап ететін қызмет көрсету

Аурулар мен жарақаттарды диагностикалауда практикалық және терориялық арнайы синтезді талап ететін қызмет көрсету білімінің біліктілігі

1-2)

Жеке жұмысшылардың кәсіби дамуын басқару.

Жануарларды асырау мен күтімінде зоогигиеналық және ветеринарлық ережелерді орындауда учаскіде берілген жұмысты келістіру

Жануарларды асырау мен күтімінде зоогигиеналық және ветеринарлық ережелерді орындағанда кәсіби жағдайларда шешім қабылдауды бағалау және жобалауды талдау

Жануарларды асырау мен күтімінде зоогигиеналық және ветеринарлық ережелерді орындау, сақтау кәсіби жағдайларда біліктілігі

2-1)

Учаскі персоналының қызмет көрсетуін басқару, учаскенің қызмет тұжырымдамасының шеңберіенде менеджменттің жаңа формаларын енгізуді жоспарлайды.

Өмір қауіпсіздігі жөніндегі шараларды қамтамасыз етудегі жауапкершілігі

Қойылған тапсырмаларды шешуде мамандар қатыстырып, қызмет көрсету еңбегінде

материалдық, адами технологиялық ресурстардың қаржылық нәтижелері мен қолдану мүмкіндігінің табиғатын түсіну

Қойылған тапсырмаларды шешуде мамандар қатыстыру үшін кәсіби жәйттар мен шешім қабылдауды бағалау және жобалауды талдау

2-2)

Кәсіби қызметтің шығармашылығына бейімділігі, басқаруға ынтасының болуы, кәсіби қызметтің нәтижесі және кәсіби білімнің дамуы үшін жауапкершілік

Қызмет көрсетудің осы түріне сай қауіптерді түсіну, оларды бақылау және амалынша кеміту

Жасалған жұмысының көлемін және сапасын бақылауда көзқарастардың келісуі мен алмасу әдістерін анықтау

3-1)

Кәсіби қызметті ұйымдастыру және басқару үшін қажетті адами ресурстар мен материалдарды бөлу және іскерлік жоспарлауды жүргізу

Кәсіби қызмет көрсетуде басқару тәсілдері мен әдістерін, құқықтық және техникалық қағидаларын, жан-жақты біліктілігін қолдану

Жануарладың өлім-жітімі мен ауруларының алдын алу үшін ветеринарлық шараларға қатысты материалдық, адами және технологиялық ресурстардың қаржылық нәтижелері мен қолдану мүмкіндігінің табиғатын түсіну.

Жануарларды асырау мен тамақтандыруда және олардың күтімінде зоогигиеналық және ветеринарлық ережелер біліктілігі

3-2)

Жұмысшылардың біліктілігі мен кәсіпқойлығын көтеруде шешім қабылдау.

Қорытынды нәтижеге бағытталған, жаңа тәсілдер мен әдістерді қолдану

Жануарлардың ұдайы көбеюі және емдеу сұрақтары бойынша кеңес беру, құстар мен жануарлардың өнімдеріне ветеринар-санитарлық талдау жүргізу бойынша дағдылары мен біліктілігі

Қызмет көрсетудің осы түріне сай қауіптерді түсіну, оларды бақылау және амалынша кеміту


      7-кесте. СБШ біліктіліктің 7-деңгейлі мал дәрігердің құзыретіне қойылатын талаптар

Міндеттер шифры

Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Біліктер мен дағдылар

Білімдер

1-1)

Нәтижеге жетуді ескере отырып, бөлім деңгейі нәтижесінің жауапкершілігін өзіне алып, жұмысшылардың қызмет көрсетуін басқару

Жаңа амалдарды құрастыруды талап ететін технологиялық тұрғыда мәселелерді шеше білу

Жануарларды қараудың және жарақаттары мен ауруларын диагностикалаудың ережелерін білу

1-2)

Ветеринарлық қызмет көрсету сапасын жетілдіруде қызмет көрсету стратегияларын анықтау

Еңбекті ұйымдастыруды жақсарту үшін әдістерді таңдау және мақсат қою қабілеттілігінің ғылыми біліктілігі

Ветеринарлық сапаны жетілдіруде танымдылық және практикалық дағдыларды қолдану, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту

2-1)

Қойылған міндеттерге және шешімдерге өз деңгейіне қарай және жауапкершілігі

Қойылған міндеттерді шешуде инновациялық әдістерді қолдану біліктілігі

Міндеттерді шешу шараларының жүргізу ережелерінің біліктілігі, берілген тапсырмаларды кіші персоналға бөлу

2-2)

Жұмыстың сапасы мен көлемін бақылау бойынша жаңа әдістерді, амалдар мен тәсілдерін құрастыру

Қызмет көрсету бөлімінің жасалған жұмыс сапасы мен көлемін ескере отырып қызметін түзету біліктілігі

Жасалған жұмыстың көлемі мен сапасын бақылау ережелерінің біліктілігі

3-1)

Инновациялық амалдарды, тұжырымдаманың қойылым әдістерін, қызмет көрсету стратегиясын қолдана отырып тапсырмалар мен мәселелерді анықтау

Ветеринарияда басқару қызметін орындау үшін ағымдағы сынақтар мен зерттемелерді жүргізу біліктілігі

Зоогигиеналық талаптарға сәйкес, жануарларды асырау мен тамақтандыруда, ұдайы көбеюі мен емдік сұрақтарында кеңес беру біліктілігі. Шәует сапасын бақылау

3-2

Кәсібі құзыреттілікке жататын мәселелерді қарастыру

Жануарлардың ұдайы көбеюі мен емдік сұрақтарында кеңес беруде нәтижеге жету үшін басшылықты ұйымдастыру

Сала құрылымының қызметі мен дамуының стратегиясын ұйымдастыру, еңбек шарттары мен нәтиже жетістігіне жауапкершілік

Жануарлардың ұдайы өндірісінде және емдеу сұрақтары бойынша кеңес беруде, құстар мен жануарлардың өнімдеріне ветеринар-санитарлық талдау жүргізуде жұмысшыларды басқару үшін міндеттемелердің қызметтік жағдайының біліктілігі

  Ветеринариялық медицина бойынша
қызметтегі кәсіби стандартының
5-қосымша

      Келісу парағы

Ұйымның атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


      Осы КС тіркелді ____________________________________________________

      Кәсіби стандарттар Реестріне енгізілді, тіркеу № ____________________

      Хат (хаттама) № ____________________ Күні____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады