"Инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласындағы нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 қазанда № 9776 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1113 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      «Инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласындағы нысандарды бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 229 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылғы 27 тамызда № 8639 тіркелген, 2013 жылғы 26 қазандағы № 302 (27576) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
      көрсетілген 1-қосымшада:
      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

7.

Инвестициялық жобаның менеджері

_______________________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты
         (бар болған жағдайда))
_______________________________________
       (телефон, факс, электрондық
                почтасы)

                                                                   »;

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Инвестициялық жоба туралы мәліметтер»;
      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8.

Инвестициялық жобаның атауы

____________________________________

                                                                   »;

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

9.

Инвестициялық жобаны iске асыру орны

____________________________________

                                                                   »;

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

11.

Заңды тұлғаның тiркелген активтерге инвестициялардың көлемi қосылған құн салығын есепке алмастан (инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінім берілген күнтізбелік жылдағы шығындар, және (немесе) алдағы кезеңдердің шығындары есепке алынады)

______________________________________
                (теңге)

                                                                   »;

      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

12.

Жобаны қаржыландыру көздерi, мыналардың болуы:
- меншiкті
- қарыз қаражаты
- бюджеттік қаражат

_____________________________________
    (меншікті қаражаттың болуын
     растайтын құжаттың атауы,
              №, күні)
_____________________________________
    (жобаны қаржыландыру көздерін
     белгілейтін құжаттың атауы,
           №, күні, кредитор) _____________________________________
        (бюджет қаражаттарынан
қаржыландыруды растайтын құжаттың
            атауы, №, күні)

                                                                   »;

      реттік нөмірлері 16 - 18-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

16.

Жер салығы бойынша жеңілдіктер*

_______________________________
            (мерзімі)

17.

Мүлікке салық бойынша жеңілдіктер*

_______________________________
           (мерзімі)

18.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктер*

_______________________________
           (мерзімі)

                                                                   »;

      мынадай мазмұнда реттік нөмірілері 19, 20-жолдармен толықтырылсын:

«

19

Инвестициялық субсидия*

______________________
(мың. теңге)
жобаның алдыңғы құжаттамасымен көзделген шығындар құнының шеңберінде мемлекеттік сараптама қорытындысы бар сома көрсетіледі

20

Шетелдік жұмыс күшінің саны*, оның ішінде:
1) басшылар,
2) жоғары білімі бар мамандар,
3) білікті жұмысшылар

1. ________________________
         (адам саны)
2. ________________________
         (адам саны)
3. ________________________
         (адам саны)

                                                                  »;

      «*Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын заңды тұлғаға арналған.» ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
      «*инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлғаға арналған.
      4-бөлім алынып тасталсын;
      5-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «5.Инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасы
________________________________________________________________
                           (атауы)
      Инвестор атауы: ________________________

1-бөлім: Тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге

Шығын баптары

растайтын құжаттар

Тіркелген активтерді пайдалануға беру күні

күнтізбелік жыл

күнтізбелік жыл

Барлығы

контрагент

күні

1-жартыжылдық

2- жартыжылдық

Жыл бойынша жиыны

1-жартыжылдық

2- жартыжылдық

Жыл бойынша жиыны

























1.бөлім бойынша жиыны:












2-бөлім: Технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер, шикізат және материалдар импорты, саны

Шығын баптары

растайтын құжаттар

өлшем бірлігі

игеру кезеңі

игеру кезеңі

Барлығы

контрагент

күні

1-жартыжылдық

2- жартыжылдық

Жыл бойынша жиыны

1-жартыжылдық

2- жартыжылдық

Жыл бойынша жиыны

1. Қосалқы бөлшектер, оның ішінде:
























2. Шикізат, материалдар, оның ішінде:
























2-бөлім бойынша жиыны:
















































3-бөлім. Өндірістік көрсеткіштер, өнімнің заттай көрініс саны

р/с

Тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет атауы

Күнтізбелік жыл

Барлығы



1 жартыжылдық

2 жартыжылдық

Жыл бойынша жиыны

3-бөлім бойынша жиынтығы





                                                                  »;

      7-бөлімде:
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7760 болып тіркелген, «Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығымен бетіліген Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау жөніндегі талаптарға сәйкес құрастырылған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары»;
      4) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын, тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға арналған шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері»;
      5) тармақша алынып тасталсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамасы;»;
      мынадай мазмұндағы 8) және 9)-тармақшалармен толықтырылсын:
      «8) өтінім инвестициялық субсидияны қарастырған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сараптама қорытындысы бар басшының қолымен, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған жобадан алдыңғы құжаттама»;
      «9) шетел жұмыс күші тарылған жағдайда осы өтінімге сәйкес нысанда мәліметтер ұсынылады, сондай-ақ басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен расталған немесе нотариалды куәландырылған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармаларымен бірге:
      жеке басты куәландыратын құжат;
      тартылатын шетел жұмысшысы мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шарты ұсынылады.»;
      келесі мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
      «8. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өтiнiмде және қоса берiліп отырған құжаттарда қамтылған ақпараттың дұрыстығын (растығын) мәлімдейді және кепiлдiк бередi, ұсынылған ақпарат үшін жауапты болады және «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтату шарттарымен танысқан.
      9. Осымен Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы:
      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісі;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымы;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымы болып табылмайтынын растайды.»;
      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өтінімге қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті (Е.Қ. Хаиров) заңнамамен белгіленген тәртіпте мыналарды:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiне ресми жариялауға жiберiлуiн;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде осы тармақтың 1)2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өз атыма қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы                          Е. Сағадиев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
       ___________________Е.Досаев
      2014 жылғы 6 қыркүйек

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің бұйрығына 
2014 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 14 қосымша     

Инвестициялық     
преференцияларды беруге
арналған өтінімге қосымша

Тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәлімет

Аты-жөні (сонымен қатар латын әріптерімен)

Туылған күні

Азаматтығы / Тұрғылықты елі

Куәлігінің нөмірі, берілген күні мен берген орган (жеке басын куәландыратын құжат)

Тартылатын кезеңі (ай, жыл)







______________________________              ____________________
(Қазақстан Республикасы заңды             (қолы, мөр және күні)
    тұлға басшысының тегі,
     аты, әкесінің аты)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады