Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 14 өкімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 қазанда № 9815 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы өкімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексін іске асыру мақсатында:

      1. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне осы өкімге берілген қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы өкім ресми жариялануға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшке енеді.

      А.Шәкіров

  Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
2014 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 14 өкіміне
қосымша

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер

      1. Күші жойылды - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 20.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Күші жойылды - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 27.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Күші жойылды - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 20.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 22 өкіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8894 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 264 (28203) санында жарияланған) келесідей өзгеріс:

      кіріспе келесідей редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 184-2-бабы, "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2–бабы, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-11–бабы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын іске асыру мақсатында":".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады