"Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашдағы № 205-1871 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда № 862 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 06-400 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім      Ә. Жақсыбеков

  Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 10 қарашдағы
№ 205-1871 қаулысына
қосымша

"Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Астана қаласының аумағында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. Басқармада ведомстволар жоқ.

      3. Басқарма Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. Басқарманың орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Сарыарқа даңғылы, № 13.

      10. Мемлекеттiк органның толық атауы:

      "Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 18.06.2015 № 205-1017 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Астана қаласының бюджетiнен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 18.06.2015 № 205-1017 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарма функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары,
құқықтары мен мiндеттерi

      14. Басқарманың миссиясы: Астана қаласының қоршаған ортасын қорғау және табиғатты пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік басқару, экологиялық теңсіздік және тұрып жатқан тұрғындар үшін қолайлы орта құру болып табылады.

      15. Міндеттері:

      1) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи экологиялық жүйелерге арналған шаруашылық және басқа да қызметтердің зиянды әсерлерін болдырмау, биологиялық әртүрлікті сақтау және табиғатты пайдалануды ұтымды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау;

      2) қоршаған табиғи ортаға антропогендік әсер деңгейін төмендету;

      3) қоршаған ортаға, халқының өмірі мен денсаулығына арналған басқару, шаруашылық, инвестициялық және басқа да қызметтермен жоспарланатын әрекеттерге талдау мен бағалау жүргізу;

      4) табиғатты пайдалануды тиімді басқару мен реттеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін қаланың экологиялық жағдайын жан-жақты және объективті зерделеу, қорытындылау және талдау;

      5) тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен білімін арттыру.

      16. Функциялары:

      1) Астана қаласының мәслихатында кейіннен бекіту үшін қоршаған ортаның ластануына (ауаның ластауы, қалдықтарды орналастыру, сақтау және көму, ағынды сулар мен т.б. ластайтын заттарды тастау) арналған төлем мөлшерлемесінің есебін құрастыру;

      2) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілеу;

      3) салық органдарына қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем жүргізушілер және салым нысандары туралы мәліметтерді дайындау және ұсыну;

      4) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомствоаралық комиссияның қызметін ұйымдастыру;

      5) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

      6) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органы қызметін атқаруды қамтамасыз ету;

      7) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органы функциясының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережемен қарастырылған құзыретке сәйкес қызмет көрсетуге тарифтерді, бағаларды келісу;

      8) қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, тасымалдау, сұрыптау және қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жұмысын заңнама және үйлестіру құзіреттілігі шеңберінде жүзеге асыру;

      9) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жүргізуді қамтамасыз ету;

      10) өз құзіретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын таяу және қиыр шет елдерімен, халықаралық ұйымдармен, сонымен қатар заңды тұлға-бейрезиденттермен өзара қарым-қатынаспен және ынтымақтастықты ұйымдастыру;

      11) болжамды мақсатты құжаттарды жинақтауды жүзеге асыру, қаланың басымдықтарын анықтау және табиғатты қорғау іс-шараларын жоспарлау;

      12) табиғатты қорғау объектілерінің құрылысын және қайта құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      13) табиғатты қорғау іс-шаралары, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаудың басқа да мәселелері бойынша шартты міндеттерді тиісінше орындамау бөлігінде Астана қаласы әкімдігінің (бұдан әрі - Әкімдік) атынан талаптық арыз ұсыну және талапкер ретінде шығу;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте табиғи ресурстарды беру және табиғатты пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;

      15) қаладағы экологиялық ахуалдың жай-күйі туралы және Басқарма қызметтерінің басқа да бағыттары бойынша есептер дайындау;

      16) экологиялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ аталған мәселелер бойынша қоғамды ақпараттандыруға бағытталған ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізу (конференциялар, семинарлар, мәжілістер, "дөңгелек үстел" басындағы отырыстар және т.б.);

      17) тиісті аумақта орналасқан табиғи объектілердің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асыру;

      18) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      19) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;

      20) экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етумен, жинақтау, тасымалдау, көму және кәдеге жаратуды қоса отырып, тұтыну және өндіріс қалдықтарын басқару бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      21) өз құзыреті шегінде қалдықтарды басқару бағдарламасын келісу;

      22) қалдықтардың түзілу көлемін азайтуға, олардың қайта немесе балама түрде пайдалану деңгейін жоғарылату, көмуге жатқызылатын қалдықтар көлемін қысқартуға бағытталған экономикалық ынталарды және іс-шаралар әзірлеу;

      23) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жиналу нормаларын әзірлеу және Астана қаласының мәслихатына бекітуге ұсыну;

      24) жасыл желектерді есепке алу, күтіп ұстау және тізілімдемесін жүргізуді ұйымдастыру;

      25) жасыл желектермен қамтылған жер учаскелерін пайдалануға рұқсаттарды келісу;

      26) қаланың жасыл желектерін күтіп-ұстау, қорғау және көгалдандырылатын аумақтарды абаттандыру бойынша уәкілетті органның функцияларын орындауды қамтамасыз ету;

      27) жасыл желектерге залал келтіру құнын бағалауды есептеу және жасыл желектерді кесу және қайта отырғызуға рұқсат беру;

      28) Астана қаласының санитарлық-қорғау аймағын ("жасыл белдеу") қоса отырып, қаланың жасыл желектерін ағымдағы күтіп-ұстау және қорғау бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру;

      29) жалпы пайдаланудағы жерлерде көгалдандыру объектілерінің салу, қалпына келтіру және абаттандыру бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

      30) жалпы пайдаланудағы жерлерде салынған, қайта құрылған көгалдандыру және абаттандыру объектілерін қабылдау бойынша қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

      31) жасыл желектерді түгендеуді және орман патологиялық зерттеуді жүзеге асыру;

      32) табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кезінде балама және қалпына келетін энергия көздерін пайдалану;

      33) өз құзыреттілігі шеңберінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу;

      34) бассейндік кеңестер жұмысына қатысу;

      35) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну;

      36) Басқарма құзіретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу;

      37) арнайы табиғатты пайдаланудың экономикалық тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      38) өз құзыреттілігі шеңберінде шаруашылық етуші объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;

      39) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру;

      40) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шаралары жоспарларын келісу;

      41) сараптамалық жұмыстар жүргізуге қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететін сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) тарту;

      42) су қорын пайдалану мен қорғау және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      43) барлау немесе өндіруге байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және (немесе) қолданысқа беру, жалпыға таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру немесе қосарланған барлау және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы кепілінің келісім шартын тіркеуді жүзеге асыру;

      44) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасау, тіркеу және сақтау;

      45) барлау немесе өндіруге байланысы жоқ жер асты құрылыстарын қолданысқа беру және (немесе) құрылысы және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге келісім шарттардың қызметін орындау және тоқтатуды қамтамасыз ету;

      46) барлау немесе өндіруге байланысы жоқ жер асты құрылыстарын қолданысқа беру және (немесе) құрылысы және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге келісім шарттарды жаңарту туралы шешім қабылдау;

      47) жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды құруды, қолдану мен пайдалануды келісу;

      48) 50 текше метрге дейін суды пайдаланатын су пайдаланушыларды есепке алу;

      49) жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем мөлшерлерін әзірлеу;

      50) өсімдік және жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз ету;

      51) сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ жасанды көбейту бойынша қызметті ұйымдастыру;

      52) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру;

      53) қаланың коммуналдық меншігіндегі су шаруашылық құрылыстарын басқару, оларды қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ иесіз су шаруашылығы құрылыстары анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында қарастырылған тиісті тәртіптемелерді өткізу;

      54) өзен арналарын реттеу үшін өзен түбін, сутоғандарын лайдан және қоқыс қабаттарынан тазарту бойынша түптереңдету жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету;

      55) жағажай белдемі, жасанды суайдындар мен суайдындардың аумағында экологиялық шаралар жүргізу;

      56) аңшылық алқаптардың резервтік қорында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      57) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабу;

      58) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу;

      59) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу;

      60) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен Басқармаға жүктелген басқа да өкілдіктерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 18.06.2015 № 205-1017 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Құқықтары мен мiндеттерi:

      1) Астана қаласының әкіміне Басқарманың ұйымдастыру-әдістемелік және материалдық-техникалық қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

      2) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру мәселелері жөніндегі Астана қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және Әкімдік қаулыларының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

      3) бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет шегінде бюджеттік қаражатты пайдалануға;

      4) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану мәселесі бойынша, табиғатты қорғау іс-шараларын өткізуге арналған шарттар мен келісім-шарттарды жасасуға;

      5) өз құзыреттілігі шеңберінде заңнамамен және нормативтік құжаттармен белгіленген мерзімдерде Басқарма қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

      6) қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы бұзу нәтижесінде келтірілген зиян мөлшерін (анықтауға қатысуға) белгілеуге және тиісті мемлекеттік органдарға қорытындысын жіберуге;

      7) мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негiзiнде өз құзыретi шегiнде кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға немесе реконструкциялауға тыйым салуға немесе рұқсат беруге;

      8) өз қызметі туралы ақпаратты таратуға, қаланың аумағында орналасқан табиғи объектілердің жай-күйі туралы халықты хабардар етуге;

      9) қоршаған ортаны қорғау мәселелері және экологиялық таза, қалдықсыз, ресурс үнемдеуші табиғатты қорғау технологияларды енгізу бойынша конференциялар мен семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге;

      10) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыруға;

      11) өз құзыреті шегінде мемлекеттік, сот органдарында Басқарманың және Әкімдіктің мүддесін талап қоюшы, жауапкер ретінде өкілдік ету;

      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

3. Басқарманың қызметiн ұйымдастыру

      18. Басқармада басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға және Басқарманың қызметкерлерімен жемқорлыққа қарсы заңнамаларын сақтауға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

      19. Басқарма басшысын Астана қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкiлеттiгi:

      1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын және басқа да қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;

      2) Басқарма қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;

      3) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады және олардың орындалуын қадағалайды;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдарда және ұйымдарда сенімхатсыз Басқарма атынан өкілдік етеді;

      6) шарттарды жасасады және қол қояды, сенімхаттар береді;

      7) оның құзыретіне қатысты басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 18.06.2015 № 205-1017 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      23. Басқарма басшысы орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Басқарманың мүлкі

      24. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      Басқарманың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      25. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:

      1) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Астана Эко-Полигон НС" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      2) Астана қаласы әкімдігінің "ЖасНұр" өндірістік-шаруашылық кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады