Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 10.02.2015 № а-02/49 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі қоса алғанда жастар;
отбасында бірде бір адам жұмыс істемейтін тұлғалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған тұлғалар;
маусымдық және уақытша жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар;
елу жастан жоғары тұлғалар;
техникалық және кәсіптік оқу ұйымдарын бітірушілер.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.К.Есмурзинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі М.Балпан