Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылының тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 қарашадағы № 5С-36/11 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 4523 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6С-9/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 09.12.2016 № 6С-9/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
XXХVI (кезектен тыс)
сессиясының төрағасы
Қ.Байбуров
      Аудандық мәслихат
хатшысының
міндеттерін атқарушы
Ж.Бектұров

      КЕЛІСІЛДІ
      Бурабай ауданының әкімі Т.Ташмағамбетов

  Бурабай аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 19 қарашадағы № 5С-36/11
шешімімен бекітілген

Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
      2. Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылының әкімі шақырады.
      Бурабай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттері арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
      5. Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылының әкімі ұйымдастырады.
      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
      7. Бөлек жиынды Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
      Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы қағиданың қосымшасына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппаратына береді.

  Бурабай ауданы Наурызбай батыр
ауылының бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізу
қағидасына қосымша

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылының тұрғындары өкілдерінің саны

Елді мекеннің атауы
Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылы
5

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады