Теміржол, әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу және өрт салдарын жою қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 911 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 қаңтарда № 10154 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 478 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2018 № 478 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Теміржол көлiгiнде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзу және өрт салдарын жою қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) Әуе көлiгiнде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргiзу және өрт салдарын жою қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгiнің Төтенше жағдайлар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министр


полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      министрінің міндетін атқарушы

      _______________ Ж. Қасымбек

      2014 жылғы 26 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 911 бұйрығына 1-қосымша

Теміржол көлігінде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу және өрттердің салдарын жою қағидалары
Жалпы ережелер

      1. Осы Теміржол көлігінде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу және өрттердің салдарын жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңына және Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заң) сәйкес әзірленген.

      2. Қағидалар теміржол көлігіндегі мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі (бұдан әрі – МЕӨҚҚ) үшін теміржол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі және өрттердің салдарын жою бойынша профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Теміржол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу тәртібі

      3. Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыратын МЕӨҚҚ лауазымды тұлғалары болып мыналар табылады:

      1) МЕӨҚҚ бастығы – МЕӨҚҚ бас инспекторы;

      2) МЕӨҚҚ бастығының орынбасары – МЕӨҚҚ аға инспекторы;

      3) МЕӨҚҚ бас мамандары, мамандары – МЕӨҚҚ инспекторы;

      4) жол бөлімшесі шегіндегі МЕӨҚҚ бастығы – жол бөлімшесі шегіндегі МЕӨҚҚ бас инспекторы;

      5) жол бөлімшесі шегіндегі МЕӨҚҚ бастығының орынбасары – жол бөлімшесі шегіндегі МЕӨҚҚ аға инспекторы;

      6) МЕӨҚҚ өрт профилактикасы жөніндегі аға нұсқаушы, нұсқаушы, өрт сөндіру пойызының бастығы және оның орынбасары, жол бөлімшесі шегінде өрт сөндіру пойызының немесе бекетінің қарауыл (бөлімше) бастығы (қызмет көрсету аймағы шегінде) – жол бөлімшесі шегінде МЕӨҚҚ инспекторы.

      4. МЕӨҚҚ лауазымды тұлғалары өз қызметінде Азаматтық қорғау туралы заңды, өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Қағидаларды басшылыққа алады.

      5. Теміржол көлігі ұйымдарының стационарлық объектілері мен жылжымалы құрамында (бұдан әрі – объект) өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастыруға жалпы басшылықты және бақылауды МЕӨҚҚ бастығы жүзеге асырады.

      6. Жол бөлімшесі шегінде МЕӨҚҚ өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуге басшылықты және бақылауды жол бөлімшесі шегінде МЕӨҚҚ бастығы жүзеге асырады.

      7. Теміржол көлігі ұйымдарында ұйым басшысының бұйрығымен өрт-техникалық комиссиялар (бұдан әрі – ӨТК) мен өртке қарсы ерікті құралымдар (бұдан әрі – ӨҚЕҚ) құрылады.

      МЕӨҚҚ лауазымды адамдары теміржол көлігінде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру кезінде объектілердің ӨТК-мен, ӨҚЕҚ-мен және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

      8. МЕӨҚҚ қызметкерлерін оларға тән емес жұмыстар мен функцияларды орындауға тартуға жол берілмейді.

      9. Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмысқа тікелей басшылықты, оны жоспарлауды, өрттерді және объектілердің өртке қарсы жай-күйін талдауды МЕӨҚҚ бастығы, жол бөлімшесі шегінде тиісті жол бөлімшесінің МЕӨҚҚ бастығы жүзеге асырады.

      10. Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмысты жүзеге асыру үшін МЕӨҚҚ басқарушы құрамына МЕӨҚҚ бастығы бекіткен тізбе бойынша өртке қатысты аса қауіпті объектілер бекітіледі.

      11. Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмысын жүзеге асыратын МЕӨҚҚ лауазымды адамдары қызмет көрсетілетін объектілердің өзіндік ерекшелігін зерделейді, өрттердің шығу себептерін, объектілердің өрт қауіпсіздігі жай-күйі мен жоюға ұсынылған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарды, оның ішінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұсынған талаптарын орындау дәрежесін талдайды, олардың өрт қауіптілігін азайту жөніндегі іс-шараларын әзірлейді, өрттің алдын алуға бағытталған іс-шараларды бірлесіп өткізу мақсатында объект басшыларымен, ӨТК-мен байланыста болады.

      12. Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастыру мен жоспарлауды МЕӨҚҚ және оның бөлімшелері жүзеге асырады.

      13. МЕӨҚҚ мынадай жұмыс жоспарларын әзірлейді:

      1) МЕӨҚҚ-да – өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралардың жылдық жоспары;

      2) МЕӨҚҚ бөлімшелері – өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралардың тоқсандық (жол бөлімшелерінде) және айлық (жол бөлімшелерінде МЕӨҚҚ инспекторлары үшін) жоспарлары.

      14. МЕӨҚҚ инспекторларының жұмыс жоспары жедел-қызметтік жұмыс мәселелерінің песпективалық және ағымдағы шешімдерін есепке ала отырып, өрт ахуалдарын, объектілердегі өрт қауіпсіздігінің жай-күйін талдау негізінде әзірленеді.

      15. МЕӨҚҚ жұмыс жоспарларын жетекшілік ететін басшысы, жол бөлімшелеріндегі МЕӨҚҚ бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын тиісті жол бөлімшелерінің МӨҚҚ бастығы, өрт сөндіру пойыздары бастықтарының, МЕӨҚҚ инспекторларының жеке жұмыс жоспарларын – тиісті жол бөлімшесінің МЕӨҚҚ бастығы бекітеді.

      16. Айлық жұмыс жоспары өрт қауіпсіздігі жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жеке жоспарлаудың негізгі құжаты болып табылады, онда ұйымдастырушылық-профилактикалық іс-шаралар, зерттелуі жоспарланған барлық объектілердің атауы, сондай-ақ жоспардан тыс жұмыстар мен тапсырмаларды орындау үшін қажет уақыт резерві көзделеді. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айлық жұмыс жоспарлары профилактикалық жұмысты есепке алу күнделігінде тіркеледі.

      17. Ұйымдастырушылық-профилактикалық іс-шаралар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9510 болып тіркелген Өрт қауіпсіздігі шараларына ұйымдар қызметкерлері мен халықты оқыту қағидалары және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі.

      18. Объектілерді өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тұрғысына тексеру жергілікті жағдайларды және объектілердің өрт қауіптілігін есепке ала отырып, жыл бойы бірқалыпты жоспарланады.

      19. МЕӨҚҚ бастығы жоспарларға белгі соға отырып, олардың орындалуын жүйелі түрде бақылайды. Жекелеген іс-шаралар орындалмай қалған жағдайда тоқсан сайын олардың орындалмау себептері туралы анықтама толтырылады, онда жоспарда көзделген жүргізілген жұмыс көрсетіледі.

      20. МЕӨҚҚ лауазымды адамдары қарап-тексеру жүргізу алдында объект басшысына қызметтік куәлігін және МЕӨҚҚ бастығы бекіткен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні өрт-техникалық қарап-тексеруге тапсырмасын көрсетеді.

      21. Өрт-техникалық қарап-тексеру түрлері:

      1) егжей-тегжейлі – объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенінің орындалуына қарап-тексеруді жүзеге асыру;

      2) бақылау – МЕӨҚҚ, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың егжей-тегжейлі қарап-тексеру қорытындылары бойынша ұсынған анықталған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарын жою жөніндегі іс-шаралардың орындалу дәрежесін қарап-тексеру;

      3) мақсатты (жедел) – маусымдылығын, өрт ахуалдарын, объектінің жұмыс режимін есепке ала отырып, объектілердің өртке қарсы жай-күйін іріктеп зерттеу мақсатында МЕӨҚҚ басшылығының нұсқауы бойынша жүзеге асырылатын қарап-тексеру.

      22. Жолаушы пойыздарын өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тұрғысына қарап-тексеру жолаушы пойыздарын құрастыру пункттерінде және жөнелтудің айналым станцияларында жүргізіледі. Жолдағы жолаушы пойыздарын қарап-тексеру МЕӨҚҚ бастығы бекіткен кесте бойынша пойыз бастығының және пойыздың электр механигінің қатысуымен жүзеге асырылады. Жүргізілген жұмыс нәтижелері тексеруші адамның, пойыз бастығының және электр механигінің қолы қойылып, рейстік журналда көрсетіледі.

      23. Локомотивтерді, тіркелу депосына мотор-вагонды жылжымалы құрамды, электр жылжымалы құрам мен рефрижераторлы секцияларды (пойыздарды) қарап-тексеру МЕӨҚҚ басшысы бекіткен кестелер бойынша жүзеге асырылады.

      24. Қазақстан Республикасының магистральдық теміржол желісіне жұмысқа жіберу үшін бөгде ұйымдардың теміржол көлігіндегі жылжымалы құрамы өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкестігін белгілеу үшін комиссиялық тексеріп қарауаға ұсынылады.

      25. Объектілерге қарап-тексерулер жылына кеміне екі рет жүзеге асырылады, атап айтқанда, объектілерге егжей-тегжейлі қарап-тексерулер шаруашылықтарды көктемгі комиссиялық тексеру барысында, бақылау күзгі комиссиялық тексеру барысында жүргізіледі.

      Теміржол ұйымдарында теңгерімде тұрған тұрғын үйлерді қарап-тексеру жылына бір рет жүргізіледі.

      26. МЕӨҚҚ лауазымды адамы егжей-тегжейлі немесе бақылау қарап-тексеруді жүргізудің басталуы туралы қарап-тексеру басталғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын объектінің әкімшілігіне жүргізу мерзімін көрсете отырып, жазбаша түрде хабарлауы тиіс.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 11.11.2015 № 909 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрғысына объектілерді қарап-тексеруді сол лауазымды адамдар немесе өрт-техникалық қарап-тексеру жүргізу тапсырмасында көрсетілген адам жүргізеді. Қарап-тексеру объект басшысының немесе ол бөлген объекті әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі, сондай-ақ қарап-тексеруге объектінің мамандары (технологтар, энергетиктер), ӨТК мүшелері мен ӨҚЕҚ бастығы тартылуы мүмкін.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 11.11.2015 № 909 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Объектілердің басшылары, не олардың уәкілетті өкілдері алдағы қарап-тексеру туралы хабарламаны алған жағдайда, тексерілетін объект орналасқан жерде белгіленген тексеру мерзімінде болады, сондай-ақ МЕӨҚҚ лауазымды адамдарының объект аумағы мен үй-жайларына кіруін қамтамасыз етеді.

      29. Объектіде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрғысына қарап-тексеру жүргізу кезінде мына мәселелер қаралады:

      1) объект басшысының және жауапты тұлғаларының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметі; өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі бұйрықтардың, өкімдердің және нұсқаулықтардың болуы; өрт сөндіру автоматикасы қондырғыларын пайдалануды ұйымдастыру; объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және өрт сөндіру жабдығын сатып алуды қаржыландыруға өтінімдердің болуы; өртке қарсы іс-шаралардың перспективті жоспарларға, өндірістік-қаржылық жоспарларына енгізілуі; отпен жүргізілетін жұмыстарды ресімдеу және жүргізу тәртібінің сақталуы; ӨТК-ның профилактикалық жұмысын ұйымдастыру және сапасы; ӨҚЕҚ жауынгерлік әзірлігі; жұмысшылармен және қызметшілермен өртке қарсы нұсқаулықты және өрт-техникалық минимумды жүргізу тәртібі; өрт туындаған жағдайда объект қызметкерлерінің өз міндеттерін және іс-қимылдарын білуі;

      2) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау;

      3) өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралардың орындалу дәрежесі;

      4) өрт туындаған жағдайда адамдардың қауіпсіздігін және мүліктің сақталуын қамтамасыз ету (эвакуациялау жолдары мен шығу жолдарының болуы және жарамды жай-күйі, өрттерді анықтау және сөндіру, құлақтандыру, сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау, түтіннен қорғау жүйелерінің болуы мен жұмысқа қабілеттілігі);

      5) желдету, жылу беру, энергиямен жабдықтау жүйелерінің жұмысқа жарамды жай-күйі.

      30. Егжей-тегжейлі және мақсатты (жедел) қарап-тексеру қорытындылары бойынша МЕӨҚҚ лауазымды адам осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес екі данада өрт-техникалық қарап-тексеру актісін жасайды. Анықталған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімдерін объекті басшысының келісімімен МЕӨҚҚ лауазымды адамы белгілейді.

      31. Бақылау қарап-тексеру қорытындылары бойынша өрт-техникалық қарап-тексеру актісінде анықталған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі егжей-тегжейлі немесе мақсатты қарап-тексеру қорытындылары бойынша ұсынылған іс-шаралардың орындалуы туралы белгі қойылады. Бақылау қарап-тексеру нәтижелері өрт-техникалық қарап-тексеру актісінде ресімделеді, онда жойылмаған және қайта анықталған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар тіркеледі.

      32. Қарап-тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда объекті басшысы немесе оның өкілі оларды жазбаша түрде баяндайды.

      Ескертулер және (немесе) қарсылықтар өрт-техникалық қарап-тексеру актісіне қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі қойылады.

      33. Қосымшалардың көшірмелерімен бірге өрт-техникалық қарап-тексеру актісінің бір данасы объектінің басшысына не оның өкіліне анықталған бұзушылықтармен танысу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін беріледі.

      Өрт-техникалық қарап-тексеру актісі объектінің басшысына 5 жұмыс күні ішінде беріледі.

      34. Қарап-тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, объектілердің басшылары оларға жоғары тұрған МЕӨҚҚ бөлімшесіне шағымданады.

      35. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қызмет көрсету учаскелері бойынша МЕӨҚҚ лауазымды адамдары объектілерді есепке алу журналында объектілерді есепке алуды жүргізеді.

      36. МЕӨҚҚ лауазымды қызметкеріне бекітілген әрбір объектіге бақылау-байқау ісі жүргізіледі, онда объектінің техникалық сипаттамасы, нұсқамалар, объектіге өрт-техникалық қарап-тексеру жүргізуге тапсырма, өрт-техникалық қарап-тексеру актілері, ӨҚЕҚ мүшелерінің тізімдері, объекті басшыларының бұйрықтары және объектіге өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде құрылған басқа да құжаттар сақталады.

      37. МЕӨҚҚ лауазымды қызметкерлері теміржол ұйымдарының басшыларына өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған қызметкерлер мен жауапты адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар жасайды.

3. Темір жол көлігінде өрттердің салдарын жою тәртібі

      38. Теміржол көлігінде өрттердің салдарын жою жөніндегі іс-шаралар (бұдан әрі - өрттерді жою) өрт сөндіру және аумақтық авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарту жоспарларына сәйкес ұйымдастырылады.

      39. Ведомстволық бағынысты аумақтарда өрттерді жоюға теміржол көлігі объектілерінің күштері мен құралдарын, сондай-ақ басқа да арнайы қызметтер мен құралымдарды тарту тәртібі өзара іс-қимыл жасау жөніндегі тиісті нұсқаулықтарда айқындалады.

      40. Өрттерді жою жұмыстары теміржол көлігі объектілеріндегі өрт сөндіру тактикасының негіздеріне сәйкес болуы тиіс және мыналарға бағытталады:

      1) қауіпті аймақтан адамдарды және жолаушыларды, сондай-ақ тұрғындарды құтқару және эвакуациялау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      2) жылжымалы құрамдар мен жүктерді эвакуациялау;

      3) ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;

      4) жарылыс өрт қаупі бар объектілер мен учаскелердегі өрттерді сөндіру;

      5) сұйықтықтардың төгілуі мен жайылуын, көршілес вагондарға және ғимараттар мен құрылыстарға өрттің таралуын болдырмау үшін қауіпті заттары бар цистерналар мен вагондарды сөндіру және суыту, жарылыстың алдын алу;

      6) объектінің жұмысын тоқтату немесе тоқтата тұру;

      7) адамдар мен жүктердің қозғалысына шектеу (карантин) енгізу;

      8) авариялық-құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен объектілерді күзетуді қамтамасыз ету.

      41. Өрттерді жоюға жетекшілік ету:

      1) станцияларда – станция бастығына, оның орынбасарларына, ал олар болмағанда – станция кезекшілеріне;

      2) аралықтарда (барар жолда) – жүк және дизель-электр пойыздарының машинстеріне, ауыр салмақты құрамдарды алып жүретін локомотив машинистеріне, жолаушылар пойыздарының бастықтарына, рефрижераторлы пойыздар секцияларының бастықтарына, пошта-жүк пойыздарында және арнайы вагондарда ілесіп жүретін адамдарға;

      3) кәсіпорындар мен ұйымдарда – кәсіпорынның басшысына немесе оның орынбасарларына жүктеледі.

      42. Теміржол көлігі объектілерінде ірі өрттер туындаған кезде, өрт болған ұйымдардың жанынан жедел штаб құрылады. Штаб жұмысын қамтамасыз ету теміржол көлігі ұйымының немесе жол бөлімшелерінің бірінші басшысына жүктеледі.

      43. Қауіпті аймақ шекараларын заңнамада белгіленген тәртіпте өртті жою және жұмыс штабының басшысы айқындайды.

      44. Теміржол жылжымалы құрамының рельстен шығып кетуімен байланысты аварияның немесе өрттің салдарын жедел жою үшін теміржол бойымен пойыздардың қозғалысын қалпына келтіру үшін өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздарының авария (өрт) болған жерге бір уақытта шығуы көзделеді.

      45. Өрт сөндіру пойыздарын оқиға орнына уақтылы жіберуді, қозғалысын және жеткізуді жол бөлімшесінің басшысы қамтамасыз етеді.

      Өрт сөндіру пойыздарын және МЕӨҚҚ басқа бөлімшелерін өрт болған жерге шақыру, жіберу және жылжыту қысқа мерзімде жүзеге асырылады және теміржол көлігі ұйымы белгілеген тәртіппен анықталады, бірақ 15 минуттан аспауы қажет.

      46. Өртті сөндіргеннен кейін теміржол көлігі ұйымдары өрт салдарын жою, пойыздар қозғалысын қалпына келтіру, өндірістің тоқтап қалған технологиялық процесі жұмысын (электр энергиясы және байланыспен қамтамасыз ету, теміржол жолдарын және энергиямен қамтамасыз ету, байланыс қондырғыларын жөндеу) ұйымдастыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады.

      47. Қауіпті жүктермен байланысты өрттерді жою кезінде пайдаланылған теміржол жылжымалы құрамы, өрт сөндіру және қосымша техника, өрт-техникалық жабдықтар мен жарақтар жұмыс аяқталғаннан кейін жуылуы және қайта залалсыздандырылуы тиіс.

      48. Өртті жойғаннан кейін өрт сөндіру пойыздары мен жұмылдырылған техника цистерналары сумен толтыруға жіберіледі, олардың техникалық жай-күйі тексеріледі және орналастыру орнына қойылады.

      49. Ұйымдардың басшылары қызметкерлерді әскерилендірілмеген құралымдар құрамында өрт туындаған және оны жою кезінде қорғану және іс-қимыл жасау тәсілдеріне оқытуды ұйымдастырады.

  Теміржол көлігінде өрт қауіпсіздігі
бойынша профилактикалық жұмыстар
жүргізу және өрттердің салдарын
жою қағидаларына
1-қосымша

Профилактикалық жұмыстарды есепке алу журналы
_______________________________________________________________
(МӨҚҚ қызметкерінің Т.А.Ә, МӨҚҚ атауы мен мекенжайы)
_______________________________________________
20___ж ________ айы

Р/с N


Күні


Объектінің атауы


Іс-шаралар атауы



Станция штемпелі және қолы













      Инспектор_________________________

      (Т.А.Ә.)

      қолы __________________

  Теміржол көлігінде өрт қауіпсіздігі
бойынша профилактикалық жұмыстар
жүргізу және өрттердің салдарын
жою қағидаларына
2-қосымша

Салалық өртке қарсы қызмет бөлімшесінің атауы
Объектіге өрт техникалық зерттеу жүргізуге №___ тапсырма

      _________________________________________________ берілді

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      20__ жылғы "__" - "__" __________ аралығында ______________________________

      (объектінің, жылжымалы құрамның атауы)

      өртке қарсы жай-күйіне егжей-тегжейлі, бақылау, мақсатты тексеру жүргізу (керегінің астын сызу қажет)

      Негіздеме: Теміржол көлігінде өрт қауіпсіздігі және өрттің салдарын жою бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу қағидалары.

      Бастық: _____________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      Тапсырмамен таныстым _______________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      МӨҚҚ лауазымды тұлғасының қызметтік куәлігі болған жағдайда тапсырма жарамды

      Қызметтік куәліктің үлгісі

Теміржол көлігіндегі мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі



Теміржол көлігінде өрт қауіпсіздігі және өрттің салдарын жою бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу қағидаларына сәйкес барлық түрдегі жылжымалы құрамда және теміржол көлігі ұйымының стационарлық объектілерінде кез келген уақытта өрт техникалық тексерулер жүргізуге құқығы бар




Сурет орны


К У Ә Л І К N__ _____________ ______________ _____________


20__жылғы "__"________ берілді


МӨҚҚ бөлімшесінің

бастығы _________

(қолы)


  Теміржол көлігінде өрт қауіпсіздігі
бойынша профилактикалық жұмыстар
жүргізу және өрттердің салдарын
жою қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 11.11.2015 № 909 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Салалық өртке қарсы қызмет бөлімшесінің атауы

      Өрт техникалық зерттеудің №___ А К Т І С І

      Мынадай құрамдағы комиссия: _________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (комиссия мүшелерінің лауазымы, Т.А.Ә. көрсетіледі)

      20___жылғы "__"________бірлесіп ____________________________________

      _____________________________________________________________________

      (объекті өкілдерінің лауазымы,Т.А.Ә.)

      _____________________________________________________________________

      (зерттеу объектісі, МӨҚҚ қызметкерінің лауазымы және Т.А.Ә.)

      ___________________________________ өрт техникалық зерттеу жүргізді.

      Тексеру барысында анықталған өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларының талаптарын бұзушылықты жою мақсатында "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және Теміржол көлігінде өрт қауіпсіздігі және өрттің салдарын жою бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу қағидаларына сәйкес объект басшысы мынадай іс-шараларды орындауы тиіс:

Р/с

Іс-шаралар атауы

Орындау мерзімі

Орындау туралы белгі

1

2

3

4










      Ұсынылған іс-шаралармен келіспеген жағдайда, Сіз жоғарғы тұрған МӨҚҚ органына шағымдана аласыз.

      Комиссия мүшелерінің қолы: _____________________

      _____________________

      _____________________

      Орындау үшін актіні алдым:

      ______________________________ __________________________

      (объект басшысының қолы) (МӨҚҚ қызметкерінің қолы)

      Бақылау зерттеулерінің нәтижесі

Зерттеу күні

Орындалмаған іс-шаралар №

Тексеруді кім жүргізді (лауазымы, Т.А.Ә., қолы)

Кім таныстырылды (лауазымы, Т.А.Ә., қолы)









  Теміржол көлігінде өрт қауіпсіздігі
бойынша профилактикалық жұмыстар
жүргізу және өрттердің салдарын
жою қағидаларына
4-қосымша

Объектілерді есепке алу журналы

      1. Қызмет көрсету учаскесі ________________________________

      2. Объектілердің жалпы саны ___________________________

р/с


Объектінің атауы және оның шаруашылыққа тиесілігі


Объектіге бекітілген адамның Т.А.Ә.


ӨТК, ӨҚЕҚ болуы, өрт техникасының болуы


ӨТҚТ күні


1


2


3


4


5


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 911 бұйрығына 1-қосымша

Әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу және өрттердің салдарын жою қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу және өрттердің салдарын жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 маусымдағы Заңына және "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленген.

      2. Қағидалар азаматтық авиация ұйымдарының мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі үшін әуе көлігінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің өрт қауіпсіздігі және өрттердің салдарын жою бойынша профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Әуе көлігіндегі өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу тәртібі

      3. Әуе көлігінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық авиация ұйымының басшысына жүктеледі. Ұйым басшысы жекелеген объектілердің (өндірістік цехтар, аймақтар, қойма бөлмелері, қонай үйлер) өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарды белгілейді.

      4. Инженерлік-техникалық қызметкерлерді және қызметшілерді азаматтық авиация ұйымдарында әуе кемелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге жұмылдыру үшін өрт-техникалық комиссия (бұдан әрі - ӨТК) құрылады.

      5. ӨТҚ құрамына: ұйымның бірінші басшысының орынбасары немесе бас инженері, объектінің өртке қарсы қызметінің бастығы (орынбасары) немесе еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, күрделі құрылыс, жер үсті құрылыстары, жанар-жағар май материалдары, радиотехникалық жабдықтарды және байланысты пайдалану, авиациялық-техникалық база қызметтерінің басшылары және азаматтық авиация ұйымы басшысының қарастыруы бойынша басқа да адамдар кіреді. Өрт-техникалық комиссиядан басқа ірі құрылымдық бөлімшелерде (жанар-жағар май материалдары, радиотехникалық жабдықтарды және байланысты пайдалану және басқа да қызметтерде) құрылымдық бөлімшенің басшысы цехтық (объектілік) өрт-техникалық комиссия құруы мүмкін.

      6. Авиациялық техника мен объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі нысаны өрттердің орын алу қаупін тудыратын себептерін уақтылы анықтау және жою мақсатында жүргізілетін профилактикалық жұмыстар болып табылады.

      Профилактикалық жұмыс өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрғысына жоспарлы зерттеулердің, тұрақты бақылау қарап-тексерулердің, күнделікті бақылаудың, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарын орындауды бақылаудың жиынтығын білдіреді.

      7. Профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде ӨТК:

      1) өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрғысына қарап-тексерулер жүргізу арқылы әуе кемелерін, құрылыстар мен ғимараттарды пайдалану кезінде тиісті өртке қарсы режимнің сақталуына;

      2) азаматтық авиация объектілері қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі іс-шараларына және өрт кезіндегі іс-әрекеттерге оқытуға;

      3) мемлекеттік өртке қарсы қызметпен бірге әуе көлігіндегі өрт сөндіру жедел жоспарын әзірлеуге, оларды пысықтау бойынша ведомстволық жоспарлы машықтанулар мен оқу-жаттығуларды ұйымдастыруға, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері бастамашылық еткен оқу-жаттығуларға қатысуға;

      4) өрт қауіптілігін төмендетуге бағытталған жаңа техникалық шешімдерді енгізуге бағытталған шаралар қабылдайды.

      8. Авиациялық техниканы және объектілерді өртке қарсы қамтамасыз ету авиациялық техникада және объектілерде жану мен өрттердің туындауына жол бермеуге, ал өрт туындаған жағдайда оларды уақтылы анықтауға және нәтижелі сөндіруге, адамдарды және материалдық құндылықтарды қауіпсіз эвакуациялауға бағытталған іс-шаралар кешенін құрайды.

      9. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі профилактикалық жұмыстарды мыналар жүзеге асырады:

      1) жоспарлы зерттеулер арқылы (жылына екі реттен кем емес) өрт–техникалық комиссия;

      2) құрылымдық бөлімшелерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдар (қызметтер, бөлімдер, қоймалар, цехтар, қонақ үйлер басшылары) – үнемі;

      3) өрт профилактикасы бойынша азаматтық авиация ұйымындағы тиісті лауазымды адамдар (инженерлер, инструкторлар) – барлық объектілер бойынша үнемі.

      10. Объектіде немесе әуе кемесінде қарап-тексеру жүргізу кезінде мыналар анықталады:

      1) өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтардың болуы және оларды сақтау дәрежесі;

      2) объектінің өрт қауіпсіздігінің нақты жай-күйінің белгіленген өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;

      3) бұрын белгіленген өртке қарсы іс-шаралардың орындалу дәрежесі;

      4) ұйым (объекті) қызметкерлерінің өрт туындаған жағдайда өрт қауіпсіздігі шараларын білуі және іс-қимыл жасай білуі.

      11. ӨТК профилактикалық іс-шаралардың жылдық, тоқсандық және айлық жоспарларын әзірлейді, оларды азаматтық авиация ұйымының басшысы бекітеді. Жоспарларда ұйымдастырушылық-профилактикалық іс-шаралар және зерттелуі жоспарланған барлық объектілер көрсетіледі.

      12. ӨТК жоспардың орындалуын белгі жасай отырып бақылайды. Жекелеген іс-шаралар орындалмаған жағдайда тоқсан сайын олардың орындалмау себептері туралы анықтама жасалады, онда жоспарда көзделген жұмыс көрсетіледі.

      13. Жоспарлы, бақылау қарап-тексерулері мен күн сайынғы бақылаудың нәтижелері бойынша мынадай шаралар қабылданады:

      1) өрт-техникалық комиссиялар еркін түрде құрастырылатын өрт-техникалық қарап-тексеру актісі құрылады, онда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жай-күйі көрсетіледі, анықталған бұзушылықтар белгіленеді, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзатын кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізіледі;

      2) құрылымдық бөлімшелер басшылары анықталған өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын бұзушылықтарды жою және осы бұзушылықтарға жол берген кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды;

      3) өртке қарсы қызмет бөлімшесінің бастығы азаматтық авиация ұйымының басшысына объектілердегі өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы баяндайды және оны жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;

      14. Азаматтық авиация ұйымдарында әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде өрт қауіпсіздігін бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жолын кесу мақсатында, сондай-ақ өрт туындаған жағдайда оны жедел сөндіру үшін әуе кемелерінің перрондары мен тұрақтары бойынша жауынгерлік есептоптары бар өрт сөндіру автомобильдерімен күзету ұйымдастырылады.

      Күзету кезеңділігі мен бағыттары жергілікті жағдайларға және ұшулар қарқындылығына байланысты белгіленеді.

      15. Азаматтық авиация ұйымдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9510 болып тіркелген Өрт қауіпсіздігі шараларына ұйымдар қызметкерлері мен халықты оқыту қағидалары және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптар негізінде өртке қарсы арнайы даярлықтан өтеді.

      16. Азаматтық авиация ұйымдарының басшылары осы Қағидалардың, өрт қауіпсіздігі саласындағы салалық нұсқаулықтардың және басқа да нормативтік құқықтық актілердің негізінде жалпы ұйым және әрбір жеке объекті үшін өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтарды әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.

      Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық мына іс-шараларды қамтуы тиіс:

      1) аумақты, ғимараттарды және үй-жайларды, оның ішінде эвакуациялау жолдарын ұстауға қойылатын талаптар;

      2) технологиялық процестерді жүргізу, жабдықтарды пайдалану, өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралар;

      3) жарылыс өрт қаупі бар және өрт қаупі бар заттар мен материалдарды сақтау және тасымалдау нормалары;

      4) темекі тарту, ашық отты қолдану және отпен байланысты жұмыстарды жүргізу орындары;

      5) жанғыш заттар мен материалдарды жинауға, сақтауға және басқа орынға әкетуге, арнайы киімдерді ұстауға және сақтауға қойылатын талаптар;

      6) ауытқуы өрт немесе жарылыс тудыруы мүмкін бақылау-өлшеу аспаптарының (манометр, термометр) шекті көрсеткіштері;

      7) қызмет көрсетуші персоналдың іс-әрекеттері, оның ішінде:

      мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру жүйелілігі;

      технологиялық жабдықты авариялық тоқтату жүйелілігі;

      желдеткішті және электр жабдығын ажырату жүйелілігі;

      өрт сөндіру құралдарын және өрт сөндіру автоматикасы қондырғыларын қолдану қағидалары;

      адамдарды, жанғыш заттарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жүйелілігі;

      азаматтық авиация ұйымының (бөлімшелерінің) барлық үй-жайларын тексеру және өрт жарылыс қауіпсіз жай-күйге келтіру.

      17. Технологиялық процесті және жұмыс жағдайларын өзгерту кезінде, сондай-ақ объектіде болған өртті, аварияларды және жарылыстарды талдау негізінде Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар кемінде үш жылда бір рет қайта қаралады.

3. Әуе көлігіндегі өрттер салдарын жою тәртібі

      18. Әуе кемелеріндегі өрттің салдарын жою жөніндегі іс-шаралар азаматтық авиация ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілетін өрт құтқару есептоптары мен өзара қарым-қатынас жасайтын қызметтер іс-қимылдарының авариялық жоспарына сәйкес ұйымдастырылады.

      19. Әуе көлігі объектілеріндегі өрттерді жою үшін әуежайлардың авариялық-құтқару командаларының құрамына кіретін штаттық өрт-құтқару есептоптары құрылады.

      20. Азаматтық авиация әуе айлақтарының аумағында орналастырылған авариялық-құтқару командаларының әуе кемелеріндегі өрттерді жою кезіндегі іс-әрекеттері әуе көлігі объектілеріндегі өрт сөндіру тактикасына сәйкес жүзеге асырылады және мыналарға:

      1) авариялық жағдай сипатын бағалау және азаматтық авиация ұйымының қосымша күштері мен құралдарын және басқа да өзара іс-қимыл жасайтын қызметтерді жұмылдыруға.

      2) әуе кемесінің жолаушыларын және экипаждарын іздестіруді, эвакуациялауды және құтқаруды ұйымдастыруға;

      3) өртті оқшаулауға және жоюға;

      4) жанып жатқан әуе кемесіне жақын орналасқан объектілерді өрттен қорғауға;

      5) өрт аймағынан жылжымалы техникалық жабдықтарды және басқа да әуе кемелерін эвакуациялауға (тіркеп сүйреуге);

      6) сумен жабдықтау көздеріне кірме жолдарды қамтамасыз етуге;

      7) адамдар мен жүктердің қозғалысына шектеу енгізуге;

      8) ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыруға;

      9) барлық жұмылдырылған бөлімшелермен үздіксіз байланысты ұйымдастыруға бағытталған.

      21. Әуе кемелеріндегі өрттерді сөндіру кезінде ең алдымен өртті барлау жүргізіледі. Өртті барлау оқиға орнына өрт автокөлігі қозғалған кезде басталады. Бұл ретте: өрттің орны және сипаты, адамдардың болуы және оларға төнген қауіп дәрежесі, өрт өлшемі, оттың таралу бағыты, фюзеляж үшін өрттінің қауіпті орны, сондай-ақ өрттің дамуына метеожағдайлардың әсері анықталады.

      22. Барлық күштер мен құралдар шешуші бағытқа шоғырландырылады. Бастапқы кезеңде шешуші бағыт ретінде қысқа мерзімде фюзеляж астына және көлденең қанат жанына төгілген авиажанармайының өртін оқшаулау, сондай-ақ әуе кемесінен адамдарды эвакуациялау үшін эвакуациялау жолдарын жасау болып табылады.

      23. Өртті сөндіргеннен кейін әуе көлігі ұйымы өрттің салдарын жоюға, әуе кемесінің қозғалысын қалпына келтіруге, ұшу-қону жолағын тазалауға және жөндеуге бағатталған іс-шараларды жүзеге асырады.

      24. Өртті жою кезінде жұмылдырылған өрт және қосымша техника, пайдаланылған өрт-техникалық жабдықтар және жарақтар, жұмыс соңында тазаланады, олардың техникалық жай-күйі тексеріледі және тұрақты орналасу орнына қойылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады