Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек Кодексінің 238 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес Әйтеке би аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әйтеке би ауданында ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласы мамандарына аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың жалақыларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрайымы: | хатшысы: |
М. КӨПТЛЕУОВА | А. ЕРМАҒАМБЕТ |