Ескерту. Деректемелерінде, тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша орыс тілінде "Сартугайского" сөзі "Сартогайского" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Сартоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Сартоғай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 3 "Сартоғай селолық округінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-120 тіркелген, 2011 жылғы 3 қарашадағы "Жем-Сағыз" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын, шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде өзгермейді.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сартоғай ауылдық округі әкімі | Е.Карабасов |