Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сартоғай ауылдық округінің әкімі | А. Махан |
Сартоғай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 4 шешіміне қосымша |
Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1) Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 3 "Сартоғай ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-120 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 қарашада "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімінде:
орыс тіліндегі шешімнің деректемелерінде, тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "Сартугайского" сөзі "Сартогайского" сөзімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Сартоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
орыс тіліндегі шешімнің 2 және 3 тармақтарында "Шұкырши", "Баршакұм" сөздері "Шұқырши", "Баршақұм" сөздерімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
4 тармақтағы "өз міндетіме аламын" сөздері "өзіме қалдырамын" сөздерімен ауыстырылсын.
2) Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 03 қарашадағы № 14 "Сартоғай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 3 "Сартоғай селолық округінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4068 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 қарашада "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінде:
орыс тіліндегі шешімнің деректемелерінде, тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "Сартугайского" сөзі "Сартогайского" сөзімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
шешімнің кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Сартоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
3) Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 7 "Байғанин ауданы Сартоғай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 3 "Сартоғай ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5476 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 мамырда "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімінде:
орыс тіліндегі шешімнің деректемелерінде, тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "Сартугайского" сөзі "Сартогайского" сөзімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.