Сартоғай ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 3 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 қазанда № 3-4-120 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "селолық" деген сөздер тиісінше "ауылдық" деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 03.11.2014 № 14 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 13.04.2017 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелерінде және бүкіл мәтін бойынша қазақ тілінде "селолық", "селосының", "селосына" сөздер "ауылдық", "ауылының", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 13.04.2017 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелерінде, тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша орыс тілінде "Сартугайского" сөзі "Сартогайского" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Сартоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Сартоғай ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      Алтай батыр ауылы:

      1) Орталық

      2) Бұлақ

      3) Мектеп

      4) Сарытоғай

      5) Сағыз

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 13.04.2017 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Шұқырши ауылы

      1) Сарыөзек

      Ескерту. 2 тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Баршақұм ауылы

      1) Жағалау

      Ескерту. 3 тармаққа қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 13.04.2017 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Ескерту. 4 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сартоғай ауылдық округі әкімі Е.Қарабасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады