Қарғалы ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 192 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 наурызда № 3831 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 227 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 01.03.2018 № 227 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 39-3 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қарғалы ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің кағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат

Аудандық мәслихаттың

сессиясының төрағасы

хатшысы

Ж.Қалдығұлов

Х.Жылқыбеков


  Қарғалы аудандық мәслихатының
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 192 шешімімен бекітілген

Қарғалы ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізудің қағидалары

      1. Осы Қарғалы ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 39-3 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және ауданның ауылдық округтері тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2.-Жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында Қарғалы ауданының селолық округтерінің аумағындағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі-бөлек жиын) шақырылады және өткізіледі.

      1. Жалпы ережелер

      3. Осы Қағидаларда келесідей ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті өзін-өзі басқару – халықпен тікелей жүзеге асырылатын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін - өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік - аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі тиісті әкімшілік- аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты тиісті әкімшілік- аумақтық бөлініс қызметінің мәселелері.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынның өкілеттіліктері

      4.-Бөлек жиынға қатысушылар күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды:

      1) аудан мәслихатына, ауданның және ауылдық округтерінің әкімдеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу;

      2) әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша олардың есептерін тыңдау және талқылау;

      3)-аудан мәслихатының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы мәслихаттың есептерін тыңдау және талқылау;

      4) жергілікті қоғамдастық жиыны айқындаған жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер бойынша өткізіледі.

      3. Бөлек жиынын өткізу тәртібі

      5. Бөлек жиын ауылдық округ әкімімен шақырылады.

      Тиісті аудан әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      6. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      7.-Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      8. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      9. Бөлек жиынды ауылдық округ әкімі немесе ол өкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ әкімі немесе ол өкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      10.-Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатуралары жасы 18-ден асқан, әрекет қабілеттігі бар, сотталмаған, әкімшілік-аумақтық бөлініс шекарасының аумағында тұрғылықты тіркелген азаматтардың әр 100 адамнан 10 адам құрамында бөлек жиынның қатысушылары ұсынылады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      11.-Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

      13.-Жергілікті қоғамдастық жиыны оған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі. Жергілікті қоғамдастық жиындары өкілдердің қатысуымен өткізілген жағдайда, жергілікті қоғамдастық жиыны оған ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарында сайланған өкілдердің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      4. Жергілікті қоғамдастық жиынының шешімі

      14.-Жергілікті қоғамдастық жиынының шешімі, егер оған жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      Ауылдық округ әкімдері жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдіруге құқылы, бұл осындай келіспеушілікті туғызған мәселелерді қайтадан талқылау арқылы шешіледі.

      Ауылдық округ әкімдері келіспеушілігін туғызған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан мәслихатының отырысында оны алдын ала талқылағаннан кейін шешеді.

      15. Жергілікті қоғамдастық жиынында қабылданған шешімдер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратылады.

      Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиыны шешімінің қорытындылары бойынша ауылдық округ әкімдері шешім қабылдайды.

      5. Қорытынды ереже

      16. Бөлек жиын өткізу барысында жергілікті қоғамдастықтың мүшелері қоғамдық тәртіпті сақтаулары қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады