Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданының Құрсай ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 3869 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Құрсай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Құрсай ауылдық округі әкімінің 31.03.2015 № 1 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қобда аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторының 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 81 ұсынысының негізінде Құрсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Құрсай ауылдық округінің Құрсай ауылы аумағында ірі мүйізді мал арасында бруцеллез жұқпалы ауруының ошағы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күні қолданысқа енгізіледі.

      Құрсай ауылдық округінің әкімі С.Елеусінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады