Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес Талдысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Талдысай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 14 «Мұғалжар ауданы, Талдысай ауылдық округінің Талдысай және Еңбек ауылдарындағы атаусыз көшелерге атаулар беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-157 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 желтоқсанында аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің Талдысай және Еңбек ауылдарындағы атаусыз көшелерге атаулар беру туралы»;
орыс тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «аулов», «аульного», «аула» сөздері тиісінше «сел», «сельского», «села» сөздерімен ауыстырылсын.
2.
Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдысай ауылдық округінің әкімі |
М. Қарабатыров |