1. Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округінің әкімінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 10 "Елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-116 санымен тіркелген, 2009 жылғы 9 қыркүйектегі "Шалқар" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және Айшуақ ауылдық округі Бегімбет және Есет ауылдары халқының пiкiрiн ескере отырып, Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ";
мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 14.04.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айшуақ ауылдық округінің әкімі | Е. Әдіманов |