Елді мекендерге көше атауын беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 11 тамыздағы N 10 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 3 қыркүйекте N 3-13-116 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тіліндегі бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 03.11.2014 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелеріндегі "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 17.04.2017 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және Айшуақ ауылдық округі Бегімбет және Есет ауылдары халқының пікірін ескере отырып, Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 03.11.2014 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Айшуақ ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Бегімбет ауылының көшелеріне атау берілсін:
      1) Есет Көтібарұлы көшесі,
      2) Т.Бәсенов көшесі,
      3) І.Үргенішбаев көшесі,
      4) Желтоқсан көшесі,
      5) Жанықұл Сарнияз көшесі,
      6) Әйтеке би көшесі,
      7) Аманбаев Қозыкөрпеш көшесі,
      8) Ж.Жабаев көшесі,
      9) С.Сейфуллин көшесі,
      10) Абай көшесі,
      11) Сағидулла Қарағұлов көшесі,
      12) Молдағұлова көшесі,
      13) Айдос Мұратұлы көшесі,
      14) Амангелді көшесі,
      15) Қарағұл батыр көшесі,
      16) Жангелдин көшесі,
      17) Қошабай би көшесі,
      18) Нияз би көшесі,
      19) Ә.Алдашұлы көшесі
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 17.04.2017 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Айшуақ ауылдық округі халкының пікірін ескере отырып, Есет ауылы елді мекенінің көшесіне атау берілсін:
      1) Ордақонған көшесі.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 17.04.2017 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгеріс енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 17.04.2017 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Айшуақ ауылдық округі әкімі Е. Әдіманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады