Жансүгіров поселкелік округі әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі "Жансүгіров поселкесіндегі Шавров көшесінің атауын Ораз Жұмашев көшесі атауына өзгерту туралы" № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 1 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 ақпанда № 3027 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Жансүгіров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жансүгіров поселкелік округі әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі "Жансүгіров поселкесіндегі Шавров көшесінің атауын Ораз Жұмашев көшесі атауына өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 16 қыркүйегінде № 2-4-91 тіркелген, "Ақсу өңірі" газеттінде 2009 жылдың 26 қыркүйегінде № 39 (9474) жарияланған) № 1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің атауында және бүкіл мәтіні бойынша "поселкесіндегі" сөздері "ауылындағы" сөздерімен, "поселкелік округінің" сөздері "ауылдық округінің" сөздерімен ауыстырылсын;
      аталған шешімнің кіріспесіндегі "4-тармағына" сөздері "4) тармақшасына" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жансүгіров ауылдық округінің бас маманы Шоқпаров Нурлан Нурхановичке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Б. Шарипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады