Талғар қаласының жаңа көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 38-220 шешімі және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 11-23-10 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 31 желтоқсанда № 2991 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының 5-1) тармақшасына құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және Талғар қаласы халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Талғар аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талғар қаласындағы "Мұхтар Әуезов" шағын ауданының солтүстік- батысында орналасқан жаңа көшелерге келесі атаулар берілсін:
      бірінші көшеге "Бәйтерек", екінші көшеге "Ынтымақ", үшінші көшеге "Тәуелсіздік".
      2. Талғар қаласының солтүстік-батысында орналасқан жаңа көшеге - "Еділ Бақытұлы Әділжан" атауы берілсін.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қыдырбек-ұлы Дәрменияр Алғатбекұлына (келісім бойынша) жүктелсін.
      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Р. Садықова
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы М. Бекбосынов
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Д.Теберіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады