РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) Ережесі бекітілсін.
2. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 41 қаулысымен бекітілген |
"Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер.
1. "Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -Басқарма) облыс елді мекендерінің аумағында сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқытық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Қазынашылдық органдарында шоттары болады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Басқарманың егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқы бар.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: пошталық индексi 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78 үй.
9. Мемлекетік органның толық атауы: "Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілермен басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
13. Басқарма қызметінің миссиясы–облыс елді мекендерінің аумағында сәулет, қала құрылысы саласындағы басшылықты жүзеге асыру болып табылады.14. Міндеттері:
1) Жамбыл облысының аумағында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекет саясатын жүргізу;
2) облыс аумағындағы ғимараттар қасбеттерінің және дайындалған жобалау құжаттарының сапасын сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы заңына сәйкес сақталуын қадағалау;
3) облыс аумағында сәулет және қала құрылысы жұмыстарын нормативтік актілерге сәйкес жүргізілуін қадағалау.
15. Функциялары:
1) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлігiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
2) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;
4) облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларының жобаларын (облыстың аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;
5) ведомстволық бағынысты, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
6) құрылыс салудың аумақтық ережелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу және облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
7) облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң шекараларын белгiлеу немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгiзу;
8) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларына келiсiм беру;
9) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру;
11) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
12) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;
13) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен мәліметтер беру;
14) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
15) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу кіреді.
16) "дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдауға қатысу;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
16. Құқықтары мен міндеттері:
Құқықтары:
1) өз құзырында облыстың қала құрылысы саласындағы жоспарлар стратегиясын жетілдіруде, құрылыс кешендерін салу мен дамытуда ұсыныстар енгізеді;
2) өз құзіреті шегінде облыс аумағындағы сәулет және қала құрылысы саласы бойынша облыс әкімдігі актілерінің жобаларын әзірлеп, облыс әкімдігінің қарауына енгізу;
3) сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша орталық атқарушы органдар әзірлеген заңнамалық және өзге де нормативтік- құқықтық актілер жобалары бойынша ұсыныстар енгізу.
4) облыс аумағында құрылыс кешендерін салуға кедергі келтіретін сәулет, қала құрылысы саласында жекелеген орталық және жергілікті атқарушы органдарының шешімдерінің пәрменділігін тоқтатуға және күшін жоюға ұсыныс енгізеді;
5) тарихи және мәдени ескерткіштерге қорғауға қатысты әзірленген нормативтік-құқықтық актілерге ұсыныстар енгізеді;
6) мемлекеттік және жергілікті органдардан, кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан меншік құрылымы мен ведомстволық бағынушылығына қарамастан, сондай-ақ облыстық басқармалар мен мекемелерден, жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарынан, сәулет, қала құрылысы құзырлығына жататын мәліметтерді келісілген мерзімде белгіленген тәртіппен жинақтайды;
7) сәулет және қала құрылысы саласында белгіленген тәртіппен және кезектілікпен статистикалық материалдарды жинақтайды;
8) өз бетінше құрылыс жүргізген, "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы" заңын, мемлекеттік басқару органдарының қаулыларын бұзған заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар туралы ұсыныстар береді;
9) белгіленген тәртіппен азаматтар мен ұйымдардың арыз-шағымдарын қарау;
10) өз құзіреті шегінде соттарда, мемлекеттік биліктің өзге де органдарында Басқарма мүдделерін білдіруге қатысады.
Міндеттері:
1) Жамбыл облысының аумағында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекет саясатын жүргізу;
2) облыс аумағындағы ғимараттар қасбеттерінің және дайындалған жобалау құжаттарының сапасын сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы заңына сәйкес сақталуын қадағалау;
3) облыс аумағында сәулет және қала құрылысы жұмыстарын нормативтік актілерге сәйкес жүргізілуін қадағалау.
4) Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің "Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру" және "Сәулет жоспарлау тапсырмаларын беру", "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру" көрсететін мемлекеттік қызметтеріне мониторинг жүргізу;
5) "мекен-жай тіркелімі" ақпараттық жүйесінің мониторингін жүргізу;
6) облыстық мәслихат бекіту үшін облыстық қала құрылысы Кеңесі ведомство аралық комиссия құрамын облыстық мәслихатқа ұсыну.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.
17. Басқармаға басшылықты басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. Басқарманың бірінші басшысын Жамбыл облысының Әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
1) басқарманың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
2) басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) барлық органдарда Басқарма мүдесін қорғайды;
4) өз қызметкерлерінің фунцияларын белгілейді;
5) келісім-шарттар жасайды, сенімхаттар береді;
6) банкіде есепшоттар ашады;
7) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
8) қызметкерлерді марапаттау және шара қолдануды анықтайды;
9) басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің іс-шараларын бекітеді;
20. Бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Басқарманың басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі.
4. Мемлекеттік органның мүлкі.
22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
23. Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.