"Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 79 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 2197 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 35 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 26.02.2024 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексіне және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 113 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1686 болып тіркелген, 2008 жылдың 10 маусымында № 90 "Ақ жол" және № 80 "Знамя труда" газеттерінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      2-тармақта:

      кестеде:

      "Көгал, пішендеме" деген жолдағы "30" деген сандар "35" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Орман, бұта" деген жолдағы "25" деген сандар "35" сандармен ауыстырылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Жолдасбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады