"Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 76 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 мамырдағы № 2209 болып тіркелді. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 171 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 30.07.2015 № 171 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) Ережесі бекітілсін.
      2. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Жолдасбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 наурыз
№ 76 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Басқарма) тұрғын халықтың аман-сау, қауіпсіз және қолайлы өмір сүруінің негіздері ретінде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, табиғи ресурстарды тиімді, орнықты пайдалану, орман-тоғайлы аумақтарды ұлғайту және өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биоалуандығын сақтау, қоршаған ортаның сапасын жақсарту, су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері.
      Қазақстан Республикасы, почталық индекс 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 133 "А".
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарма қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. Басқармаға кәсіпкерлік субьектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: тұрғын халықтың аман-сау, қауіпсіз және қолайлы өмір сүруінің негіздері ретінде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, табиғи ресурстарды тиімді, орнықты пайдалану, орман-тоғайлы аумақтарды ұлғайту және өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биоалуандығын сақтау, қоршаған ортаның сапасын жақсарту, су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау.
      15. Міндеттері:
      1) міндеттелеген функциялар мен өкілеттікке сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісі функциясын атқару;
      2) орман, су, аң шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
      3) Табиғат қорғау іс-шаралары стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Қоршаған ортаны қорғауға, жақсартуға, су, орман және аңшылық ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің өзге де ресурстарын реттеу мен тиімді пайдалануға, халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басымдықты аймақтық-экологиялық бағдарламалар мен іс-шараларды қаржыландыру.
      16. Функциялары:
      1) мемлекеттiк орман саясатын қалыптастыру және оны iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады;
      2) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;
      3) мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
      4) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiру техникаларын, көлiктерi мен басқа да құралдарын ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртiбiн айқындайды, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қоғамдық өрт сөндiру бiрлестiктерiнiң жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi;
      6) орманда өрт қаупi болатын маусымда мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағар май материалдарының резервiн жасайды;
      7) шаруа және фермер қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына iргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбiн, аңыздарды және өзге де өсiмдiк қалдықтарын өртеуiне, қау шөбiн өртеуiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
      8) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастырады;
      9) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;
      10) орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      11) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын шектеу туралы шешiм қабылдайды;
      12) уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлейдi;
      13) өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдайды;
      13-1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерiн (сүректi түбiрiмен босату үшiн мөлшерлемелердi қоспағанда) жобаларын әзiрлейдi;
      14) уәкiлеттi органның және облыстың жергiлiктi өкiлдi органының қатысуымен өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
      15) мемлекеттiк орман қоры аумағында аң аулау мен балық аулау ережелерiн сақтауды қамтамасыз етеді;
      16) биотехникалық iс-шараларды жүргiзеді;
      17) жануарлар дүниесiнiң есебiн жүргiзудi қамтамасыз етеді;
      18) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң тiзбесiн әзірлейді және облыс әкімдігіне бекiтуге ұсынады;
      19) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдердің жобаларын дайындайды;
      20) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiнде шешiмдердің жобаларын дайындайды;
      21) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өздерiне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асырады;
      22) жануарларға ауырып қалған, бекiтiлiп берiлмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде олардың қырылу қаупi төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады;
      23) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      24) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi ұйымдастырады және оларға мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      25) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлейдi және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi;
      26) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына бередi;
      27) келiсiмшарт жасасу кезiнде өңiр халқының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық мүдделерiнiң сақталумен байланысты мәселелердi шешу үшiн жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздерге қатысады;
      28) аумақтарды әлеуметтiк дамыту бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттық мiндеттемелердi орындауының мониторингiн жүзеге асыруға қатысады;
      29) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндiрудi жүргiзуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн конкурстарды дайындайды және ұйымдастырады;
      30) жер қойнауын пайдаланушымен келiсiмшарттардың талаптары туралы келiссөздер жүргiзедi және жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындайды;
      31) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
      32) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттарды жасасады, тiркейдi және сақтайды;
      33) жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды бередi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге салу жөнiндегi мәмiлелердi тiркейдi;
      34) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темiржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезiнде жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат бередi;
      35) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етедi;
      36) жер қойнауын пайдаланумен байланысты, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар объектiлердiң сақталуына жәрдемдеседi;
      37) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерi мен жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған, айрықша экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбелерiн бекiтедi;
      38) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндiруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешiмдер қабылдайды;
      39) кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келiсiмшарттық мiндеттемелердiң орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
      40) II. III. IV санаттары нысандарына мемлкеттік экологиялық сараптама жүргізеді;
      41) сараптама жұмыстарын жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды жүргізуге лицензиясы бар сыртқы сарапшыларды (мамандандырылған сараптама органдарын және жеке азаматтарды) тартады;
      42) II. III. IV санаттағы объектілерге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат береді;
      43) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
      44) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында келісімдер және меморандумдар бекітеді;
      45) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;
      46) су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және оларды іске асырады;
      47) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау бойынша бассейндiк бағдарламаларды iске асырады;
      48) жер үстi көздерiнен су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлейді;
      49) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерін бөледі;
      50) жер учаскелері иелерінің тапсырыстары бойынша жер мелиорациялауды жоспарлайды;
      51) су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнатады және оларды шаруашылықта пайдалану тәртіптемесін белгілейді;
      52) шағын су объектiлерiнiң сарқылуын, ластануын және тозғындауын болғызбау мақсатында су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк бағдарламаларында және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларында оларды қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi жеке қарастырылады;
      53) судың зиянды әсерлерінің алдын алу және оларды жою жөнiнде iс-шаралар жүргiзеді;
      54) аса қауіпті су шаруашылығы құрылыстары мен жүйелерін қалпына келтіру бойынша іс-шараларды қаржыландырады;
      55) пайдалануға берілетін нысандарды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдап алу және тіркеуден өткізу жұмыстарын ұйымдастырады;
      56) пайдалануға қабылданатын нысанның құрылысын техникалық қадағалау мен қабылдап алуды ұйымдастырады;
      57) елді мекендер шегінде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      58) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      59) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері.
      Құқықтары:
      1) Мемлекттік сатып алудың ұйымдастырушысы және тапсырыс берушісі болуға;
      2) Жеке және заңды тұлғалардан орман қоры мен жануарлар дүниесін және өзге де өсімдіктер ресурстарын пайдалануда белгіленген ережелер норамлар мен шектеулерді сақтауды талап етуге және бұзушылықтарға жол берілген жағдайда табиғат пайдалану құқығын тоқтату туралы тыйым салуға;
      3) мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан қолданыстағы заңнамаларға сәйкес ақпарат және құжаттар сұратуға және алуға;
      4) нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
      5) сотта талапкер және жауапкер болуға;
      6) басқармаға қарасты ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша ұсыныстар енгізуге;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
      Міндеті:
      1) Басқарма өз функцияларын қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Басқарма басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өзінің бұйрығымен мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оларға тәртіптік жаза қолданады, сыйақылар береді, материалдық көмек көрсетеді, іссапар құжаттарын рәсімдейді, жыл сайынғы еңбек демалыстарын береді;
      2) басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулығын бекітеді;
      3) басқаманың ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
      4) басқарманың шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржыға иелік етеді;
      5) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      6) заңда белгіленген тәртіппен басқармаға қарасты мекемелердің штаттық кестесі мен құрылымын бекітеді;
      7) заңда белгіленген тәртіппен қарамағындағы Мекемелердің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Олардың орынбасарларын, бас бухгалтерлерін, орманшыларын, аңшылықтанушыларын, барлық санаттағы орман инженерлерін қызметке тағайындау мен босатуға келісім береді;
      8) мекеме атынан сенім хатсыз әрекет етеді;
      9) барлық органдарда Мекеме мүддесін қорғайды;
      10) банкте есепшоттар ашады және мәмілелер жасайды.
      Басқарма басшысына дербес жауаптылық белгілене отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін тікелей міндет жүктеледі.
      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
      24. Басқармада бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

"Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың тізбесі

      1) "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Байзақ ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бұрыл-Байтал ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жуалы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Көктерек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қарақоңыз ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қордай ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ормандарды қорғау жедел қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Жамбыл су қоймалары" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Байзақ ауданынының "Базарбай" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      18) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Жамбыл ауданынының "Талас-Аса" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      19) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қордай ауданынының "Қордай берекесі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      20) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Меркі ауданынының "Аспара" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      21) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Шу ауданынының "Тасөткел" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      22) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Талас ауданынының "Талас" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      23) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Т.Рысқұлов ауданынының "Құлан-су" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
      24) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Сарысу ауданынының "Мұрап" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады