РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты шешIм ҚАБЫЛДАДЫ:
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Жиделі ауылы Жамбыл облысы Шу ауданының әкімшілік бағыныстылығына берілсін.
Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімі аппаратының басшысы Р.С. Рахманбердиевке жүктелсін.
Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс Әкімі | К. Көкрекбаев |
Облыстық мәслихаттың | |
сессиясының төрағасы | М. Ескендіров |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
Б. Қарашолақов |