"Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2013 жылғы 8 қазандағы № 19-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 28-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 мамырда № 2207 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 42-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 15.02.2019 № 42-6 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекiту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2013 жылғы 8 қазандағы № 19-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2037 болып тіркелген, 2013 жылы 20 қарашада № 47 "Жамбыл Тараз" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Аталған шешіммен бекітілген Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасының:

      7 тармағындағы "50 000" сандары "100 000" сандарымен ауыстырылсын, "(елу мың)" сөздері "(жүз мың)" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Тараз қалалық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Қ. Жетібаев
      Тараз қалалық
      мәслихатының хатшысы Б. Нарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады