"Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қаласы мәслихатының 2013 жылғы 8 қазандағы № 19-7 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 37-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қаңтарда № 2477 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 42-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 15.02.2019 № 42-6 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекiту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2013 жылғы 8 қазандағы № 19-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2037 болып тіркелген, 2013 жылы 20 қарашада № 47 "Жамбыл Тараз" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      3 тармақ келесі басылымдағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) ең төмен күнкөріс деңгейі – Жамбыл облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс"

      7 тармақтағы:

      "100 000" сандары "150 000" сандарымен ауыстырылсын, "(жүз мың)" сөздері "(жүз елу мың)" сөздерімен ауыстырылсын;

      8 тармақ келесі басылымда жазылсын:

      "Ең төмен күнкөріс деңгейінің 10 еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруымен ауыратын, амбулаториялық жағдайда ем жалғастырушы тұлғаларға 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, мерзімді (ай сайын, алты ай бойында) әлеуметтік көмек көрсетіледі.";

      9 тармақтың төртінші абзацы келесі басылымда жазылсын:

      "Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде, ең төмен күнкөріс деңгейінің 10 еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар мұқтаж азаматтар алты ай ішінде уәкілетті органға өтініш береді.";

      10 тармақтың үшінші абзацы келесі басылымда жазылсын:

      "Әлеуметтік көмек үшін, ең төмен күнкөріс деңгейінің 10 еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, жалпы білім беретін мектептердің мұқтаж бітірушілері, ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін уәкілетті органға өтініш береді.";

      11 тармақ келесі басылымда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне табиғи газ төлемі және телефонның абоненттік ақысы үшін шығындарды өтеуге, мерзімді (ай сайын) әлеуметтік көмек көрсетіледі".

      1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық мәслихатының
      хатшысы Б. Нарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады