Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 508 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 ақпанда № 10186 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 408 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.06.2016 № 408 бұйрығымен.

      «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З. Оразалиева):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 20.07.2015 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е. Иманғалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                               А. Сәрінжіпов

«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
_____________ Е.Ыдырысов
2014 жылғы 30 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 508 бұйрығымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын
балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді
есепке алу қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
      2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алуды Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері жүргізеді.
      3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктер есепке қою үшін шетелдердегі мекемелерге келесі құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға орай «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аккредиттеген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қолдаухаты;
      2) оларды есепке қою туралы жазбаша өтініш (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін және туған жерін, төлқұжат нөмірін, кім және қашан бергенін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған);
      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес фотосуреті бар толтырылған есепке алу карточкасы.
      4. Консулдық лауазымды тұлға құжаттар берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдіруші ретінде оларды есепке қойып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке қойылғаны туралы тиісті анықтама береді.
      5. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған не құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағында қарастырылған белгіленген нысанға сай келмейтін жағдайда шетелдегі мекемелер құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      6. Шетелдік жіберген кемшіліктерді жойғаннан кейін құжаттар шетелдегі мекемеге қайта тапсырылады.
      7. Есепке алу карточкалары алфавит тәртібімен «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктер» бөлімі бойынша есепке алу үшін қабылданған картотекада сақталады.
      8. Есепке алынған шетелдіктер туралы ақпарат жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға әрі қарай жолдау үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне жіберіледі.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 20.07.2015 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының 
азаматтары болып табылатын 
балаларды асырап алуға тілек
білдірген шетелдіктерді есепке
алу қағидаларына     
1-қосымша         

Нысан

Агенттік атауы
(ресми бланкіде)

Мекенжай:
тел: «____» _____ 20___ ж.                                   № ______

Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемесінің 
атауы          

Қолдаухат

      «____» (халықаралық агенттік атауы, ____ ж. «____» лицензия нөмірі ______, ҚР аккредиттеу мерзімі) Қазақстан Республикасының азамат(тар)ы болып табылатын баланы (балаларды) асырап алуға тілек білдірген тұлғаны/тұлғаларды консулдық есепке қоюды сұрайды.
      Бұл азамат Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына сай келеді.

      Лауазымды тұлғаның қолы               Т.А.Ә. __________________

Қазақстан Республикасының  
азаматтары болып табылатын 
балаларды асырап алуға тілек
білдірген шетелдіктерді есепке
алу қағидаларына      
2-қосымша          

Нысан

_____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы)

3x4
Фотосуретке
арналған орын

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға тілек білдірген шетелдікті есепке алу карточкасы

1.

Т.А.Ә.


2.

Туған күні және жері


3.

Паспорттың нөмірі, кім және қашан
берген


3.

Азаматтығы


4.

Тұрғылықты мекенжайы


5.

Білімі


6.

Жұмыс орны


7.

Ерлі-зайыптылардың Т.А.Ә.


8.

Күні және туған жері


9.

Паспорттың нөмірі, кім және қашан
берген


10.

Азаматтығы


11.

Тұрғылықты мекенжайы


12.

Білімі


13.

Жұмыс орны


Қолы _______________________
20__ жылғы «____» __________

Қазақстан Республикасының 
азаматтары болып табылатын 
балаларды асырап алуға тілек
білдірген шетелдіктерді есепке
алу қағидаларына      
3-қосымша          

Нысан

20__ ж «_____» ___________                                     №_____

АНЫҚТАМА

Осымен ___________________________________________ азаматы/азаматшасы
                  (елдің атауы)
Т.А.Ә. (толық) ______________________________________________________
Туған күні___________________________________________________________
Т.А.Ә. (толық) ______________________________________________________
Туған күні __________________________________________________________
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға
тілек білдірген тұлға/тұлғалар ретінде есепке алынғандығын растаймыз.

      Консул            қолы                  Т.А.Ә. ________________

Мөрге арналған орын
(шетелдегі мекеме)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады