Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 12.06.2015 № 32/07 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төмендегі:
1) басым ауылшаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Басым дақылдардың тізбесін, субсидиялар нормаларын, субсидияланатын тыңайтқыштар мен гербицидтердің түрлерін белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 40/07 қаулысының (2013 жылдың 2 тамызында № 2378 Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2013 жылғы 17 тамыздағы № 141-142 (21 547) "Орталық Қазақстан" және 2013 жылғы 17 тамыздағы № 116 (21 449) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.
3. "Басым ауылшаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын белгілеу туралы" қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
25 шілде 2014 жыл
Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 22 шілдедегі
№ 37/01 қаулысына
1-қосымша
Басым ауылшаруашылығы дақылдарының тізбесі
р/н |
Басым дақылдардың атауы |
1. |
бидай |
2. |
арпа |
3. |
сұлы |
4. |
бұршақты дақылдар (нұттан басқа) |
5. |
көпжылдық шөптер |
6. |
біржылдық шөптер |
7. |
сүрлемдік жүгері |
8. |
майлы дақылдар |
9. |
көкөністік бақша дақылдары |
10. |
1-ші жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік бақша дақылдары және картоп |
11. |
2-ші жылдан бастап тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік бақша дақылдары және картоп |
12. |
картоп |
13. |
қорғалған топырақтағы көкөністер (2 - дақыл айналымға) |
Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 22 шілде
№ 37/01 қаулысына
2-қосымша
Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
р/н № |
Басым дақылдардың атауы |
1 гектарға бюджеттік субсидия нормалары, теңге |
1. |
бидай |
300 |
2. |
арпа |
3 383 |
3. |
сұлы |
3 000 |
4. |
бұршақты дақылдар (нұттан басқа) |
3 000 |
5. |
көпжылдық шөптер |
5 000 |
6. |
біржылдық шөптер |
5 000 |
7. |
сүрлемдік жүгері |
10 000 |
8. |
майлы дақылдар |
3 300 |
9. |
оның ішінде зығыр |
2 300 |
10. |
көкөністік бақша дақылдары |
14 500 |
11. |
1-ші жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік бақша дақылдары және картоп |
150 000 |
12. |
2-ші жылдан бастап тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік бақша дақылдары және картоп |
25 000 |
13. |
картоп |
4 500 |
14. |
қорғалған топырақтағы көкөністер (2 - дақыл айналымға) |
4 000 000 |