Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты, ШЕШТІ:
1. Дәрілік зат тегін берілетін амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша: "Ювенильді идиопатиялық артрит" диагнозы бар азаматтарға дәрілік заты берілсін (рецепт бойынша).
2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Әдекенов С.М) жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
облыстық мәслихаттың хатшысы | Н. Дулатбеков |