Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 03.07.2024 № 165 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі ІІ сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 32 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-1-154 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы № 064 (970) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде (одан әрі – Ереже):
1) 3 тармақтың екінші бөлігіндегі "6" саны "4" санына ауыстырылсын, "8" саны "6" санына ауыстырылсын;
2) 7 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"7. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен көрсетіледі.";
3) 13 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"13. Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсанның соңына дейін мерзімге оны алу үшін өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады. Өтініш берген ай болып қосымша құжаттармен бірге өтініш берген ай есептеледі.";
4) 17 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"17. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.";
5) Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне 1 қосымша алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.02.2015 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.V шақырылған Қарағанды | |
қалалық мәслихатының | |
кезекті ХХХІХ сессиясының | |
төрағасы | Б. Толықпаев |
Қарағанды қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Оспанов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қарағанды қаласының | |
жұмыспен қамту және әлеуметтік | |
бағдарламалар бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Ж. Ысқақов |
2014 жылғы 20 тамыз