Қарағанды қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы V шақырылған XLIV сессиясының № 423 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда № 3048 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 96 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 27.09.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне осы шешімге қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

В. Крючков

Қалалық мәслихат хатшысы

Қ. Оспанов


      КЕЛІСІЛДІ:

"Қарағанды қаласының

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі"

мемлекеттік мекемесінің басшысы

Ж. Ысқақов



      2015 жылғы 25 ақпан


  Қарағанды қалалық мәслихатының
  2015 жылғы 25 ақпандағы
  XLIV сессиясының № 423 шешіміне
  қосымша

Қарағанды қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 162 (1396) "Взгляд на события" газетінде, 2015 жылғы 8 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

      мемлекеттік тілдегі 9 тармақтың 1) тармақшасы бесінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге;".

      2. Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы ХХХІХ сессиясының № 338 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі ІІ сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2739 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 116 (1350) "Взгляд на события" газетінде, 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі 3 тармақта "қолдансықа" сөзі "қолданысқа" сөзімен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады