Қызылорда облысындағы меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 02 шілдедегі № 633 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы 02 шілдедегі № 203 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 шілдеде № 4731 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері белгіленсін.

      2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С.Кожаниязовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
      Қызылорда облыстық
      мәслихатының кезекті
      28-сессиясының төрағасы А. Оңғарбаев
      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы Б. Еламанов

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2014 жылғы "02" шілдедегі
  N 633 қаулысына және Қызылорда облыстық мәслихатының
  2014 жылғы "02" шілдедегі
  N 203 шешіміне қосымша

Қызылорда облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері

N

Қала және аудандар атауы

Көлемі (гектар)

1

Арал

50

2

Қазалы

50

3

Қармақшы

50

4

Жалағаш

25

5

Сырдария

30

6

Шиелі

20

7

Жаңақорған

30

8

Қызылорда қаласы

5

      Ескертпе: Жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін осы белгіленген ең аз мөлшерден төмен көлемдегі учаскелерге бөлуге жол берілмейді және ауыл шаруашылығы мақсатындағы суарылмайтын жер учаскелеріне қолданылады.

      Ескертпе: "Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий жарияланды.

      Ескерту. Ескертпемен толықтырылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 15.02.2017 № 707 қаулысымен және Қызылорда облыстық мәслихатының 15.02.2017 № 95 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады