Арал ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі N 154 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 мамырдағы N 4669 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 169 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 169 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы N 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берiлiп отырған Арал ауданының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң Қағидасы бекiтiлсiн.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Арал аудандық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясының төрағасы С. Ниязов
      Арал аудандық мәслихатының хатшысы К. Данабай

  Арал аудандық мәслихатының
2014 жылғы "11" сәуірдегі
N 154 шешімімен бекітілген

Арал ауданының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Арал ауданының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидасы (бұдан әрi – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы N 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларына сәйкес әзiрлендi және Арал қаласының, ауылдың, кенттердің, ауылдық округтердiң аумағындағы ауылдың, көшенiң, көппәтерлi тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Арал ауданының Арал қаласының, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердiң аумағындағы ауылдың, көшенiң, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi – бөлек жиын) жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.

2. Бөлек жиындарды өткiзу тәртiбi

      3. Бөлек жиынды Арал қаласының, кенттердің, ауылдық округтiң әкiмдерi шақырады.

      Арал ауданы әкiмiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.

      4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi Арал қаласының, кенттердің, ауылдық округтің әкiмдерi ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi ауылдың, көшенiң, көппәтерлi тұрғын үйдiң қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.

      7. Бөлек жиынды Арал қаласының, кенттердің, ауылдық округ әкiмдерi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.

      Арал қаласының, кенттердің, ауылдық округ әкiмдерi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң саны тең өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде айқындалады.

      Бұл ретте әрбір елді мекеннің көшелерінен және көппәтерлі тұрғын үйі тұрғындары арасынан өкіл ретінде екі адамнан қатыстырылады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Арал қаласының, кенттердің және ауылдық округ әкiмiнiң аппаратына бередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады