Жосалы кентіндегі "1 мамыр көшесін Аяған Бохановтың есімімен қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті әкімінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 297 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 қаңтарда № 4841 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 14 тамыздағы № 7 қорытындысына сәйкес Жосалы кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жосалы кентіндегі «1 мамыр» көшесінің атауы Аяған Боханов есімімен қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жосалы кенті әкімінің орынбасары Ш.Сыдықовқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жосалы кентінің әкімі С.Медеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады