Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 06 маусымдағы № 33-4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 маусымда № 4711 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 46-4 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 23.09.2015 № 46-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі - кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерiнiң (бұдан әрі - алушы) кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп беру) 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріліп берілсін.

      2. Келесі тәртіп айқындалсын:

      1) оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп беруді “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдармалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

      өтініш;

      алушының жеке басын куәландыратын құжат;

      кемтар балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі;

      тұрғылықты тұрақты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;

      мүгедектігі туралы анықтама;

      мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасынан үзінді;

      банкта шоттың бар болуы туралы құжат;

      3) cалыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;

      4) Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіру үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне тиісті білім беру кезеңіне тоқсан сайын аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 22.07.2015 № 45-14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық
      мәслихатының XХХІІІ
      сессиясының мәслихатының
      төрағасы А. КИПШАКБАЕВ
      Жалағаш аудандық
      мәслихатының хатшысы К. СҮЛЕЙМЕНОВ
      КЕЛІСІЛДІ:
      “Жалағаш аудандық экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі”
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ______________________Б.Тәшімбетов
      “06” маусым 2014 жыл.
      “Жалағаш аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ______________________Э.Құттымбетова
      “06” маусым 2014 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады