Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіру туралы
Күшін жойғанҚызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 46-4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қазанда № 5189 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 01 тамыздағы № 5-3 шешімімен
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Жалағаш аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру мөлшері 9 (тоғыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1) оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп беруді “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдармалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;
2) оқытуға жұмсаған шығындарды өндіру үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тиісті білім беру кезеңіне тоқсан сайын аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
3) шығындарды өндіруді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар туындағанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде, мүгедек баланың тұрғылықты жерін ауыстыруы), төлемдер аталған жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
3. “Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіру туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 06 маусымдағы № 33-4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 4711 нөмірімен тіркелген, “Жалағаш жаршысы” газетінде 2014 жылғы 05 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз